«1С:Бухгалтерия 8 для Казахстана. Принципы формирования регламентированной отчетности. Редакция 3.0». жаңартылған сертификатталған онлайн-курсы 2024 жылғы 15 – 19 қаңтар аралығында


14.12.2023

1С Қазақстан Оқу орталығы «1С» фирмасының серіктестері мен пайдаланушыларын «1С:Бухгалтерия 8 для Казахстана. Принципы формирования регламентированной отчетности. Редакция 3.0» онлайн-курсына қатысуға шақырады.

«1С:Бухгалтерия 8 для Казахстана. Принципы формирования регламентированной отчетности». Редакция 3.0» сертификатталған базалық курсының жаңартылғаны туралы хабарлаймыз. Курс конфигурациядағы өзгерістерге, салық заңнамасындағы өзгерістерге сәйкес толығымен жаңартылды және СОО сертификатталған курстарын жазу стандарттарына сәйкес келеді.

Курс салықтық есептілікті электрондық форматта толтырумен, тексерумен және қалыптастырумен айналысатын бухгалтерлерге арналған. Курс «Бухгалтерия для Казахстана» («Қазақстанға арналған Бухгалтерия»), 3.0 редакциясы конфигурациясында жұмыс тәжірибесі бар, сондай-ақ салықтық есептілікті толтыру қағидаларымен таныс тәжірибелі пайдаланушыларға есептелген.

Оқытудың мақсаты – пайдаланушылардың «Бухгалтерия для Казахстана» («Қазақстанға арналған Бухгалтерия») үлгілік шешімінің құрамына кіретін регламенттелген есептіліктің нысандарын қалыптастыру және тексеру тәртібін зерделеуі.

Қысқаша мазмұны:

Регламенттелген есептермен жұмыс істеудің жалпы қағидаттары

  • Регламенттелген есептерді жаңарту;
  • Регламенттелген есепті дайындау;
  • Қосымшалардың нысандарын толтыру, нысандармен жұмыс істеу кезіндегі негізгі командалар;
  • Регламенттелген есепті басып шығару;
  • Регламенттелген есепті электрондық форматта (xml) жүктеп түсіру;
  • Регламенттелген есептерді сақтау.

Құрылымдық бөлімшелер бойынша салықтық есептілікті қалыптастыру мүмкіндігін ұйымдастыру

ҚҚС декларациясы, 300.00 нысаны

  • ҚҚС-ты есепке алу;
  • Өтелуге жататын ҚҚС-ты түзету;
  • Есепке жазылған ҚҚС және оны түзету;
  • ҚҚС бойынша декларацияны қалыптастыруды бастамас бұрын есепке алуда ҚҚС сомаларының көрсетілу дұрыстығын тексеру.

Жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларацияны қалыптастыру қағидаттары, 200.00 нысаны

  • Есеппен жұмыс істеудің жалпы қағидаттары;
  • Жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларацияның (200.00 нысаны) негізгі нысанын толтыру қағидаттары;
  • Жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларацияға (200.00 нысаны) 200.01 қосымшасын толтыру қағидаттары;
  • Жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларацияға (200.00 нысаны) 200.03 қосымшасын толтыру қағидаттары;
  • Жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларацияға (200.00 нысаны) 200.05 қосымшасын толтыру қағидаттары.

Мүлік салығы, жер салығы және көлік салығы бойынша ағымдағы төлемдерді қалыптастыру және есептеу қағидаттары

  • Мүлік салығы бойынша ағымдағы төлемдерді есептеу (701.01 нысаны);
  • Жер салығы бойынша ағымдағы төлемдерді есептеу (701.01 нысаны);
  • Көлік салығы бойынша ағымдағы төлемдерді есептеу (701.00 нысаны).

Жер салығы, көлік құралдары салығы және мүлік салығы бойынша декларацияны (700.00 нысаны) қалыптастыру қағидаттары.

Шағын бизнес субъектілеріне арналған оңайлатылған декларацияны қалыптастыру қағидаттары, 910.00 нысаны

  • Шағын бизнес субъектілері бойынша есепке алуды жүргізу үшін конфигурацияның негізгі баптаулары;
  • Шағын бизнес субъектілеріне арналған оңайлатылған декларацияны (910.00 нысаны) толтыру қағидаттары.

Қаржылық есептілік

  • Шағын және орта бизнес субъектілеріне арналған ХҚЕС-ке (ШОБ ХҚЕС) сәйкес бухгалтерлік балансты, жиынтық кіріс туралы есепті, ақша қаражатының қозғалысы туралы есепті (тікелей әдіс), меншікті капиталдағы өзгерістер туралы есепті қалыптастыру қағидаттары.

Салықтық есепке алу және Корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны (100.00 нысаны) толтыру

  • Пайда салығын есепке алудың негізгі қағидаттары;
  • 100.00 нысаны мен оның қосымшаларын толтыруға арналған негізгі тексеру құралдары.

Курстың ұзақтығы: 24 академиялық сағат, 5 күндік онлайн-оқыту түрінде сағат 09:30-дан 13:00-ге дейін өткізіледі.

Курстың құны: пайдаланушылар үшін 64 000 теңге; серіктес фирмалар үшін – 56 000 теңге. Курстың құнына осы курс бойынша электрондық әдістемелік материалдар қосылған.

Оқыту аяқталғаннан кейін тыңдаушыларға «1С» фирмасының белгіленген үлгідегі куәлігі беріледі.

Назар аударыңыз! Курстың жазбасы жүргізілмейді және берілмейді!

Оқытуға өтінімдерді 1С Қазақстан сайтында «1С Қазақстан Оқу орталығының курстары мен емтихандары» бөлімінде толтырыңыздар.

Іс-шараны ұйымдастырушы: «1С Қазақстан» Өкілдігі.

Сұрақтар бойынша +7 (7172) 95-42-40 (ішкі 5) телефоны арқылы хабарласыңыздар.


Тізімге оралу