2023-2024 оқу жылының студенттік 1С:Жарыстары шеңберінде 1С:УНФ (1С:БФБ-де) шағын бизнесті автоматтандырудың өңірлік конкурсы


08.01.2024

«1С:Управление нашей фирмой» («1С:Біздің фирмамызды басқару»-ды) қолдана отырып, шағын бизнесті автоматтандыру жөніндегі конкурс шеңберінде (ақпараттық хат және Конкурс туралы ереже – http://1c.ru/news/info.jsp?id=31286) 2024 жылғы 11 наурызда Қазақстанда онлайн-форматта конкурстың өңірлік туры өтеді.

Қатысушыларды өңірлік турға тіркеу (https://www.student.1c.ru/students-competitions/konkursy-i-olimpiady/keys-konkurs-po-upravleniyu-smb/regional-tour/).

Өңірлік турға қатысуға өтінімді 06.03.2024 жылға дейін беру қажет.

Өңірлік турдың ұйымдастыру комитетінің төрағасы – «1С» фирмасының Қазақстандағы өкілдігінің басшысы Д.И. Годун. Өңірлік қазылар алқасын «1С:Франчайзинг Ваниев Алматы» ЖШС басшысы Е.В. Ялымова басқарады.

«1С:Управление нашей фирмой» («1С:Біздің фирмамызды басқару») (1С:УНФ (1С:БФБ)) – шағын және орта бизнес компанияларының бизнес-процестері мен басқарушылық есепке алуын автоматтандыруға арналған танымал бағдарлама, компанияны басқару мен есепке алудың барлық негізгі блоктарын қамтиды және шын мәнінде шағын-ERP болып табылады https://v8.1c.ru/small.biz. Конкурсқа қатысу өзіңді басшы, қаржы директоры немесе бизнес-талдаушы рөлінде сезінуге мүмкіндік береді, бағдарламаның кең мүмкіндіктерін пайдалана отырып, бизнес-процестерді құруға және шынайы кейсті орындауға мүмкіндік береді.

Конкурсқа дайындалу және қатысу үшін студенттерге бұлтты сервиске қолжетімділік ұсынылады. Сервиске қолжетімділікті ұйымдастыру комитеті қатысушының өтінімі бойынша тіркелген кезінен бастап және 2024 жылғы 10 наурызға дейін (қоса алғанда) ұсынады.

Өңірлік турдың қорытындысы бойынша жеңімпазды 2024 жылғы 21 сәуірде Мәскеудегі «1С» фирмасының Зерттеулер, әзірлеу және оқыту орталығында өтетін финалға қатысу үшін жіберу жоспарланып отыр. Жеңімпаздың жол жүру және тұру шығыстарын «1С» фирмасының Қазақстандағы өкілдігі мен «1С» фирмасы өзіне алады. Финалдың жүлделері – 30 000-нан 250 000 рубльге дейін.

Экономикалық мамандықтар бойынша оқитын студенттерге конкурсқа қатысуды ұсынамыз, өйткені бұл шынайы бизнес-кейстерді шешуде практика алу, өзінің білімі мен дағдыларын объективті бағалау және 1С:УНФ (1С:БФБ-ні) одан да жақсы меңгеру үшін жақсы мүмкіндік.

«1С» серіктестерін оқу орындарымен және оқытушылармен байланыстарды кеңейту, бизнес-процестерді талдау және 1С:УНФ (1С:БФБ-ні) енгізу саласындағы қызметке мүдделі белсенді және ынталы студенттермен танысу үшін жаңа конкурсты пайдалануға шақырамыз.

Дайындалу үшін 2023 жылғы конкурстық тапсырмамен де танысуды ұсынамыз https://www.student.1c.ru/vse-dlya-obucheniya/media/filter/event_type-is-1s-unf/ok/.

БАЙЛАНЫС ДЕРЕКТЕРІ

Қазақстанның ұйымдастыру комитеті: тел.:  +7 (7172) 95-42-40 (Астана қаласы), электрондық пошта: training@1c.kz.

Студенттік «1С:Жарыстардың» ресми сайты – https://www.student.1c.ru/students-competitions/.


Тізімге оралу