Қазақстан: 1cfresh.kz сервисіндегі «1С:Электронный документооборот для Казахстана» (Қазақстанға арналған 1С:Электрондық құжат айналымы)


02.08.2023

Құрметті Қазақстандағы «1С» пайдаланушылары мен серіктестері!

«1С Қазақстан» «1С:Бухгалтерия для Казахстана» (Қазақстанға арналған 1С:Бухгалтерия) «бұлтты» нұсқасында – 1С:Кәсіпорын 8 Интернет арқылы (1С:Fresh) – «1С:Электронный документооборот для Казахстана» (Қазақстанға арналған 1С:Электрондық құжат айналымы) сервисі Пилотының іске қосылғаны туралы жариялайды.

«1С:Электронный документооборот для Казахстана» (Қазақстанға арналған 1С:Электрондық құжат айналымы) сервисі (бұдан әрі – «1С:ЭДО») – бұл сіздің «1С:Бухгалтерия для Казахстана» (Қазақстанға арналған 1С:Бухгалтерия)  бағдарламаңыздан тікелей интернет арқылы заңды маңызы бар электрондық құжаттармен алмасу сервисі. Сервис кез келген көлем мен саладағы барлық компаниялар үшін жарамды. «1С:ЭДО» көмегімен пошта жіберілімдеріне, курьерлерге, қағаз бен басқа да шығыс материалдарына жұмсалатын шығыстарды қысқартуға, сондай-ақ құжаттарды келісу және оларға қол қою процесін жеделдетуге және оңайлатуға болады. Пайдаланушылар құжаттармен жұмыс істеуге жұмсалатын уақытты да, оларды жіберуге жұмсалатын ақшаны да үнемдей алады.

«1С:ЭДО» сервисі шарттармен ғана емес, сондай-ақ барлық басқа құжаттармен – салыстырып тексеру актілерімен, шоттармен, тапсырыстармен және т.б. алмасуға мүмкіндік береді. Сервиспен жұмыс істеу үшін куәландырушы орталық берген электрондық қолтаңбаның сертификаты қажет.

«1С:ЭДО»-ны пайдалану:

  • ұйымдағы құжаттарды рәсімдеу және өңдеу процесін жеделдетуге,
  • қолмен енгізуді қысқартуға және қабылдаушы тараптағы қателердің санын азайтуға,
  • шығыс материалдары мен хат-хабарларды жеткізу жөніндегі қызметтерге жұмсалатын шығындарды азайтуға,
  • компаниялар арасында құжаттармен алмасу жылдамдығын едәуір арттыруға мүмкіндік береді.

Электрондық құжаттармен алмасу кезінде ҚР ҰКО электрондық цифрлық қолтаңбасы (электрондық қолтаңба) пайдаланылады. Ол электрондық құжаттарға заңды мән береді және алмасуға қатысушыларға қағаз жеткізгіштерде ақпаратты қайталаудан бас тартуға мүмкіндік береді.

«Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» 2003 жылғы 7 қаңтардағы № 370 Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1-тармағына сәйкес электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қоюшы тұлғаның өзі қойған қолымен тең және мынадай шарттар орындалған кезде:

  1. тіркеу куәлігі бар ашық кілттің көмегімен ЭЦҚ-ның төлнұсқалығы куәландырылған;
  2. электрондық құжатқа қол қойған тұлға ЭЦҚ-ның жабық кілтін заңды түрде иеленген;
  3. ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген мәліметтерге сәйкес пайдаланылған;
  4. Қазақстан Республикасының аккредиттелген куәландырушы орталығы немесе Қазақстан Республикасының сенім білдірілген үшінші тарапында тіркелген шетелдік куәландырушы орталық ЭЦҚ-ны жасаған және тіркеу куәлігін берген кезде, бірдей заңдық салдарға алып келеді. 

Пайдалану шарттары

«1С:Электронный документооборот для Казахстана» (Қазақстанға арналған 1С:Электрондық құжат айналымы) сервисі 1cfresh.kz. сервисінде «1С:Қазақстанға арналған Бухгалтерия» қосымшасын пайдаланушыларға пилоттық режимде қолжетімді.

Пилоттың аяқталғаны және сервистің сатыла бастағаны туралы «1С Қазақстан» жеке ақпараттық хат арқылы жариялайды.

Сервисті қосу үшін пайдаланушыларға 1С:Fresh-те өздерінің қызмет көрсетуші ұйымына хабарласу қажет.

Сервистің әрбір абонентіне 500 Мб диск кеңістігі бөлінеді.

Бір құжаттың өлшемі 5 Мб-ден аспауға тиіс.

Сервис жұмысы бойынша нұсқаулық

Сервистік баптау жөніндегі нұсқаулықпен сіз сілтеме арқылы таныса аласыз.


Тізімге оралу