Қазақстан. "Қазақстанға арналған "1С:Документооборот 8 КОРП (1С:Құжат айналымы 8) 3.0 редакциясы" бағдарламасындағы кәсіби жұмыс" атты күндізгі курс


05.09.2023

1С Қазақстан Оқу орталығы 2023 жылғы 23 – 24 қараша аралығында өтетін "Қазақстанға арналған "1С:Документооборот 8 КОРП (1С:Құжат айналымы 8) 3.0 редакциясы" бағдарламасындағы кәсіби жұмыс" атты күндізгі курсқа шақырады.

1С:Документооборот (1С:Құжат айналымы) – құжат айналымын автоматтандырудың, процестік есепке алу мен бірлескен жұмыстың әмбебап жүйесі. Бағдарламада 13 үлкен функционалдық блок және 1000-нан астам интерфейс көзделген. Сіздің өз күнделікті жұмысыңыз бен тұтастай алғанда, кәсіпорныңыздың тиімділігі осы байлықты қаншалықты шебер пайдаланатыныңызға байланысты.

Бұл курста:

  • бағдарламаның қолданбалы мүмкіндіктерін зерделейміз;
  • оларды күнделікті жұмыста тиімді пайдалануды үйренеміз;
  • тез жұмыс істеу әдіс-тәсілдерін меңгереміз.

Курстың кейбір тақырыптарын бағдарламаны әзірлеушілер ұсынады әрі сіз олармен тікелей сөйлесе аласыз.

Өткізілетін күндері:

2023 жылғы  23– 24 қараша аралығында.

Курс:

"1С:Документооборот 8"(1С:Құжат айналымы 8) қолданбалы шешімімен жұмыс істеудің практикалық дағдыларын меңгеруге мүдделі серіктестер мен пайдаланушыларға арналған.

Өткізу нысаны:

 2 оқу күні, сағ. 10:00-нан 17:00-ге дейін, түскі үзіліспен.

 

 

Курс орыс тілінде өткізіледі.

Мақсаттары:

  • коммерциялық кәсіпорындар үшін қолданбалы шешімнің функционалдық мүмкіндіктерін көрсету;
  • тыңдаушыларды бағдарламаның мүмкіндіктерін күнделікті жұмыста тиімді қолдануға үйрету;
  • "1С:Документооборотом"(1С:Құжат айналымымен) және "1С:Предприятием" (1С:Кәсіпорынмен) тез жұмыс істеу әдіс-тәсілдерін меңгеру;
  • курс тыңдаушыларының ұйымдағы құжат айналымын реттейтін негізгі нормативтік-құқықтық актілер туралы білімін жүйелеу;
  • бағдарламаны баптау және әкімшілендіру туралы жалпы түсінік беру.

Соның нәтижесінде курс тыңдаушылары "1С:Документооборот 8" (1С:Құжат айналымы 8) бағдарламасында жұмыс істеудің практикалық дағдыларына ие болады.

Қысқаша мазмұны:

Курс тыңдаушылары "1С:Документооборот"(1С:Құжат айналымы) бағдарламасының тетіктері мен функцияларын пайдалана отырып, қызметкерлер мен басшылардың бірлескен жұмысының өтпелі мысалын орындайды. Өтпелі мысалдың құрамында міндеттерді орындау кезінде бағдарламаның функционалдық мүмкіндіктерін тиімді қолдану ерекшеліктері қаралады.

 

 

1-тақырып. Кіріс құжаттарын өңдеу

  • Кіріс құжатының карточкасы;
  • Кіріктірілген пошта клиентін пайдалану;
  • Файлдарды жүктеу және жүктеп түсіру;
  • Файлдарды автоматты түрде жүктеу;
  • Практикалық жұмыс: курс тыңдаушылары кіріс құжатының карточкасымен және кіріктірілген поштамен жұмыс істеу бойынша тапсырмаларды орындайды;
  • Жаңа корреспонденттің карточкасын жасау;
  • Нөмірлеуіштер;
  • Кіріс құжатын тіркеу;
  • Практикалық жұмыс: курс тыңдаушылары кіріс құжатын тіркеу бойынша тапсырманы орындайды;
  • Штрихкодты автоматты түрде кірістіру;
  • Штрихкодты қолмен кірістіру;
  • Штрихкодты басып шығару;
  • Штрихкод бойынша іздеу;
  • Штрихкодты автоматты түрде тану;
  • Құжаттарды сканерлеу;
  • Ағындық сканерлеудің мақсаты;
  • Бейнелерді тану;
  • Практикалық жұмыс: курс тыңдаушылары құжат айналымындағы штрихкодтармен жұмыс істеу бойынша міндеттерді орындайды;
  • Бағдарламада бар үлгілік процестер: Қарау, Орындау, Келісу, Бекіту, Тіркеу, Танысу;
  • Құжаттардағы қарарлар;
  • Кіріс құжаттарын қайта бағыттау;
  • Практикалық жұмыс: курс тыңдаушылары "Қарау" іскерлік процесі бойынша тапсырмаларды орындайды.

2-тақырып. Іс-шараларды басқару

  • Қатысушылар тізімі;
  • Іс-шараға шақыру;
  • Орындаушыларды электрондық пошта арқылы хабардар ету;
  • Міндеттерді орындауға қабылдау;
  • Іс-шараның бағдарламасы;
  • Келіссөз бөлмелерін брондау;
  • Іс-шараның хаттамасы;
  • Хаттаманы бекіту және орындау;
  • Іс-шаралар бойынша есептер.
  • Практикалық жұмыс: курс тыңдаушылары іс-шараның өмірлік циклі бойынша міндеттерді орындайды. Дайындықтан бастап шешімдердің орындалуын бақылауға дейін барлық кезеңдердегі жұмыс тәртібін зерделейді.

3-тақырып. Жобалар бойынша есепке алу

  • Жобаның карточкасы;
  • Жобаның жоспары;
  • Жобалық міндеттерді орындау;
  • Еңбек шығындарын есепке алу;
  • Жобалар бойынша есептер;
  • Практикалық жұмыс: курс тыңдаушылары қолданбалы шешімде жобалық құжаттаманы жүргізу бойынша міндетті орындайды.

4-тақырып. Шарттарды басқару

  • Шарттың өмірлік циклі;
  • Қалыптан шарттың жобасын жасау;
  • Файлдардың папкалары;
  • Файлдармен ұжымдық жұмыс;
  • Нұсқаларды қарау, редакциялау және бақылау;
  • Файлдардың қалыптары;
  • Файлдардың қалыптарын автотолтыру;
  • Кешенді процесс: шартты келісу, бекіту, тіркеу;
  • Шартты ұзарту, жабу;
  • Практикалық жұмыс: курс тыңдаушылары шартпен жұмыс істеу бойынша міндетті орындайды.

5-тақырып. Қағаз құжат айналымын қолдау

  • Істер номенклатурасы;
  • Істер, томдар;
  • Істерді архивке беру;
  • Істерді жою;
  • Беру журналы;
  • Берілген құжаттарды бақылау.
  • Практикалық жұмыс: курс тыңдаушылары ақпараттық базада қағаз құжат айналымын қолдауды іске асыру бойынша міндеттерді орындайды.

6-тақырып. Ішкі құжаттармен жұмыс

  • Ішкі құжаттар;
  • Жай-күйіне қарай ішкі құжаттар өрістерінің қолжетімділігі;
  • Ішкі құжаттардың папкалары, ішкі құжаттардың иерархиясын жасау;
  • Ішкі құжаттардың қалыптары;
  • Тіркеу мөртабанын басып шығару және кірістіру;
  • Құжаттардың жиынтықтары;
  • Құжаттың жұмыс тобына қатысушыларды автоматты түрде толтыру;
  • Ішкі құжаттардың папкалары бойынша қол жеткізу құқықтары;
  • Практикалық жұмыс: курс тыңдаушылары Қызметтік жазбаны жасау, келісу, бекіту және орындау бойынша жұмысты орындайды.

7-тақырып. Форум – талқылауға арналған ұжымдық алаң

  • Форумның тақырыбын жасау;
  • Жаңа тақырып туралы әріптестерге ақпарат беру. "Таныстыру" іскерлік процесі;
  • "Дауыс бергіш" форумының тетігі;
  • Практикалық жұмыс: курс тыңдаушылары форумның жаңа тақырыбын жасайды, әріптестерді талқылауға шақырады, мәселе бойынша дауыс беруді баптайды.

8-тақырып. Күнтізбе. Жұмыс уақытын есепке алу

  • Күнтізбені баптау және толтыру;
  • Қызметкердің күнделікті есебі;
  • Міндеттер бойынша жұмыстардың орындалу хронометражы мен көрсетілуі;
  • "Уақыт шығындары" есебі;
  • Практикалық жұмыс: курс тыңдаушылары күнтізбені баптайды және жұмыс уақытын есепке алуды орындайды.

9-тақырып. Шығыс құжаттарымен жұмыс

  • Шығыс құжаттары;
  • Хат алмасу тарихы;
  • Жай-күйіне қарай шығыс құжаттары өрістерінің қолжетімділігі;
  • Шығыс құжаттарының қалыптары;
  • Құжаттарды күрделі келісу;
  • Практикалық жұмыс: курс тыңдаушылары шығыс хатпен жұмысты орындайды. Жұмыста құжаттың қалыбы мен файлдың қалыбы пайдаланылады.

10-тақырып. Құжаттар арасындағы байланыстар

  • Байланыстардың типтері;
  • Байланыстарды баптау және орнату;
  • Байланысты құжат бойынша нөмірлеу;
  • Байланыстардың құрылымы бойынша есеп;
  • Практикалық жұмыс: курс тыңдаушылары құжаттар үшін байланыстарды жасау мен орнатуды үйренеді.

11-тақырып. Азаматтардың өтініштерін өңдеу

  • Азаматтардың өтініштерін өңдеу ерекшеліктері;
  • Құрамдас процестер: Кіріс құжатын өңдеу, Шығыс құжатын өңдеу, Ішкі құжатты өңдеу;
  • Практикалық жұмыс: курс тыңдаушылары азаматтың өтінішін тіркейді және құрама процесті жасайды.

12-тақырып. Деректерді санаттау

  • Санаттардың мақсаты;
  • Объектілердің санаттарымен жұмыс;
  • Санаттарды автобелгілеу;
  • Практикалық жұмыс: курс тыңдаушылары құжаттардың санаттарын жасауды үйренеді. Құжаттарды баламалы сыныптау үшін санат тетігін пайдалану.

13-тақырып. Процестер мен міндеттер

  • Келісу бұрыштамалары;
  • Құжат айналымының іскерлік процестерінің мерзімдерінде уақытты пайдалану;
  • Міндеттерді дербес және рөлдік адрестеу;
  • Міндеттер жүйесі. Міндеттердің орындалуын бақылау;
  • Міндеттерді қайта бағыттау;
  • Құжат айналымы іскерлік процестерінің иерархиясы;
  • Құжат айналымының іскерлік процестерін тоқтату;
  • Құжат айналымының іскерлік процестерін маршруттау шарттары;
  • Құжат айналымының мерзімді іскерлік процестері;
  • Құжат айналымы іскерлік процестерінің қалыптары;
  • Процестер мен міндеттердің қосымша деректемелері;
  • Міндеттерді орындау мәселелерін шешу;
  • Міндеттерді орындау мерзімдерін ауыстыру;
  • Іскерлік процестер мен міндеттерге қол жеткізу құқықтары.

14-тақырып. Есептермен жұмыс

  • Есептерді қалыптастыру;
  • Есептерді баптау;
  • Есептерді жіберу;
  • Практикалық жұмыс: курс тыңдаушылары есептерді баптау және қалыптастыру бойынша міндеттерді орындайды.

15-тақырып. Құжаттар мен файлдарды іздеу

  • Жылдам іздеу;
  • Құжаттардың барлық журналдары бойынша іздеу;
  • Іздеу қалыбын сақтау;
  • Ақпаратты толықмәтіндік іздеу;
  • Практикалық жұмыс: курс тыңдаушылары қолданбалы шешімнің ақпараттық базасында құжаттарды іздеу бойынша әртүрлі тапсырмаларды орындайды.

16-тақырып. Қызметкерлердің болмауын есепке алу

  • Мүмкіндіктерге шолу;
  • Практикалық жұмыс: бағдарламалық шешіммен жұмыс істеу уақытын есепке алу.

17-тақырып. Мобильді 1С:Құжат айналымы

  • Баптау;
  • IOS пен Android-та пайдалану.

18-тақырып. 1С:Құжат айналымы мен басқа да үлгілік интеграцияларды бірлесіп пайдалану мүмкіндіктері;

  • Бағдарламаның интеграциялық мүмкіндіктеріне қысқаша шолу.

19-тақырып. Бағдарламаны орнату мен баптауға қысқаша шолу

  • Браузер мен жұқа клиент арқылы 1С:Құжат айналымы 8-дің жұмысы;
  • "Такси" интерфейсін баптау және онда жұмыс істеу;
  • Бағдарламалық өнімді бастапқы баптау тәртібі;
  • НАА-ны баптау;
  • Ұйымдар бойынша есепке алу;
  • Құжаттардың түрлері;
  • Практикалық жұмыс: курс тыңдаушылары өтпелі практикалық мысалды орындау үшін ақпараттық базаны дайындайды. Анықтамалықтарды толтырады, "Такси" интерфейсінің мүмкіндіктерін зерделейді.

Құны:

38 000 теңге пайдаланушылар үшін, 35 000 теңге серіктестер үшін (оқу материалдарын және түскі асты қоса алғанда).

 

Өткізу жері:

г.Алматы, ул.Мынбаева 46, 2 этаж.

Оқыту аяқталғаннан кейін тыңдаушыларға осы курстан өткені туралы "1С" фирмасының куәлігі беріледі.

Іс-шараны ұйымдастырушы: 1С Қазақстан Оқу орталығы.

Оқытуға өтінімдерді 1С Қазақстан сайтында «1С Қазақстан Оқу орталығының курстары мен емтихандары» бөлімінде толтыруды өтінеміз: 1c.kz

1С Қазақстан Оқу орталығының байланыстары:
Сайт: 1c.kz
Пошта: training@1c.kz. Барлық сұрақтар бойынша +7-7172-95-42-40 (ішкі 5) телефоны арқылы хабарласыңыз


Тізімге оралу