Қазақстан. 1С:Зарплата и кадры для государственных организаций Казахстана (Қазақстанның мемлекеттік ұйымдарына арналған 1С:Жалақы және кадрлар) gos.1cfresh.kz сервисінде


08.09.2023

«1С Қазақстан» фирмасы «1С:Предприятие 8 через Интернет для государственных учреждений» («1С:Кәсіпорын 8 мемлекеттік мекемелер үшін Интернет арқылы») бұлтты сервисінде (https://gos.1cfresh.kz/) «1С:Зарплата и кадры для государственных организаций Казахстана» («Қазақстанның мемлекеттік ұйымдарына арналған 1С:Жалақы және кадрлар») қосымшасын сатудың басталғаны туралы жариялайды.

Қосымшаға 30 күнге дейін тегін тестілік қол жеткізу ұсынылады. Бұрын жинақталған есепке алу деректерін бұлтқа автоматты түрде тасымалдауға болады, оларды қайтадан қолмен енгізу талап етілмейді.

Қысқаша осы ақпараттық хатта:

  • ITSaaS Бюджет тарифіне «1С:Зарплата и кадры для государственных организаций Казахстана» («Қазақстанның мемлекеттік ұйымдарына арналған 1С:Жалақы және кадрлар») қосымшасы қосылады.
  • ITSaaS Бюджет тарифінің құны, тарифте қолжетімді сеанстардың саны өзгермейді.
  • ITSaaS Бюджет тарифіне бір қосымша қосылады.
  • Егер пайдаланушы қазірдің өзінде сервисте жұмыс істесе және «1С:Зарплата и кадры для государственных организаций Казахстана» («Қазақстанның мемлекеттік ұйымдарына арналған 1С:Жалақы және кадрлар») қосымшасындағы жұмысты сынап көргісі келсе, онда қосымшаны сервистің Жеке кабинетіне өз бетінше қоса алады.
  • Серіктес жаңа пайдаланушыларға «1С:Зарплата и кадры для государственных организаций Казахстана» («Қазақстанның мемлекеттік ұйымдарына арналған 1С:Жалақы және кадрлар») қосымшасына 30 күнге дейін тегін қол жеткізуді ұсына алады – қосымшаларға қол жеткізу сервисте тіркелу кезінде пайдаланушыға тағайындалатын қолданыстағы тестілік тарифке кіреді.
  • 1С:ИТС Казахстан БЮДЖЕТ ПРОФ (1С:АТС Қазақстан БЮДЖЕТ ПРОФ) қолданыстағы шарттары шеңберінде «1С:Предприятие 8 через Интернет для государственных учреждений» («1С:Кәсіпорын 8 мемлекеттік мекемелер үшін Интернет арқылы») бұлтты сервисіне көшу қолданыстағы қағидалар бойынша жүзеге асырылады.

Егжей-тегжейлі:

«1С:Зарплата и кадры для государственных организаций Казахстана» («Қазақстанның мемлекеттік ұйымдарына арналған 1С:Жалақы және кадрлар») - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік кәсіпорындарда кадрлық есепке алуды және жалақыны есептеуді автоматтандыруға арналған шешім. Әртүрлі мемлекеттік және муниципалдық мекемелердің, құқық қорғау органдарының, әскери бөлімдердің, медициналық және білім беру мекемелерінің және т.б. автоматтандыру қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін оңай бапталады.

Қосымшаның функционалдық мүмкіндіктерімен толығырақ сілтеме арқылы танысуға болады.

Интернет арқылы бұлтты сервисте қосымшамен жұмыс істеу пысықтауларсыз немесе жаһандық емес пысықтаулармен үлгілік функционал жарайтын ұйымдарға жарайды. Серіктес қосымша пысықтаулар мен кеңейтулерді қосу арқылы өз пайдаланушыларының бизнес ерекшеліктері мен қажеттіліктеріне сәйкес қосымшаның функционалын толықтыра алады. Сервистің артықшылықтары туралы толығырақ сілтеме арқылы.

«1С:ЗАРПЛАТА И КАДРЫ ДЛЯ ГОСУДАРСТВЕННЫХ ОРГАНИЗАЦИЙ КАЗАХСТАНА» («Қазақстанның мемлекеттік ұйымдарына арналған 1С:Жалақы және кадрлар») ҚОСЫМШАСЫ ҚОЛДАНЫСТАҒЫ ITSAAS БЮДЖЕТ ТАРИФІНЕ ҚОСЫЛАДЫ

«ITSaaS БЮДЖЕТ» тарифі мыналарды қамтиды:

  • таңдау бойынша екі қосымшаға қол жеткізу: «1С:Бухгалтерский учет для государственных учреждений Казахстана» («1С:Қазақстанның мемлекеттік мекемелеріне арналған бухгалтерлік есепке алу»), «1С:Бухгалтерский учет для государственных предприятий Казахстана» («1С:Қазақстанның мемлекеттік кәсіпорындарына арналған бухгалтерлік есепке алу»), «1С:Зарплата и кадры для государственных организаций Казахстана» («1С: Қазақстанның мемлекеттік ұйымдарына арналған жалақы және кадрлар»);
  • пайдаланушы аттарының саны шектелмейді;
  • қосымшаға бір мезгілде 5 қосылу (сеанс);
  • сервистік қызметтер және 1С:ИТС (1С:АТС) сайтында ақпаратқа қол жеткізу 1С:ИТС Казахстан БЮДЖЕТ (1С:АТС Қазақстан БЮДЖЕТ) көлемінде.

Тарифті кеңейту: қосымша сеанстарға жазылымдарды сатып алу арқылы «ITSaaS БЮДЖЕТ» тарифінің функционалдық мүмкіндіктерін кеңейту көзделген; қосымша базаларға (қосымшаларға) жазылымдарды сатып алу көзделмеген.

ITSaaS Бюджет тарифінің құны өзгермейді.

Тариф

1 айға

3 айға

6 айға

12 айға

ITSaaS Бюджет

10 000

30 000

58 000

110 000

Сеанстардың саны (сервистің барлық қосымшаларымен бірге барлық пайдаланушылар бір мезгілде ашқан браузер мен жұқа клиент терезелерінің саны өзгермейді.

1С:Фреш сервисі тарифтерінің құны толығырақ https://gos.1cfresh.kz/price сайтында жарияланған.

«1С» серіктестері пайдаланушыларға қосымша төлемақыға тарифтерде көзделген үлгілік жинаққа қосымша сервистерді ұсына алады.

Сервистің жаңа пайдаланушыларын қосымшаға қосу тәртібі

«1С:Зарплата и кадры для государственных организаций Казахстана» («1С: Қазақстанның мемлекеттік ұйымдарына арналған жалақы және кадрлар») қосымшасына қосылу үшін жаңа пайдаланушы:

  • өзінің «1С» серіктесіне хабарласа алады,
  • https://gos.1cfresh.kz/register/browse_partners тізімінен серіктесті таңдап, оған хабарласа алады - серіктес шақыру кодын сервиске жібереді.

Жаңа пайдаланушыларға 30 күнге дейін тегін тестілік тариф беріледі.

«1С:Предприятие 8 через Интернет» («1С:Кәсіпорын 8 Интернет арқылы») сервисінің жұмысы бойынша сұрақтарыңызды info@1cfresh.kz электрондық мекенжайына жіберіңіз.

Сервистің қолданыстағы пайдаланушыларын қосымшаға қосу тәртібі

Егер пайдаланушы қазірдің өзінде сервисте жұмыс істесе және «1С:Зарплата и кадры для государственных организаций Казахстана» («Қазақстанның мемлекеттік ұйымдарына арналған 1С:Жалақы және кадрлар») қосымшасындағы жұмысты сынап көргісі келсе, онда абонент иесінің құқықтары бар пайдаланушы сервистің сайтында немесе жеке кабинетте қосымшаны қоса алды. Нұсқаулық сілтеме арқылы. Тестілік базадан деректер сақталады. Егер сеанстардың саны асып кеткен болса, онда қосымша санды сатып алу қажет, құнымен https://gos.1cfresh.kz/price бетінде танысуға болады.

1С:ИТС Казахстан БЮДЖЕТ ПРОФ (1С:АТС Қазақстан БЮДЖЕТ ПРОФ) шарты бар пайдаланушыларды қосымшаға қосу тәртібі

Қолданыстағы 1С:ИТС Казахстан Бюджет ПРОФ (1С:АТС Қазақстан Бюджет ПРОФ) шарты бар пайдаланушылар «1С:Зарплата и кадры для государственных организаций Казахстана» («Қазақстанның мемлекеттік ұйымдарына арналған 1С:Жалақы және кадрлар») қосымшасына қолданыстағы сүйемелдеу шарты шеңберінде қосымша төлемақысыз қосыла алады. Ол үшін клиент «1С» серіктесі – өзінің қызмет көрсетуші ұйымына жүгінеді. Серіктес пайдаланушыға сервисте «ITSaaS БЮДЖЕТ для ИТС БЮДЖЕТ ПРОФ» («АТС БЮДЖЕТ ПРОФ үшін ITSaaS БЮДЖЕТ») тарифін қосады.

Деректерді тасымалдау тәртібі

Есепке алу деректерін тасымалдау «1С:Зарплата и кадры для государственных организаций Казахстана» («Қазақстанның мемлекеттік ұйымдарына арналған 1С:Жалақы және кадрлар») жергілікті ақпараттық базасынан мүмкін болады.

Деректерді тасымалдауға сізді сервиске қосқан «1С» серіктесі көмектеседі.

Көшу үшін «1С:Зарплата и кадры для государственных организаций Казахстана» («Қазақстанның мемлекеттік ұйымдарына арналған 1С:Жалақы және кадрлар») нұсқасы жергілікті бағдарламасының соңғы нұсқасына жаңартуды (нұсқа сервистегі қосымшаның нұсқасына тең болуға тиіс), содан кейін деректерді жүктеп түсіріп, бұлтқа жүктеуді ұсынамыз. Толығырақ жергілікті нұсқадан деректерді жүктеп түсіру мақалада сипатталған, деректерді сервиске жүктеу – мақалада.

Сонымен қатар, кері көшу мүмкін және қажет болған кезде сіз сервистегі жұмысты бастай аласыз, ал содан кейін бұлтты нұсқадан бағдарламаның жергілікті нұсқасына ауыса аласыз.

Құжаттама

«1С:Зарплата и кадры для государственных организаций Казахстана» («Қазақстанның мемлекеттік ұйымдарына арналған 1С:Жалақы және кадрлар») қосымшасына құжаттама сервисті пайдаланушыларға 1С:ИТС (1С:АТС) сайтында қолжетімді https://its.1c.kz/db/zupbud20kz.

Қолдау шарттары

Сервисте пайдаланушыларға әдістемелік қолдауды пайдаланушыны қосымшаға қосқан «1С» фирмалары орындайды. «1С» фирмасы сервисінің консультациялар желісі сервистің қолжетімділігіне байланысты өтініштерді қабылдайды.

Серіктестер пайдаланушыға қосымша төлемақыға қызметтерді көрсете алады. Қызметтердің тізімі мен құнын серіктес пен пайдаланушы тараптардың келісуі бойынша айқындайды. Қызметтердің мысалдары:

  • жұмыстың әдіс-тәсілдеріне бастапқы қашықтықтан оқытуды жүргізу;
  • қажет болған кезде - пайдаланушының үлгілік жергілікті базасынан есепке алу деректерін интернет-қосымшаға жүктеуге көмектесу;
  • қосымшаны пайдаланушының қажеттіліктері үшін баптау;
  • құжаттардың баспа нысандарын баптау, жеке стилистиканы қосу;
  • конфигурация кеңейтулерінің немесе қосымша есептер мен өңдеулердің көмегімен үлгілік функционалды пысықтау;
  • "Жеке консультант" - пайдаланушының ақпараттық базасында есепке алу мен жұмыс істеудің күрделі мәселелері бойынша дербес консультациялар.

Тізімге оралу