«1С:Предприятие 8» («1С:Кәсіпорын 8») жүйесінде конфигурациялау» атты онлайн-курс 1С Қазақстан Оқу орталығында 2024 жылғы 26 ақпан – 20 наурыз аралығында


07.02.2024

1С Қазақстан Оқу орталығы сіздерді 2024 жылғы 26 ақпан – 20 наурыз аралығында «1С:Предприятие 8» («1С:Кәсіпорын 8») жүйесінде конфигурациялау» атты онлайн-курсқа шақырады.

Кешенді курс бірден мынадай 4 курсты қамтиды:

  1. «1C:Предприятие 8.3» («1С:Кәсіпорын 8.3») жүйесінде конфигурациялауға кіріспе. Негізгі объектілер
  2. «1C:Предприятие 8.3» («1С:Кәсіпорын 8.3») жүйесінде конфигурациялау. Жедел міндеттерді шешу
  3. «1C:Предприятие 8.3» («1С:Кәсіпорын 8.3») жүйесінде конфигурациялау. Есеп айырысу міндеттерін шешу
  4. «1C:Предприятие 8.3» («1С:Кәсіпорын 8.3») жүйесінде конфигурациялау. Бухгалтерлік міндеттерді шешу

Курстың мақсаты: тыңдаушыларға есепке алудың мынадай барлық үш бағытының: жедел есепке алудың, бухгалтерлік есепке алудың, күрделі мерзімді есеп қисаптардың міндеттерін шешу кезіндегі қажетті конфигурациялау дағдыларын беру.

Курс жүйеде конфигурациялау мен бағдарламалаудың базалық дағдыларын алуды қалайтын «1С:Предприятие 8» («1С:Кәсіпорын 8») жүйесінде конфигурациялау жөніндегі мамандарды дайындауға арналған. Курсқа объектіге бағдарланған тілдерде бағдарламалау тәжірибесі бар және/немесе «1С:Предприятие 8» («1С:Кәсіпорын 8»-де) конфигурациялау тәжірибесі бар мамандарды жіберу ұсынылады.

Оқытудан өту нәтижесінде тыңдаушылар:

  • барлық қолданбалы объектілерді білуге және оларды шынайы міндеттерде пайдалана білуге;
  • тұғырнама бойынша емтихан тапсырмаларын шешу кезінде есепке алудың жедел, бухгалтерлік және есеп айырысу бөлімдерінің барлық объектілерін сауатты баптай білуге;
  • «1С:Предприятие 8» («1С:Кәсіпорын 8») жүйесін одан әрі зерделеу және игеру жолдарын таңдауға тиіс.

Ұсынылған курс бойынша оқыту мамандарға «1С:Предприятие 8» («1С:Кәсіпорын 8») технологиялық тұғырнамасының базасында бағдарламалық өнімдерді енгізуге тез әрі уақтылы дайындалуға, жүйе объектілерінің құрылымы мен мақсатын түсінуге, білімі «1С:Предприятие 8» («1С:Кәсіпорын 8») бағдарламалары жүйесінің технологиялық тұғырнамасында қолданбалы шешімдерді әзірлеу және түрлендіру бойынша «1С:Специалист» («1С:Маман») емтиханында тексерілетін тақырыптарды зерделеуге көмектеседі.

«1C:Предприятие 8.3» («1С:Кәсіпорын 8.3») жүйесінде конфигурациялауға кіріспе. Негізгі объектілер

Курстың мақсаты: тыңдаушыларға «1С:Предприятие 8» («1С:Кәсіпорын 8») жүйесінің негізгі объектілері мен тетіктері туралы жалпы түсінік, күрделі емес кешенді міндеттер мысалында «1С:Предприятие 8» («1С:Кәсіпорын 8») жүйесінде әкімшілендірудің, конфигурациялаудың, бағдарламалаудың бастапқы дағдыларын беру. Курс «1С:Предприятие 8» («1С:Кәсіпорын 8») конфигурациялауы жөніндегі мамандарды бастапқы даярлауға арналған.

Курстың қысқаша мазмұны:

Жүйенің объектілері: Конфигурация объектілерінің сыныптамасы. Деректердің типтері. Кіріктірілген бағдарламалық тіл. Курстың міндетін қою.

Ақпараттық дерекқорды құру. Кіші жүйелер. Суреттер. Тұрақты шамалар. Анықтамалықтар. Аударымдар. Құжаттар. Құжаттардың журналдары. Мәліметтердің тіркелімдері. Жинақтау тіркелімдері. Негізінде енгізу. Іріктеу өлшемшарттары. Мәндер қоймасы. «Такси» интерфейсі.

Сұрау салулар конструкторы, шығыс нысандарының конструкторы. Сұрау салулар. Сұрау салудың нәтижелерін айналып өту тәсілдері. Басып шығару нысандары. Есептер. Тізім. Кросс-кесте. Диаграмма. Өңдеулер.

Әкімшілендіру: Рөлдер мен пайдаланушыларды айқындау. Ақпараттық базаны жүктеп түсіру, жүктеу.

«1C:Предприятие 8.3» («1С:Кәсіпорын 8.3») жүйесінде конфигурациялау. Жедел міндеттерді шешу

Курстың мақсаты:  жедел есепке алу міндеттерін конфигурациялау дағдыларын алу. Курс «1С:Предприятие 8» («1С:Кәсіпорын 8») жүйесінде конфигурациялау жөніндегі мамандарды даярлауға арналған. Курсқа объектіге бағдарланған тілдерде бағдарламалау тәжірибесі бар және/немесе «1С:Предприятие 8» («1С:Кәсіпорын 8»-де) конфигурациялау тәжірибесі бар және «1С:Предприятие 8» («1С:Кәсіпорын 8») жүйесінде конфигурациялауға кіріспе. Негізгі объектілер» курсының (сертификатталған курс) материалдарымен танысқан мамандарды жіберу ұсынылады.

Курстың қысқаша мазмұны:

Пайдаланылатын объектілер және міндетті қою: Жүйенің объектілері. Көрсеткіштер. Тіркелімдердің рөлі мен орны. Міндетті қою.

Тіркелімдермен жұмыс. Қалдықтар тіркелімі. Ең қарапайым тіркелімнің құрылымы. Өлшемдер мен ресурстар. Тіркеуші және Кезең. Тіркелім бойынша қозғалыстарды жазудың ықтимал тәсілдері. Қалдықтар тіркелімінен деректерді алудың ықтимал тәсілдері.

Құжаттарды өткізу технологиялары: «Шартталған» өткізу. Жедел және жедел емес өткізу. Партиялық есепке алуды ұйымдастыру. «Тірі» база тіркелімдерінің құрылымына өзгерістер енгізу қағидалары. «1С:Предприятие 8» («1С:Кәсіпорын 8») жүйесінің тез әрекет етуіне қойылатын талаптары жоғары болған жағдайларда құжаттарды өткізуді іске асыру алгоритмі. Қозғалыс көрсеткіштерін талдау міндеттерін шешу. Қалдықтар мен айналым тіркелімдерінің деректемелерін пайдалану. «Сатуды талдау» есебі.

Мәліметтер тіркелімімен жұмыс: Сатудан кейінгі қызметтерді көрсетуді жоспарлау процесін ұйымдастыру. Міндетті қою. Қажетті объектілерді жасау. Мәліметтер тіркелімімен жұмыс.

«Тауарларды резервтеу және белсенді сатылымдарды жоспарлау» атты үлкен өзіндік жұмыс.

«1C:Предприятие 8.3» («1С:Кәсіпорын 8.3») жүйесінде конфигурациялау. Бухгалтерлік міндеттерді шешу

Оқытудың мақсаты: бухгалтерлік есепке алу міндеттерін конфигурациялау дағдыларын алу. Курс «1С:Предприятие 8» («1С:Кәсіпорын 8») жүйесінде конфигурациялау жөніндегі мамандарды даярлауға арналған. Курсқа объектіге бағдарланған тілдерде бағдарламалау тәжірибесі бар және/немесе «1С:Предприятие 8» («1С:Кәсіпорын 8»-де) конфигурациялау тәжірибесі бар және «1С:Предприятие 8» («1С:Кәсіпорын 8») жүйесінде конфигурациялауға кіріспе. Негізгі объектілер» курсының материалдарымен танысқан мамандарды жіберу ұсынылады.

Курстың қысқаша мазмұны:

Бухгалтерлік есепке алудың негізгі ұғымдары. Бухгалтерлік есепке алу ұғымдары. Шоттар мен қосалқы шоттарда синтетикалық есепке алуды ұйымдастыру. Айналым балансын жасау.

Бухгалтерия тіркелімін жобалау. Бухгалтерия тіркелімінің құрылымы. Өлшемдер. Ресурстар. Деректемелер. Бухгалтерия тіркеліміне деректерді енгізу. «1С:Предприятия 8» («1С:Кәсіпорын 8») кестелік деректер моделіндегі бухгалтерия тіркелімі. Тіркелімнің шынайы және виртуалды кестелері. Бухгалтерия тіркелімдерінің деректері негізінде синтетикалық есептілікті қалыптастыру. Шоғырландырылған есепке алу.

Талдамалық есепке алуды ұйымдастыру. Субконто түрі және «1С:Предприятия 8» («1С:Кәсіпорын 8»-дегі) субконто ұғымдары. Субконто түрлерін жасау үшін «Сипаттама түрлерінің жоспары» объектісін пайдалану. Талдамалық есепке алуды жүргізу үшін шоттардың жоспарын баптау. Талдамалық есептерді жобалау. Субконтоны есепке алудың алдын ала айқындалған белгісі – «айналымдар ғана» және есептерді айналым субконтолары бойынша құру. Субконтоны есепке алудың қосымша белгілері – таңдалған шот субконтосының түрі үшін есепке алудың жекелеген түрлерін ажырату мүмкіндігі.

Сандық есепке алуды ұйымдастыру. Бухгалтерия тіркелімінде қозғалыстарды қалыптастыру және деректерді заттай мәнде сақтау. Құндық және заттай мәндегі есептілік.

Валюталық есепке алуды ұйымдастыру. Бухгалтерия тіркелімін баптау. Валюталар бойынша есептілік және бағамдық айырмаларды есептеу. Үш валюталық есепке алу.

«1С:Предприятии 8» («1С:Кәсіпорын 8»-де) бухгалтерлік есепке алу тетіктері бойынша үлкен өзіндік жұмыс.

«1C:Предприятие 8.3» («1С:Кәсіпорын 8.3») жүйесінде конфигурациялау. Есеп айырысу міндеттерін шешу

Оқытудың мақсаты: жалақыны есептеу мен персоналды есепке алуды конфигурациялау дағдыларын алу. Курс «1С:Предприятие 8» («1С:Кәсіпорын 8») жүйесінде конфигурациялау жөніндегі мамандарды даярлауға арналған. Курсқа объектіге бағдарланған тілдерде бағдарламалау тәжірибесі бар және/немесе «1С:Предприятие 8» («1С:Кәсіпорын 8»-де) конфигурациялау тәжірибесі бар және «1С:Предприятие 8» («1С:Кәсіпорын 8») жүйесінде конфигурациялауға кіріспе. Негізгі объектілер» курсының (сертификатталған курс) материалдарымен танысқан мамандарды жіберу ұсынылады.

Курстың қысқаша мазмұны:

Негізгі ұғымдар. Тіркеу кезеңі, Қолданылу Кезеңі Басы, Қолданылу Кезеңі Аяғы, Қолданылу Кезеңі, Іс жүзіндегі Қолданылу Кезеңі; Базалық кезең. Есептеудің ығыстырушы түрлері. Есептеудің жетекші түрлері. Есептеудің базалық түрлері.

Есептеу түрлерінің жоспарлары: Есептеу түрлерінің жоспарын баптау. Есептеу түрлері жоспарының есептік қасиеттері.

Есептеу тіркелімдері: Есептеу тіркелімдерін баптау. Есептеу тіркелімінің «Кесте» қасиеті. Жұмыс Кестесі мәліметтерінің тіркелімі. Өлшемдер. Ресурстар. Деректемелер.

Есептеу тіркелімдерінде жазбалар жасау. Есептеу тіркеліміне жазбаларды қалыптастырудың 3 кезеңі.

Есептеу тіркелімдерінің ресурстарын есептеу. Есептеу тіркелімдері сұрау салуларының кестелері. Есептеу тіркелімдері сұрау салуларының кестелерін пайдалана отырып, есептеу тіркелімдерінің ресурстарын есептеу. Есептеу тіркелімдерінің ресурстарын есептеу үшін жалпы модульдерді пайдалану.

Есептеу тіркелімдерімен қосымша жұмыс істеу мүмкіндіктері. Есептер. Қайта есептеулер.

Ұзақтығы: 80 академиялық сағат, сағат 14:00-ден 18:00-ге дейін онлайн-оқыту түрінде өткізіледі.

Курстың құны: пайдаланушылар үшін 130 000 теңге, «1С» серіктес фирмалары үшін 115 000 теңге.

Курстың құнына: осы курс бойынша электрондық әдістемелік материалдар қосылған.

Оқыту аяқталғаннан кейін тыңдаушыларға сертификатталған курсты тыңдағаны туралы «1С» фирмасының бірыңғай үлгідегі куәлігі жіберіледі.

Назар аударыңыз! Курстың бейнежазбасы 3 аптаға беріледі.

Оқытуға өтінімдерді 1С Қазақстанның https://1c.kz/training/162645 сайтында толтыруды сұраймыз.

1С Қазақстан Оқу орталығының байланыстары:

Сайт: http://1c.kz/

Пошта: training@1c.kz,

Телефон: +7 (7172) 95-42-40 (ішкі 5)


Тізімге оралу