"1С:Предприятие 8. Зарплата и управление персоналом для Казахстана" (1С:Кәсіпорын 8. Қазақстан үшін жалақы және персоналды басқару) Редакция 3.1. Типтік конфигурацияны практикалық қолдану" атты онлайн-курсы 2024 жылғы 22-26 қаңтар аралығында


10.01.2024

1С Қазақстан оқу орталығы "1С" фирмасының серіктестері мен пайдаланушыларын "1С:Предприятие 8. Зарплата и управление персоналом для Казахстана". Практическое применение типовой конфигурации. Редакция 3.1" ("1С: Кәсіпорын 8" Қазақстан үшін жалақы және персоналды басқару". Типтік конфигурацияны практикалық қолдану. 3.1 редакциясы") онлайн-курсына қатысуға шақырады.

Курс "1С:Зарплата и управление персоналом 8 для Казахстана" ("Қазақстан үшін  1С:Жалақы және персоналды басқару 8") конфигурациясында есеп жасауды жүргізетін немесе жүргізуді жоспарлап жүрген пайдаланушыларға арналған және үлгілік шешімнің мүмкіндіктерімен танысуға және онда жұмыс істеудің пайдаланушылық дағдыларын игеруге бағытталған.

Курс кадр қызметінің қызметкерлеріне, бухгалтерлерге және жалақыны есептеу жөніндегі мамандарға "1С:Зарплата и управление персоналом 8 для Казахстана" ("Қазақстан үшін  1С:Жалақы және персоналды басқару 8") конфигурациясының мүмкіндіктерін кәсіпорынның кадрлық қажеттіліктерін талдау, персоналды жұмыспен қамтуды жоспарлау, кадрларды есепке алу, персоналдың жалақысын есептеу және т. б. сияқты регламенттелген кадрлық есепке алу және жалақыны есептеу бөлігінде тиімді пайдалануға көмектеседі.

Курста орындалатын практикалық тапсырмалар біртұтас міндет болып табылады. Курс барысында осы міндетті кезең-кезеңмен орындау бағдарламаның тетіктерін игеруге және тыңдаушылар күнделікті қызметте қолдана алатын міндеттерді таңдауға мүмкіндік береді. Курстың әр тыңдаушысы алатын әдістемелік материалдар уақыт өте келе сабақта үйренген және жұмысқа қажетті материалды оңай және тез есте сақтауға көмектеседі.

Оқыту мақсаты: "1С:Зарплата и управление персоналом 8 для Казахстана" ("Қазақстан үшін  1С:Жалақы және персоналды басқару 8") конфигурациясының пайдаланушы режимін игеру (3.1 редакциясы), бағдарламаның штаттық құралдарымен пайдаланушы міндеттерін іске асыру дағдыларын пысықтау.

Курстың қысқаша мазмұны:

  1. Конфигурациямен танысу;
  2. Міндетті белгілеу;   
  3. Бағдарламаны бастапқы баптап орнату;
  4. Есептеулер мен ұстап қалуларды баптап орнату;
  5. Анықтамалық ақпаратты енгізу;
  6. Жұмыс уақытын баптап белгілеу;
  7. Ұйымның құрылымы;
  8. Штат кестесі;
  9. Регламенттелген кадрлық есеп;
  10. Уақытты есепке алу;
  11. Әскери есеп;
  12. Регламенттелетін жалақыны есептеу;
  13. Жалақыны төлеу;
  14. Салықтарды, жарналарды және аударымдарды аудару және қайтару;
  15. Есепте жалақыны көрсету.

Курстың ұзақтығы: 40 академиялық сағат, 5 күндік онлайн-оқыту түрінде сағат 09:30-дан 13:30-ға дейін өткізіледі.

Курстың құны: пайдаланушылар үшін 72 000 теңге; серіктес фирмалар үшін – 62 000 теңге. Курстың құнына осы курс бойынша электрондық әдістемелік материалдар қосылған.

Оқудан кейін сертификатталған курстың тыңдалғаны туралы бірыңғай үлгідегі "1С" фирмасының куәлігі беріледі.

 Назар аударыңыз! Курстың бейнежазбасы 3 аптаға беріледі.

Оқуға арналған өтінімдерді 1С Қазақстан сайтында "1С Қазақстан оқу орталығының курстары мен емтихандары" бөлімінде толтыруға болады: https://1c.kz/training/162641/

Іс-шараны ұйымдастырушы: "1С Қазақстан" өкілдігі.

Сұрақтар бойынша +7 (7172) 95-42-40 (ішкі 118) телефоны бойынша хабарласуға болады.


Тізімге оралу