Онлайн-курс «Использование прикладного решения «1С:Розница 8 для Казахстана», ред. 2.3» («Қазақстан үшін 1С:бөлшек сауда 8» қолданбалы шешімді пайдалану», 2.3 ред.») 2024 жылғы 26-29 наурыз аралығында


27.02.2024

1С Қазақстан Оқу орталығы серіктестер мен пайдаланушыларды «Использование прикладного решения «1С:Розница 8 для Казахстана», ред. 2.3» («Қазақстан үшін 1С:бөлшек сауда 8» қолданбалы шешімді пайдалану», 2.3 ред.») атты сертификатталған онлайн-курсына шақырады.

Оқыту мақсаты:

  • «1С: Розница 8 для Казахстана» («Қазақстан үшін 1С:Бөлшек сауда 8») - ақпараттық базаны құрудан бастап сауда қызметінің қаржылық нәтижелерін талдауға дейін жұмыс істеу бойынша практикалық дағдыларды игеру.

Курс:

  • дүкенді автоматтандыру процесін өз бетінше басқаратын және бақылайтын дүкендер директорларына;
  • бағдарламаны қажетті көлемде игергісі келетін және басқа қызметкерлерді (әкімшілер, кассирлер, қоймашылар) оқытуға әзірленіп жүрген дүкендер менеджерлеріне;
  • автоматтандыру құралдарын пайдалана отырып, өз идеяларын барынша іске асыруға ұмтылатын маркетологтарға;
  • сауда ұйымдарында жұмыс істеуді жоспарлап отырған экономикалық мамандықтар студенттеріне арналған. 

Ұзақтығы: 20 академиялық сағат, 4 күндік онлайн-оқыту түрінде сағат 09:30-ден 13:30-ге дейін өткізіледі.

Курстың мазмұны:

  1. Конфигурация туралы жалпы мәліметтер.  
  2. Ақпараттық базаны бастапқы толтыру.
    • Ақпараттық базаны бастапқы орнату;
    • Анықтамалық ақпаратты толтыру;
    • Ұйым туралы деректерді енгізу;
    • Бөлшек желі туралы деректерді енгізу;
    • Номенклатура туралы ақпаратты енгізу;      
    • Бастапқы қалдықтарды енгізу.          
  3. Баға саясатын айқындау.
    • Баға белгілеу қағидалары;
    • Баға түрлері;
    • Дүкенде қолданылатын жеңілдіктерді (үстемелерді) белгілеу;
    • Баға белгілеу туралы есептер.
  4. Сатып алуды басқару.     
    • Өнім жеткізушілер туралы ақпаратты жүргізу;
    • Өнім жеткізушілерге тапсырыстарды қалыптастыру және өңдеу, өнім жеткізушілерге тапсырыстарды төлеу;
    • Тауардың қоймаға түсуі. Тауарды жеткізушіге қайтару;
    • Тауарды дүкен қоймаларына бөлу;
    • Сатып алу туралы есептер.
  5. КЖО (Кассирдің жұмыс орны) Интерфейсінде бөлшек сатылымдарды ресімдеу.           
  6. Менеджер режимінде бөлшек сатылымдарды ресімдеу.
  7. Жиынтықтармен және жинақтауыштармен жұмыс.
  8. Дүкенде түгендеу жүргізу.
  9. Тауарды көтерме сату.     
  10. Сыйлық сертификаттарын, жеңілдік карталарын пайдалану.
  11. Өзіндік құнын есептеу және белгілеу, жалпы пайданы бағалау.

Оқудан кейін тыңдаушыға «1С» фирмасының осы оқу курсынан өткені туралы куәлігі беріледі.

Құны:

  • серіктестер үшін 50 000 теңге;
  • пайдаланушылар үшін 55 000 теңге.

Құнына осы курс бойынша әдістемелік материалдар қосылған.

Іс-шараны ұйымдастырушы: 1С Қазақстан оқу орталығы.

Оқуға арналған өтінімдерді 1С Қазақстан сайтында «1С Қазақстан оқу орталығының курстары мен емтихандары» бөлімінде толтыруды сұраймыз: https://1c.kz/training/162646/ 

Назар аударыңыз! Курстың бейнежазбасы 3 аптаға беріледі.

1С Қазақстан оқу орталығының байланыстары:
Сайт: http://1c.kz/
Пошта: training@1c.kz

Барлық сұрақтар бойынша +7-7172-95-42-40 (ішкі. 5) телефонына хабарласуға болады.


Тізімге оралу