«Введение в конфигурирование в системе «1C:Предприятие 8.3». Основные объекты» ("1C: Кәсіпорын 8.3" жүйесінде конфигурациялауға кіріспе". Негізгі нысандар") атты онлайн-курс 1С Қазақстан оқу орталығында 2023 жылғы 4-8 желтоқсан аралығында


18.10.2023

1С Қазақстан оқу орталығы оқу орындарының оқытушыларын «Введение в конфигурирование в системе «1C:Предприятие 8.3». Основные объекты» ("1C: Кәсіпорын 8.3" жүйесінде конфигурациялауға кіріспе".  Негізгі нысандар") атты онлайн курсына шақырады.

Ұзақтығы: 24 академиялық сағат, 5 күндік онлайн-оқыту түрінде сағат 9:30-дан 13:00-ге дейін өткізіледі.

Курстың құны: ынтымақтастық туралы шарты бар оқу орындарының оқытушылары үшін 7 500 тг.

Курстың құнына осы курс бойынша электрондық әдістемелік материалдар қосылған.

Оқу аяқталғаннан кейін тыңдаушыларға сертификатталған курстың тыңдалғаны туралы бірыңғай үлгідегі "1С" фирмасының куәлігі жіберіледі.

Оқуға арналған өтінімдерді 1С Қазақстан сайтында толтыруды сұраймыз:

Курс «1С:Предприятия 8.3» («1С: Кәсіпорын 8.3») жүйесінде конфигурациялау бойынша мамандарды бастапқы даярлауға арналған. Объектілерге бағытталған жүйелердегі бағдарламалауды білетін және/немесе «1С:Предприятие» («1С: Кәсіпорын») жүйесінің бұрынғы нұсқаларында конфигурациялау тәжірибесі бар мамандарды оқыту үшін жіберу ұсынылады.

Оқыту мақсаты: «1С:Предприятия 8.3» («1С: Кәсіпорын 8.3») жүйесінің негізгі нысандары мен тетіктері туралы шолу түсініктеме беру, күрделі емес кешенді міндеттер мысалында басқарылатын қосымша режимінде ("жұқа клиент") «1С:Предприятия 8.3» («1С: Кәсіпорын 8.3») жүйесінде бастапқы конфигурациялау және бағдарламалау дағдыларын алу.

Оқудан өту нәтижесінде тыңдаушылар:

  • «1С:Предприятия 8.3» («1С: Кәсіпорын 8.3») жүйесін құрудың жалпы қағидаттарын түсінуі;
  • «1С:Предприятия 8.3» («1С: Кәсіпорын 8.3») жүйесін одан әрі зерттеу және игеру жолдарын таңдауы;
  • «1С:Предприятия 8.3» («1С: Кәсіпорын 8.3») ортасында жұмыс істеудің негізгі дағдыларын меңгеруі тиіс.

Ұсынылған курс бойынша оқыту мамандарға «1С:Предприятияе 8» («1С: Кәсіпорын 8») жүйесі объектілерінің құрылымы мен мақсатын түсінуге, білімі «1С:Предприятияе 8» («1С: Кәсіпорын 8») бағдарламалар жүйесінің технологиялық платформасында қолданбалы шешімдерді әзірлеу және өзгерту бойынша «1С:Специалист» («1С: Маман») емтиханында тексерілетін кейбір тақырыптарды қарастыруға көмектеседі.

Қысқаша мазмұны:

Кіріспе

Курстың мақсаттары мен міндеттері

Бағдарламалық кешендегі жұмыстың жалпы қағидаттары

Жүйе объектілері:

  • Конфигурация объектілерінің жіктелуі
  • Деректер типтері
  • Әмбебап мәндер жинақтары
  • Кіріктірілген жүйе тілі
  • Негізгі объектілер
  • Тапсырманы белгілеу
  • Іске қосу режимін айқындау
  • Командалық интерфейс
  • Константалар
  • Анықтамалықтар
  • Құжаттар
  • Құжаттар журналдары
  • Мәліметтер тіркелімдері
  • Сипаттама түрлерінің жоспарлары
  • Функционалдық опциялар
  • Есепке алынатын объектілер
  • Сұраулар
  • Есептер
  • Жұмыс үстелі
  • Іріктеу өлшемшарттары
  • Толтыруды өңдеу
  • Нысанның әдістеріне жүгіну
  • Қосымша
  • Мәндерді сақтау (суреттермен жұмыс)
  • Толық мәтінді іздеу тетігі
  • Регламенттік тапсырмалар

Назар аударыңыздар: курста жазбалар жүргізілмейді және берілмейді!

1С Қазақстан оқу орталығының байланыстары:

Сайт: http://1c.kz/,

Пошта: training@1c.kz,

Телефон: +7 (7172) 95-42-40 (ішкі 118)


Тізімге оралу