"1С:Предприятие 8. Бухгалтерия для Казахстана (1С:Кәсіпорын 8. Қазақстанға арналған бухгалтерия). Үлгілік конфигурацияны практикалық қолдану. 3.0 редакциясы" атты онлайн-курс 2023 жылғы 20 – 28 қараша аралығында


16.10.2023

1С Қазақстан Оқу орталығы білім беру мекемелерінің мұғалімдерін "1С:Предприятие 8. Бухгалтерия для Казахстана (1С:Кәсіпорын 8. Қазақстанға арналған бухгалтерия). Үлгілік конфигурацияны практикалық қолдану. 3.0 редакциясы" атты онлайн-курсқа шақырады.

Курстың сипаттамасы: бұл курс 8.3 тұғырнамасының редакциясы үшін толығымен қайта жасалды. Курс "1С:Бухгалтерия 8 для Казахстана. Редакция 3.0" ("Қазақстанға арналған 1С:Бухгалтерия 8. 3.0 редакциясы") конфигурациясында есепке алуды жүргізетін немесе жүргізуді жоспарлайтын пайдаланушыларға арналған әрі үлгілік шешімнің мүмкіндіктерімен танысуға және онда жұмыс істеудің пайдаланушы дағдыларын алуға бағытталған.

Курстың тыңдаушыларына қойылатын бастапқы талаптар: компьютермен жұмыс істеу дағдылары, бухгалтерлік және салықтық есепке алу негіздерін білу. Курс "1С:Бухгалтерии 8 для Казахстана" ("Қазақстанға арналған 1С:Бухгалтерия 8") бағдарламасын үйреніп жүрген пайдаланушыға да, өз білімін жетілдіріп, конфигурацияның қосымша мүмкіндіктерін ашу жөнінде шешім қабылдаған тәжірибелі бухгалтерге де жарайды.

Курста өтпелі міндетті – кәсіпорынның біртұтас қызметін модельдейтін мысалды шешу – нақты есепке алудан "алшақтап кетпеуге" әрі бухгалтерлік және салықтық есепке алу логикасымен өзара байланыста бағдарламаның логикасын игеруге мүмкіндік береді.

Курстың әр тыңдаушысы алатын әдістемелік материалдар уақыт өте келе сабақтарда үйренген және жұмыста қажетті материалды оңай әрі тез еске түсіруге көмектеседі.

Курс аяқталғаннан және барлық практикалық тапсырмаларды орындағаннан кейін тыңдаушының білімі "1С" фирмасының белгіленген үлгідегі куәлігімен бекемделеді.

Курстың ұзақтығы: 40 академиялық сағат, 20 – 28 қараша аралығында сағат 09:30-дан 13:00-ге дейін 7 жұмыс күні.

Курстың қысқаша мазмұны:

"Бухгалтерия для Казахстана" ("Қазақстанға арналған бухгалтерия") конфигурациясының негізгі функционалдық мүмкіндіктері

1-тарау. Конфигурациямен жұмыс істеу негіздері:

  • Конфигурация жұмысының негізгі тетіктері;
  • Анықтамалықтармен жұмыс;
  • Құжаттармен және құжаттардың журналдарымен жұмыс;
  • Нысандармен жұмыс істеудің жалпы қағидаттары;
  • Есептермен жұмыс;
  • Әкімшілендіру

Пайдаланушылардың тізімін қалыптастыру. Белсенді пайдаланушылардың тізімін қарау. Пайдаланушылардың әрекеттерін тіркеу журналын жүргізу. Ақпараттық базаны жүктеп түсіру. Ақпараттық базаны жүктеу. Резервтік көшірмені баптау.

2-тарау. Конфигурацияны практикалық қолдану:

  • Міндетті қою;
  • Есепке алудың жалпы параметрлері

Үлгілік шоттардың жоспары. Салықтық есепке алу шоттарының жоспары (пайда салығы бойынша). Бухгалтерлік және салықтық есепке алу шоттарының сәйкестігі. Валюта анықтамалығы. Ұйым туралы мәліметтерді енгізу. Бөлімшелер. Жеке тұлғалар. Ұйымның жауапты адамдары. Кассалар. Банктер. Ұйымның банктік шоттары. Қоймалар (сақтау орындары). Есепке алу саясаты (салықтық есепке алу). Есепке алу саясаты (бухгалтерлік есепке алу). Есепке алу саясаты (персонал бойынша). Есепке алу параметрлерін баптау. Контрагенттер. Контрагенттермен есеп айырысуларды талдамалық есепке алу. Шығындардың баптары. Қызмет түрлері. Кірістер. Салықтар, алымдар, аударымдар. Шоттардың бухгалтерлік және салықтық жоспарының шоттары бойынша бастапқы қалдықтарды енгізу. Пайдаланушының баптаулары.

  • Банктік және кассалық операцияларды есепке алу

Қолма-қол ақшаны есепке алудың жалпы баптаулары. Ақша қаражаты қозғалысының баптары. Ақша қаражатын есепке алу шоттары. Кассалық шығыс ордері. Кассалық кіріс ордері. Ақша қаражатын түгендеу. Кассалық кітап. Шығыс төлем тапсырмасы. Кіріс төлем тапсырмасы. Төлем ордері (ақша қаражатын есептен шығару). Төлем ордері (ақша қаражатының түсімі). Банктің үзінді көшірмесі. Төлем карталарын пайдалана отырып, ақша қаражатының түсімін есепке алу. Эквайринг төлемдерінің түрлері. Эквайринг шарттары. Аванстық есеп. Есеп беретін тұлғалармен өзара есеп айырысуды есепке алу схемасы. Ақша қаражатын қайта бағалау жөніндегі регламенттік операциялар. Ақша қаражатын есепке алуды талдау. "Ақша қаражатының қалдықтары" есебі. "Ақша қаражатының түсімдер" есебі. "Ақша қаражатының шығысы" есебі.

  • Тауарлық-материалдық қорларды есепке алу

Номенклатура.

Номенклатураны есепке алу шоттары. Номенклатура бағаларының типтері. Номенклатураның бағаларын белгілеу. Номенклатураның бағалары. ТМҚ мен қызметтердің түсімі бойынша операциялар. Сенімхат. ТМҚ мен қызметтердің түсімі. Активтер мен қызметтер келіп түскен кезде салықтарды есептеу. Қосымша шығыстардың түсімі. ТМҚ-ны өнім берушілерге қайтару. Импорт бойынша ТМҚ түсімінің операциялары. Әлем елдерінің сыныптауышы. Кеден одағына қатысушы елдер. Импорт бойынша операцияларды көрсету схемасы. Импорт бойынша ЖКД. Тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініш. Тауарлық-материалдық қорлардың түсімін есепке алуды көрсету жөніндегі схема. ТМҚ мен қызметтерді өткізу бойынша операциялар. Сатып алушыға ақы төлеуге арналған шот. ТМҚ мен қызметтерді өткізу. Сатып алушыдан ТМҚ-ны қайтару. Тауарлар мен қызметтерді өткізу туралы есеп. Тауарлар мен қызметтерді өткізуді есепке алу схемасы. ТМҚ-ны есепке алу бойынша қойма операциялары. Сақтау орындарының (қоймалардың) жауапты адамдары. ТМҚ-ның орын ауыстыруы. Қоймадағы ТМҚ-ны түгендеу. ТМҚ кіріске алу. ТМҚ-ны есептен шығару. ТМҚ-ны жиынтықтау. Материалдық ведомость.

  • Контрагенттермен өзара есеп айырысуларды есепке алу

Өзара есеп айырысуларды жүргізудің жалпы қағидаттары. Контрагенттермен есеп айырысуларды талдамалық есепке алу схемасы. Контрагенттермен есеп айырысуларды есепке алу шоттары. Өзара есеп айырысуларды салыстыру актісі. Борышты түзету. ДТ/КТ берешекті жабу.

  • Негізгі құралдарды есепке алу

"Негізгі құралдар" анықтамалығы. НҚ бойынша бастапқы қалдықтарды енгізу. НҚ-ның түсіміне байланысты операциялар. НҚ-ны сатып алу. Төлемақы үшін сатып алынуы салдарынан
НҚ-ны есепке алуға қабылдау. Аяқталмаған құрылысты есепке алу. Жабдықты монтаждау және баптау. Түгендеуді жүргізу салдарынан НҚ-ны есепке алуға қабылдау. НҚ-ның кетуіне байланысты операциялар. НҚ-ны беру. НҚ-ны есептен шығару. Негізгі құралдарды есепке алу бойынша басқа да операциялар. НҚ-ның орын ауыстыруы. НҚ-ны қайта бағалау. НҚ-ны жаңғырту. НҚ жай-күйін өзгерту. НҚ-ны жиынтықтау. НҚ-ны қайта құрылымдау.

  • Материалдық емес активтерді есепке алу

Материалдық емес активтер. МЕА-ны сатып алу. МЕА-ны есепке алуға қабылдау. МЕА бойынша бастапқы қалдықтарды енгізу. МЕА-ны беру. МЕА-ны есептен шығару.

  • НҚ мен МЕА амортизациясын есепке жазу параметрлері

НҚ амортизациясын есептеу үшін өндірім. МЕА амортизациясын есептеу үшін өндірім. НҚ амортизациясын есепке жазу параметрлерін өзгерту. МЕА амортизациясын есепке жазу параметрлерін өзгерту. НҚ мен МЕА амортизациясы бойынша шығыстарды көрсету тәсілдері. НҚ амортизациясы бойынша шығыстарды көрсету тәсілін өзгерту. МЕА амортизациясы бойынша шығыстарды көрсету тәсілін өзгерту. НҚ амортизациясының кестелері. НҚ амортизация кестесін өзгерту.

  • НҚ мен МЕА-ны есепке алу жөніндегі регламенттік операциялар

Бухгалтерлік есепке алу бойынша НҚ мен МЕА амортизациясын есепке жазу. НҚ-ны қайта бағалау бойынша резервті есептен шығару. Кезеңдегі НҚ амортизациясының ведомосы (бухгалтерлік есепке алу). Кезеңдегі МЕА амортизациясының ведомосы (бухгалтерлік есепке алу).

  • Тіркелген активтер тобының атауы (салықтық есепке алу). Тіркелген активтердің топтары туралы мәліметтер (салықтық есепке алу). Салықтық есепке алу бойынша тіркелген активтер құнының қозғалысын көрсету.
  • Кадрлық есепке алу және ұйым жұмыскерлерінің жалақысын есепке алу

Кадрлық есепке алудың жалпы параметрлері. Өндірістік күнтізбе. Ұйымның негізгі есепке жазулары. Ұйымның ұстап қалулары. Кадрлық есепке алу. Лауазымдар. Жеке басты куәландыратын құжаттар. Қызметкерлер. Жұмысқа қабылдау. Кадрлық орын ауыстыру. Ұйымнан шығару. Іссапар куәлігі. Ұйым жұмыскерлерінің тізімі. Т-2 жеке карточкасы. Жалақыны есептеу. Регламенттелген есептік көрсеткіштер. Жалақы есептеу нәтижелерін дөңгелектеу. Жалақыдан алынатын салықтардың, алымдар мен аударымдардың мөлшерлемелері туралы мәліметтер. Жеке тұлғалардың мүгедектігі туралы мәліметтер. ҰОС-қа қатысушы жеке тұлғалар мен оларға теңестірілген адамдар туралы мәліметтер. Салықтық шегерімдер. Жалақы бойынша қалдықтарды енгізу. Жалақыны есепке жазу және регламенттелген салықтарды, жарналар мен аударымдарды есептеу бойынша бастапқы операциялар. Жалақыны есепке жазу. Салық салу мақсатында басқа кірістерді тіркеу. Ұйым жұмыскерлерінің жоспарлы ұстап қалулары туралы мәліметтерді енгізу. Атқару парақтары. Ұйым жұмыскерлерінің біржолғы ұстап қалулары. ЖТС-ты, МЗЖ мен ұстап қалуларды есептеу. ӘС-ті, ӘА мен МКЗЖ-ні есептеу. Салықтық есепке алу бойынша ЖТС пен МЗЖ-ні ұстап қалу. Ұйым жұмыскерлерінің жалақысын төлеу жөніндегі операциялар. Төлем ведомостары. Жалақыны шығыс ордерлерімен төлеу. Жалақыны қайтару. Жалақыны сақтауға беру. Салықтарды, жарналар мен аударымдарды есепке алу жөніндегі өзге де операциялар. МЗЖ (МКЗЖ) қорларға аудару. МЗЖ (МКЗЖ) жарналарды қайтару. ӘА қорларға аудару. ӘА аударымдарды қайтару. МЗЖ, ӘА мен МКЗЖ бойынша өсімпұлды есептеу. МЗЖ, ӘА мен МКЗЖ бойынша өсімпұлды аудару. АП алушыларға аудару. Бухгалтерлік есепке алуда есеп-қисаптың нәтижелерін көрсету. Есепке алуда жалақыны көрсету тәсілдері. Жоспарлы есепке жазуларды есепке алу туралы мәліметтерді енгізу. Қызметкерлердің сыйақылары бойынша резервтер. Есепке алуда есеп-қисаптың нәтижелерін көрсету. Жалақы бойынша есептілік. Есеп айырысу парақшалары. Ұйымның есеп айырысу ведомосы. Есепке жазулар мен ұстап қалулар жиынтығы. Ұйымның қызметкерлеріне есепке жазуларды талдау. Қызметкерлер алдындағы берешектің құрылымы. Ұйымдардың МЗЖ бойынша берешегінің құрылымы. ӘА бойынша берешектің құрылымы. МКЗЖ бойынша берешектің құрылымы. Жеке табыс және әлеуметтік салықтар бойынша салықтық есепке алудың тіркелімі. Жалақыны есепке жазу нәтижелері бойынша деректерді салыстыру және бухгалтерлік есепке алу шоттарында есеп айырысу нәтижелерін көрсету. Регламенттелген жалақыны есептеу шебері.

  • Өндірістік есепке алу

Өндірістік есепке алу параметрлерін баптау. Номенклатуралық топтар. Номенклатураның негізгі ерекшеліктері. Ұйымның жанама шығыстарын бөлу әдістері. Қайта бөлу тәртібін айқындау. Шоттарды жабу үшін бөлімшелердің тәртібі. Өнімдерді, қызметтерді қарсы шығару. Меншікті шикізаттан өндірісті есепке алу. Талап-жүкқұжат. Ауысымдағы өндірістің есебі. Өндірістік қызметтерді көрсету туралы акт. Аяқталмаған өндірісті түгендеу. Алыс-беріс шикізатынан өндірісті есепке алу. Тауарлардың қайта өңдеуге келіп түсуі. Тапсырыс берушінің шикізатын өндіріске беру. Алыс-беріс шикізатынан өнім өндіруге меншікті шығындарды есепке алу. Тапсырыс берушінің шикізатын қайта өңдеу бойынша қызметтерді өткізу. Алыс-беріс шикізатынан өнім өндірудің құжат айналымының схемасы. Қайта өңдеуге (қайта өңдеуден) беру. Өнімді қайта өңдеуден алу. Өндірістік есепке алудың регламенттік операциялары. Өнімнің (қызметтердің) өзіндік құнын есептеу және түзету. Аяқталмаған өндірісті ауыстыру. Өндірістік есепке алу бойынша анықтамалар-есеп-қисаптар. "Өнім мен қызметтердің өзіндік құнының анықтама-есеп-қисабы" есебі. "Өнімнің өзіндік құны калькуляциясының анықтама-есебі" есебі. "Жанама шығыстарды бөлу анықтама-есебі" есебі.

  • ҚҚС-ты есепке алу

ҚҚС-ты есепке алу бойынша жалпы параметрлер. ҚҚС мөлшерлемелері. ТМҚ (жұмыстар, қызметтер) түсімдерінің түрлері. ТМҚ-ны (жұмыстарды, қызметтерді) өткізу түрлері. Өтеуге ҚҚС-ты есепке алу. Есепке жатқызылатын ҚҚС-ты тіркеу. Есепке жатқызылатын ҚҚС-ты түзету. Алынған шот-фактураларды есепке алу. Есепке жазылған ҚҚС-ты есепке алу. Есепке жазылған ҚҚС-ты тіркеу. Есепке жазылған ҚҚС-ты түзету. Берілген шот-фактураларды есепке алу. ҚҚС-ты есепке алу бойынша регламенттік операциялар. Электрондық шот-фактураларды (ЭШФ) есепке алу. ЭШФ-ны есепке алу үшін деректерді баптау. Берілген ЭШФ-ны көрсету және жіберу. Алынған ЭШФ-ны тіркеу. ЭШФ-ны түзету. ЭШФ-ны кері қайтарып алу. Берілген шот-фактураны кері қайтарып алу. Кері қайтарып алынған ЭШФ-ны алу. ЭШФ-ны қарау. ҚҚС-ты есепке алу кіші жүйесінің деректерін талдау. Алынған шот-фактураларды талдау. Берілген шот-фактураларды талдау.

  • Пайда салығын есепке алу;
  • Регламенттік операциялар

Болашақ кезеңдердің шығыстарын есептен шығару. Есеп беретін сомаларды жабу. Салықтар мен алымдар бойынша аванстық төлемдерді есепке жатқызу. Айды жабу көмекшісі.

  • Есептілік
  • Стандартты есептер. Айналым-сальдо ведомосы. Шот бойынша айналым-сальдо ведомосы. Шахмат ведомосы. Шотты талдау. Шоттың карточкасы. Шоттың айналымдары. Субконтоны талдау. Субконто арасындағы айналымдар. Субконтоның карточкасы. Жиынтық өткізулер. Өткізулер бойынша есеп.
  • Әмбебап есептер;
  • Регламенттелген есептер

Регламенттелген есепті дайындау. Қосымшалардың нысандарын толтыру, қосымшалардың нысандарымен жұмыс істеу кезіндегі негізгі командалар. Регламенттелген есепті басып шығару. Регламенттелген есептерді электрондық форматта (xml) жүктеп түсіру. Регламенттелген есептерді сақтау.

  • Конфигурациямен тиімді жұмыс.

Есепке алудың жүргізілуін экспресс-тексеру. Басшыға арналған есептер. "Кірістер мен шығыстар (пайда мен залал)" есебі. "Айналым қаражаты" есебі. "Сатып алушылар берешегінің динамикасы" есебі. "Сатып алушылардың берешегі" есебі. "Сатып алушылардың борыш мерзімдері бойынша берешегі" есебі. "Сатып алушылардың мерзімі өткен берешегі" есебі. Өнім берушілермен есеп айырысулар бойынша есептер. Деректемелерді топтық өзгерту. Деректерді өзгертуге тыйым салу күні.

  • Қорытынды.

Курстың құны: Ынтымақтастық шартымен білім беру ұйымдарының мұғалімдеріне 7500 теңге https://1c.kz/firm1c/cooper_edu.php#Dogovor_sotrudnichestvo.

Курс барысында "1С:Профессионал" ("1С:Кәсіпқой") біліктілік емтиханын тапсыру үшін қажетті тақырыптар қаралады.

Оқыту аяқталғаннан кейін тыңдаушыларға "1С" фирмасының белгіленген үлгідегі куәлігі беріледі.

Назар аударыңыз! Курстың бейнежазбасы жүргізілмейді және берілмейді!

Оқытуға өтінімдерді "1С" Қазақстан сайтында http://1c.kz/training/index.php толтыруды не training@1c.kz поштасы арқылы жіберуді сұраймыз.

Барлық сұрақтар бойынша +7 (7172) 95-42-40 (ішкі 5) телефоны арқылы хабарласыңыздар.


Тізімге оралу