Бухгалтерлер мен басшыларға арналған XIII «1С» форумы 2024 жылғы 2 ақпан


26.12.2023

Құрметті «1С» пайдаланушылары!

Қазақстандағы «1С» Өкілдігі сіздерді 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» ҚР Кодексіндегі (Салық кодексі) өзгерістерге және 2023 жылғы жылдық есептілікті тапсыру бойынша өзекті мәселелерге арналған бухгалтерлерге, қаржы директорларына, аудиторларға арналған XIII «1С» Форумына (бұдан әрі – Форум) шақырады.

«1С» форумы 2024 жылғы 2 ақпанда Астана қаласында көзбе-көз (офлайн) форматта және ҚР басқа өңірлерінен қатысушылар үшін онлайн-трансляцияда өтеді.

Көзбе-көз (офлайн) форматта қатысу үшін ПРОФ деңгейіндегі «1С:ИТС Казахстан» («1С:АТС Қазақстан») қолданыстағы шарты бар пайдаланушылар үшін және «Кеңейтілген», «Оңтайлы», «Бюджеттік», «МИБ, ПИК, ЖС, БК, СК үшін ПРОФ» қолданыстағы тарифтері бар 1С:Fresh пайдаланушылары үшін 300 орын қолжетімді.

Тіркелу кезінде сізге ыңғайлы формат ұсынылады - онлайн немесе офлайн.

Іс-шараның тақырыптары:

  1. 2024 жылға жаңа Салық кодексіндегі өзгерістерге шолу.
  2. 2023 жылғы жылдық есептілікті дайындау бойынша өзекті мәселелерді баяндау.
  3. «1С» шешімдерінде заңнаманың өзгерістерін қолдау.

Толық бағдарлама веб-сайтта 1c-forum.kz

Тақырыптарды ашу үшін мемлекеттік мекемелер өкілдерінің, сертификатталған аудиторлардың және «1С» фирмасының үлгілік шешімдерін әзірлеушілердің сөз сөйлеуі жоспарланып отыр.

«1С» форумы – бухгалтерлік және салықтық есепке алу саласындағы мамандар мен кәсіпқойлардың қарым-қатынас жасауына арналған алаң, «1С:Предприятие» («1С:Кәсіпорын») бағдарламалық өнімдері бойынша пайдаланушыларға өзекті ақпарат.

Форумда «Серіктестік шешімдер вернисажына» келіңіз, ол сізге «1С:Предприятие» («1С:Кәсіпорын») жүйесінің бағдарламалық өнімдерінің жұмысын «өз көзіңізбен» көруге, сондай-ақ «1С:Предприятие» («1С:Кәсіпорын») негізіндегі автоматтандырудың күрделі мәселелерін «1С» фирмасының серіктестерімен талқылауға мүмкіндік береді.

«Серіктестік шешімдер вернисажының» жұмыс уақыты: сағат 9:00-ден 15:00-ге дейін.

Қатысушыларды тіркеу

Тіркелу кезінде қажетті қатысу форматын таңдау – онлайн немесе көзбе-көз (офлайн) және  
1c-forum.kz сайтында тиісті өтінім беру керек.

  • Әрбір қатысушы 12 академиялық сағатқа қатысу сертификатын алады.
  • Қатысу алдын ала тіркелу бойынша тегін, трансляциясы бар сайтқа қол жеткізу тіркелген қатысушыларға ғана ұсынылады.
  • Астана қаласында көзбе-көз (офлайн) форматта қатысу ПРОФ деңгейіндегі «1С:ИТС Казахстан» («1С:АТС Қазақстан») қолданыстағы шарты бар тіркелген алғашқы 300 қатысушы үшін және «Кеңейтілген», «Оңтайлы», «Бюджеттік», «МИБ, ПИК, ЖС, БК, СК үшін ПРОФ» қолданыстағы тарифтері бар 1С:Fresh пайдаланушылары үшін ғана қолжетімді болады.
  • «1С:ИТС Казахстан» («1С:АТС Қазақстан») өзекті ақылы шарты бар қатысушылар арасында iPhone 15 пен басқа да техниканың ұтыс ойынын өткіземіз! Ұтыс ойынына қатысу үшін тіркелу кезіндегі 1С өніміңіздің нөмірін көрсетіңіз.
  • Сүйемелдеу шартының өзектілігін іс-шараға тіркелу кезінде тексеруге болады.
  • Тіркелу кезінде пайдаланушылардың Форум спикерлеріне сұрақтарын алдын ала жіберу мүмкіндігі бар.
  • Іс-шараға тіркелу онлайн-формат үшін 2024 жылғы 1 ақпанды қоса алғанға дейін қолжетімді болады, көзбе-көз форматта қатысуға тіркелу 300 қатысушы жиналған кезде жабылады

Бухгалтерлер форумына келудің 6 себебі

  1. КОНТЕНТ. Салық кодексіндегі өзгерістер туралы бірінші адамдардан біліңіз.
  2. ПРАКТИКА. Әзірлеушілерге «1С» шешімдері туралы сұрақтарыңызды қоясыз.
  3. ИННОВАЦИЯЛАР. 1С шешімдері мен сервистерінің жаңа мүмкіндіктері туралы білесіз
  4. НЕТВОРКИНГ. Әріптестеріңізбен сөйлесіп, жаңа таныстарды табасыз.
  5. ҚАТЫСУШЫ СЕРТИФИКАТЫ. 6 академиялық сағат көлеміндегі әдіснамалық материалды тыңдағаныңызды растайсыз.
  6. ЖАҒЫМДЫ БОНУСТАР. Серіктестер мен ұйымдастырушылардан сыйлықтар аласыз.

Іс-шара туралы ақпарат пен өзекті бағдарлама ресми сайтта жаңартылып отырады: 1c-forum.kz.

Конференцияға қатысу және серіктестік бойынша жалпы сұрақтарыңызды мына мекенжай бойынша жіберуге болады: marketing2@1c.kz.

Онлайн-форматта қатысуға тіркелген қатысушыларға онлайн-трансляция өтетін сайтқа сілтеме тіркелу кезінде көрсетілген электрондық мекенжайға келеді. Көзбе-көз форматта қатысуға тіркелген қатысушыларға іс-шараның өтетін орны туралы толық ақпарат та модерациядан кейін электрондық мекенжайға келеді.

Өтетін күні: 2024 жылғы 2 ақпан.

Тіркеудің басталуы: сағат 9:00-де.

Іс-шараның басталуы: сағат 10:00-де.

Іс-шараның аяқталуы: сағат 16:00-де.

Байланыс телефоны: +7 (7172) 95-42-40, ішкі 135/136.

Форумда кездескенше!


Тізімге оралу