Қазақстандағы 1С пайдаланушылары мен серіктестері үшін жұмысқа орналастыру жөніндегі сайт


28.12.2023

1С Қазақстан 2023 жылғы 27 желтоқсаннан бастап пайдаланушылар мен серіктестер үшін start.1c.kz жұмысқа орналастыру жөніндегі сайттың іске қосылғаны туралы хабарлайды.

Сервис ізденушілердің «1С» серіктестік желісі мен Қазақстандағы «1С» өкілдігінде жылдам әрі ыңғайлы жұмыс іздеуі үшін жасалған.

«1С:Франчайзи» желісінің серіктестері сайтта кандидаттардың түйіндемелеріне қол жеткізіп, бос жұмыс орындарын тезірек жаба алады.

Осылайша, start.1c.kz жұмыс берушілер мен кандидаттарға бір-бірін тезірек табуға көмектеседі.

Сайтта түйіндемелерін келесі адамдар орналастыра алады:

  • 1С тілінде немесе «1С:Предприятие» («1С:Кәсіпорын») тұғырнамасында бағдарламалауды оқыған/оқып жатқан студенттер;
  • жұмыс істеп жүрген 1С бағдарламашылары;
  • 1С әкімшілері;
  • консультант бухгалтер;
  • бухгалтер;
  • орнатушы инженер;
  • пайдаланушыларды сүйемелдеу жөніндегі сервис-инженер.

Сервисте бос жұмыс орындарын 1С:Франчайзи желісінің серіктестері ғана орналастыра алады.

start.1c.kz сервисін толық пайдалану үшін сайтта тіркелу қажет. Тіркелу тегін және барынша аз уақыт алады. Профильді құрған кезінде рөлді таңдау қажет: жұмыс беруші – компанияның өкілі немесе ізденуші – маман.

Жеке кабинетті тіркеу:

  1. start.1c.kz сайтының басты бетін ашып, «Кіру/тіркелу» таңдаңыз
  2. Рөлді таңдаңыз: егер жұмыс іздесеңіз – Жұмыс іздеп жүрмін, егер жұмыс беруші болсаңыз – Қызметкерді іздеймін
  3. Аккаунтты тіркеуді жүргізіңіз – жеке деректеріңізді енгізіңіз. 1С серіктестері 1С Бірыңғай авторландыру сервисі арқылы авторландырудан өтеді. login.1c.ru бірыңғай авторландыру сайтында тіркелген компанияның электрондық поштасының мекенжайын көрсету қажет.
  4. Тіркелгеннен кейін жұмыс беруші/ізденуші өзінің бос жұмыс орындарын/түйіндемесін жеке кабинетінде орналастыра алады.

Егжей-тегжейлі нұсқауларды мына жерден табуға болады.

Компаниялар мен ізденушілер үшін жеке кабинеттің мүмкіндіктері ерекшеленеді.

Ізденуші үшін мүмкіндіктер:

Негізгі мүмкіндік – көптеген бос жұмыс орындарын қарау және жұмыс берушілердің қызықтырған ұсыныстарына жауап беру, сондай-ақ:

  • түйіндемені жасау кезінде: профильді таңдау: 1С бағдарламашысы немесе 1С пайдаланушысы – «1С:Предприятие» («1С:Кәсіпорын») бағдарламалық өнімдерімен жұмыс істейтін мамандар;
  • түйіндемені жасаудың ыңғайлы тәсілі: 1С бағдарламасы бойынша барлық сертификаттар мен біліктілікті арттыру куәліктерін қосуға мүмкіндік береді;
  • дағдыларыңызды ескере отырып, сізді қызықтыруы мүмкін бос жұмыс орындарын ұсыну жүйесі;
  • бос жұмыс орындарына жауап беру және әңгімелесуге шақыру тарихы;
  • көптеген сүзгілерді пайдалана отырып, бос жұмыс орындарын іздеу. Мысалы, сізге жұмысқа орналасудың қандай типі, жұмыс кестесі, кіріс деңгейі қажет екенін көрсетуге болады. Егер бос жұмыс орны сіздің талаптарыңызға сәйкес келмесе, ол іздеу қорытындысында көрсетілмейді.

Жұмыс беруші үшін мүмкіндіктер:

Жұмыс беруші әлеуетті қызметкер туралы бүкіл қажетті ақпаратты алып, оның түйіндемесін зерделей алады, сондай-ақ мыналарды жасай алады:

  • компанияның профилін жасау;
  • әртүрлі санаттарда бос жұмыс орындарының шектелмеген санын жасау: 1С пайдаланушысы немесе 1С бағдарламашысы;
  • сүзгіні пайдалана отырып, ізденушілерді іздеуді белгіленген өлшемшарттар бойынша жүргізу;
  • өзі тапқан немесе өз бетінше жауап жіберген ізденушілерді әңгімелесуге шақыру;
  • жауаптармен ыңғайлы жұмыс – сүзгілеу және сұрыптау.

Сұрақтарыңыз бойынша +7 (7172) 95-42-40 телефоны арқылы немесе start@1c.kz e-mail-іне хабарласуды сұраймыз.


Тізімге оралу