«1С:Бухгалтерия 8 для Казахстана (Қазақстанға арналған 1С:Бухгалтерия 8): алғашқы қадамдар» атты онлайн-курс 2023 жылғы 29 қаңтар мен-01 ақпан аралығында 1С Қазақстан Оқу орталығында


15.01.2024

1С Қазақстан Оқу орталығы сіздерді «1С:Бухгалтерия 8 для Казахстана: первые шаги» атты онлайн-курсқа шақырады.

Ұзақтығы: 16 академиялық сағат, сағат 9:30-дан 12:30-ға дейін 4 күндік онлайн-оқыту түрінде өткізіледі. Курс орыс тілінде жүргізіледі.

Курс:

  • компьютерде жұмыс істеу дағдыларын меңгерген;
  • бухгалтерлік және салықтық есепке алу түрлерінің пәндік саласында білімі бар мамандарға арналған.

«1С:Бухгалтерия 8 для Казахстана: первые шаги» курсында тыңдаушыларды оқыту мақсаттары:

  • «Бухгалтерия для Казахстана» («Қазақстанға арналған бухгалтерия») конфигурациясымен жұмыс істеу негіздерін зерделеу;
  • практикалық жаттығулар мен қосымша практикумдарды орындау көмегімен алынған дағдыларды меңгеру және бекіту болып табылады.

Оқытудан өту нәтижесінде тыңдаушылар:

  • конфигурация функционалының негізгі мүмкіндіктерін білуге және іс жүзінде қолдана алуға;
  • негізгі құжаттардың, анықтамалықтардың мақсатын білуге және үлгілік есептердің көмегімен деректерді талдауды орындай алуға тиіс.

Қысқаша мазмұны:

  • «1С:Бухгалтерия 8 для Казахстана» («Қазақстанға арналған 1С:Бухгалтерия 8») бағдарламасының негізгі ұғымдары
  • Ақпараттық базаны дайындау
    • Бағдарламаны іске қосу
    • Есепке алу параметрлерін баптау
    • Шоттардың жоспарлары
    • Ұйым туралы мәліметтерді енгізу
    • Ұйымның есепке алу саясаты туралы мәліметтерді енгізу
    • Анықтамалықтарды бастапқы толтыру
    • Бастапқы қалдықтарды енгізу
  • Есепке алуды жүргізудің жалпы қағидаттары
    • Кассалық операцияларды есепке алу. Есеп беретін тұлғалармен есеп айырысу
    • Сауда және банк операцияларын есепке алу
    • Негізгі құралдарды есепке алу
    • Материалдар мен өндірісті есепке алу
    • Жалақы және кадрлық есепке алу
    • Кезеңнің аяқталуы

Курстың құны: 52 800 теңге – пайдаланушылар үшін, 46 200 теңге – серіктестер үшін.

Курстың құнына: осы курс бойынша электрондық әдістемелік материалдар қосылған.

Оқыту аяқталғаннан кейін тыңдаушыларға сертификатталған курсты тыңдағаны туралы бірыңғай үлгідегі «1С» фирмасының куәлігі жіберіледі.

Оқытуға өтінімдерді 1С Қазақстан сайтында толтыруды өтінеміз: https://1c.kz/training/162643/

Назар аударыңыз! Курстың бейнежазбасы 3 аптаға беріледі.

1С Қазақстан Оқу орталығының байланыстары:

Сайт: http://1c.kz/,

Пошта: training@1c.kz,

Телефон: +7 (7172) 95-42-40 (ішкі 118).


Тізімге оралу