Біздің серіктесіміз болыңыз!


Жақсы техникалық қолдауы және 50%-дан 60%-ға дейін және одан жоғары жеңілдіктері бар 1С:Предприятие (1С:Кәсіпорын) желісінің оңай сатылатын, сапалы, танымал бағдарламалары.

Ынтымақтастықтың қолжетімді бастапқы шарттары.

Сіздің ұйымыңызды орталық баспасөз бен ірі компьютерлік және экономикалық көрмелерде орталықтандырылған жарнамалау, жергілікті баспасөздегі жарнамаға жұмсалатын шығындарыңызды ішінара өтеу жүзеге асырылады.

Әдістемелік көмек: жарнамалық және маркетингтік материалдар, үлгілік көрсетілімдер, технологиялық және ақпараттық тарату, телефон және электрондық пошта арқылы серіктестерді техникалық қолдау, тұрақты негізде оқыту, біліктілікті арттыру курстары, тұрақты дилерлік семинарлар.


Серіктесіміз болу оңай, бізбен жұмыс істеу – тиімді

Құрметті әріптестер!

Егер Сіздің ұйымыңыз:

  • есептеу техникасына байланысты мәселелермен (компьютерлер мен ілеспе тауарларды жеткізумен, бағдарламалық құралдарды әзірлеумен және/немесе енгізумен, жүйелік интеграциямен, жергілікті желілерді орнатумен және т.б.) айналысса;

  • бағдарламалық өнімдерді көтерме және бөлшек сауда арқылы таратса;

  • техникалық, компьютерлік, кітап және оларға жақын бағыттардағы дүкендерде сауда алаңдары болса;

  • бухгалтерлік ортада байланыстары болса (аудит, бухгалтерлердің курстары, салық инспекциялары);

  • оқу орталығы немесе білім беру қызметімен айналысса,

Сізге экономикалық, іскерлік және үй бағыттарындағы ең танымал бағдарламалық өнімдерді таратуға қатысуды ұсынамыз.

БІЗ ЖАҚСЫ ТЕХНИКАЛЫҚ ҚОЛДАУЫ БАР ОҢАЙ САТЫЛАТЫН, БАҒАСЫ БОЙЫНША ҚОЛЖЕТІМДІ, САПАЛЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ БАҒЫТТАҒЫ ӨНІМДЕРДІ ҰСЫНАМЫЗ

Біз экономикалық бағыттағы әмбебап бағдарламалық өнімдердің тұтас қатарын ұсынамыз, олардың ішінде ең кең таралғандары 1С:Предприятие (1С:Кәсіпорын) жүйесінің мынадай бағдарламалары болып табылады:

  • "1С:Бухгалтерия для Казахстана" (1С:Қазақстан үшін бухгалтерия),
  • "1С:Управление торговым предприятием для Казахстана" (1С:Қазақстан үшін сауда кәсіпорнын басқару),
  • "1С:Управление торговлей для Казахстана" (1С:Қазақстан үшін сауданы басқару),
  • "1С:Зарплата и Управление персоналом для Казахстана" (1С:Қазақстан үшін жалақы және персоналды басқару).

1С:Предприятие (1С:Кәсіпорынның) құрамдастары бір пайдаланушы немесе желілік нұсқаларда бір-бірінен дербес түрде де, бірлесіп те пайдаланылуы мүмкін. Осы бағдарламалардың желілік нұсқаларының клиент-серверлік нұсқалары және қашықтағы жүйелердің дерекқорларын автоматты түрде қағытпалай отырып, үлестірілген шешімдерді құру мүмкіндігі бар. Жеткізілетін жүйелердің конфигурациялары дайын түрде пайдаланылуы мүмкін, алайда, олардың маңызды артықшылығы нақты бір пайдаланушының талаптарына сәйкес пысықтау мүмкіндігі болып табылады. 1С:Предприятие (1С:Кәсіпорын) бағдарламалары жүйесінің сыртқы құрамдастарын жасау технологиясы және басқа да бірқатар шешімдер осы бағдарламаларды басқа өндірушілердің бағдарламаларымен интеграциялауға, есепке алу жүйелеріне сан алуан түрлі мамандандырылған жабдықтарды, кассалық аппараттарды, штрих-код сканерлерін, магниттік карточкаларды оқығыштарды, электрондық таразыны және т.б. қосуға мүмкіндік береді.

Есепке алуды автоматтандырудың ең кең тараған бағдарламасы, әрине, «1С:Бухгалтерия для Казахстана» (1С:Қазақстан үшін бухгалтерия), - синтетикалық және талдамалық есепке алуды ұйымдастыруға, есептілік пен бастапқы құжаттарды дайындауға арналған әмбебап бухгалтерлік бағдарлама болып табылады.

1С:ФРАНЧАЙЗИ СЕРІКТЕС ҚАЛАЙ БОЛУҒА БОЛАДЫ

Ынтымақтастықтың ең перспективалы және қарқынды дамып келе жатқан нысандарының бірі "1С:Франчайзинг" болып табылады. Франчайзингтік желі 1С:Предприятие (1С:Кәсіпорын) бағдарламалар жүйесін білікті таратуды, орнатуды, баптауды, енгізуді және сүйемелдеуді қамтамасыз етуге арналған. 1С:Предприятие (1С:Кәсіпорын) бағдарламаларын сапалы енгізуге деген сұраныс өте жоғары, мұндай жұмыстардың нарықтық бағасы үнемі өсуде. "1С:Франчайзи" бизнесін ұйымдастыру шағын бастапқы шығындарды және 3000 рубль мөлшерінде тоқсан сайынғы жарнаны төлеуді талап етеді. Франчайзи ұйымның мамандары 1С:Предприятие (1С:Кәсіпорын) өнімдерін білуге аттестаттаудан өтуге тиіс. 1С:Франчайзи серіктестерінің қызметтері орталықтандырылған түрде жарнамаланады. Практикалық жұмыста вендордың ақпараттық, әдістемелік және технологиялық қолдауы - зерделеу үшін бағдарламалық өнімдердің NFR-көшірмелері, 1С:Бағдарламаларды жаңарту сервисі арқылы жаңартуларға қол жеткізу, ай сайын бағдарламалардың өзекті дистрибутивтері бар DVD-дискілерді алу мүмкіндігі, 1С:Франчайзи серіктесінің қызметкерлерін тұрақты түрде оқыту және басқа да көптеген мәселелер үлкен маңызға ие.

Жоғары және орта білім беру мекемелерімен белсенді ынтымақтастық жасайтын Сертификатталған Оқыту Орталықтарының тұтас желісі бар.

СЕРІКТЕСТЕРГЕ ӨНІМДЕРІМІЗДІ САТУҒА КӨМЕКТЕСЕМІЗ

Орталық газеттер мен журналдарда 1С:Предприятие (1С:Кәсіпорын) желісінің өнімдері мен франчайзингтік желіні үнемі жарнамалау жүреді. Сонымен қатар, біз серіктестермен бірге 1С:Предприятие (1С:Кәсіпорын) желісінің өнімдері жарнамаланатын әртүрлі көрмелерге, семинарларға, конференцияларға қатысамыз (жылына орта есеппен 50-ден астам іс-шараға қатысамыз). Серіктестер біздің стендтеріміздегі іс-шараларға қатысып, жаңа пайдаланушы клиенттерді алуға мүмкіндік алады.

Барлық басылымдармен дербес жұмыс істеу мүмкін емес, сондықтан Сіздің жергілікті жарнамаға жұмсалатын шығындарыңызды ішінара өтеу технологиясы жасалған. Мәселен, егер Сіз өз деректемелеріңізді көрсете отырып, біз ұсынған үлгілік жарнаманы орналастырсаңыз, біз Сізге бұл шығындарды бағдарламалық өнімдерімізбен өтейміз. Франчайзи серіктестер үшін өтемақының ықтимал мөлшері - есепті кезеңдегі серіктес айналымының 20%-ынана дейін.

Біз серіктестерімізге тегін әдістемелік көмек көрсетеміз. Біз жарнамалық материалдарды, типтік жарнамалардың үлгілерін, жаңа нұсқалардың шығуы туралы анонсты, жарнамалық, әдістемелік ақпараты бар СD-дискілерді үнемі дайындап, Сізге береміз, франчайзилер үшін релиздерді, пысықтау тізімдерін және басқа да технологиялық материалдарды таратуды жүзеге асырамыз. Серіктестер бағдарламалық өнімдерді көрсетудің үлгілік әдістемесін, үлгілік баптауларды, анықтамалықтарды және басқа әдістемелік материалдарды маңызды демеу деп есептейді. Біз дилерлер үшін мынадай маркетингтік материалдар мен кәдесый өнімдерін: пакеттерді, папкаларды, қаламдарды, плакаттарды, аудио және бейнематериалдарды және т.б. таратамыз.

Серіктестік семинарлар өткізіледі. Әдетте, Қазақстанда үлкен әріптестік семинар жылына бір рет - көктемде өткізіледі, бірақ қажет болған кезде жылына бірнеше іс-шара өткізілуі мүмкін. Семинарларда бағдарламалық өнімдердің техникалық ерекшеліктері түсіндіріліп қана қоймай, сондай-ақ нарықтың жай-күйі туралы ақпарат беріледі, бағдарламалық өнімдерді сату және енгізу әдіс-тәсілдеріне оқыту жүргізіледі. Сіздің басқа серіктестермен тәжірибе алмасу мүмкіндігіне ие болуыңыз өте маңызды.


Нарықтағы стратегиямыз:

ҚОЛЖЕТІМДІЛІК ПЕН АШЫҚТЫҚ

Біз тарататын барлық бағдарламалық өнімдерді түпкілікті пайдаланушылар оңай игереді, төмен бағамен сатып алады және Қазақстанның кез келген жерінде серіктестік желі арқылы қолжетімді болады.

СЕНІМДІЛІК ПЕН МІНДЕТТІЛІК

Біз әзірлеу мұқияттылығына, сатуға дейінгі тестілеуге және өнімді сатудан кейінгі сүйемелдеуге көп көңіл бөлеміз (шығындарымыздың шамамен 45%-ы). Біз бизнесте сенімді, болжамды және міндетті серіктестер болуға тырысамыз.

ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫҢ ӨЗАРА ТИІМДІЛІГІ

Біз әрқашан өз артықшылықтарымызды ғана емес, сондай-ақ серіктестеріміздің мүдделерін де түсініп, ескеруге ұмтыламыз. Біз серіктестік желі арқылы сату көлемінің өсуіне тікелей мүдделіміз, сондықтан серіктестерімізге ынтымақтастықтың ең жақсы шарттарын ұсынуға, барынша қолдау көрсетуге тырысамыз.

Бұл бізге Қазақстанның 30-дан астам қаласында 800-ге жуық тұрақты серіктес алуға мүмкіндік берді. 1С:Франчайзинг 400-ден астам кәсіпорынның желісін білдіреді, олардың мамандары есепке алу және кеңсе жұмысын автоматтандыру жөніндегі кешенді қызметтер көрсету бойынша жоғары біліктілігін растады.

НЕЛІКТЕН БІЗ СЕРІКТЕСТЕР АРҚЫЛЫ САТАМЫЗ

Әлемдік тәжірибе техникалық жағынан күрделі тауарларды жаппай сатуды жақсы ұйымдастырылған және тармақталған серіктестік желі арқылы ғана тиімді ұйымдастыруға болатынын көрсетіп отыр.

СЕРІКТЕСТЕР КЛИЕНТТЕРДІ ІЗДЕЙДІ

Серіктестердің байланыстары оларға клиенттерді табуға мүмкіндік береді, ал сатылмаған топтама олардың белсенділігін ынталандырады. Баспасөздегі немесе теледидардағы жарнама, әдетте, 1С:Предприятие (1С:Кәсіпорын) сияқты бағдарламалық өнімдерді сату үшін жеткіліксіз. Зерттеулер бірнеше көрсеткендей, басшы немесе бухгалтер, әдетте, бағдарламаны өзіне қоңырау шалып, келуге және оның сұрақтарына егжей-тегжейлі жауап беруге ерінбеген адамнан сатып алады.

СЕРІКТЕСТЕР ТАРАТУ МЕН ТЕХНИКАЛЫҚ ҚОЛДАУДЫҢ ТІРЕК ОРТАЛЫҚТАРЫ БОЛЫП ТАБЫЛАДЫ

Біз серіктестерге де, барлық пайдаланушыларға да техникалық қолдау көрсетуге кепілдік берсек те, тұтынушылар серіктестен бренд өкілін көреді. Жаңа бағдарламаның көмегімен пайдаланушы шұғыл қажетті ҚҚС бойынша декларацияны қалыптастыруда немесе тауардың қозғалысы туралы есепті жасауда қиындыққа тап болған кезде ол тез арада түсінікті кеңес алу мүмкіндігінің болғанын қалайды. Дәл осы серіктестер арқылы біз бағдарламаларға түзетулер мен жаңа нұсқаларды, шығыс құжаттары нысандарының жаңа сипаттамаларын және басқа да материалдарды жібереміз.

СЕРІКТЕСТЕР БІЗДІҢ ЕҢБЕГІМІЗ БЕН ӨЗ АҚШАЛАРЫН ҮНЕМДЕЙДІ

Бірнеше жүздеген серіктеске қызмет көрсетуге шоғырланып, біз жаңа бағыттарды әзірлеуге баса назар аударып, баға мен сервистің шынымен қажетті деңгейін қамтамасыз ете аламыз. Ондаған мың түпкілікті пайдаланушымен жұмыс істеген кезде бұл физикалық тұрғыдан мүмкін болмайды.


СІЗ БЕН БІЗ БІР-БІРІМІЗГЕ ҚАЖЕТПІЗ!

Ынтымақтастық шарттары бойынша fran@1c.ru мекенжайына хабарласыңыз