"1С:Бухгалтерия 8 для Казахстана" ("Қазақстанға арналған 1С:Бухгалтерия 8") конфигурациясы бойынша "1С:Специалист-консультант" ("1С:Консультант маман") емтиханына дайындық" атты авторлық сертификатталған онлайн курс 2024 жылғы 01 – 04 сәуір аралығында


11.03.2024

1С Қазақстан Оқу орталығы "1С" фирмасының серіктестері мен пайдаланушыларын "1С:Бухгалтерия 8 для Казахстана" ("Қазақстанға арналған 1С:Бухгалтерия 8") конфигурациясы бойынша "1С:Специалист-консультант" ("1С:Консультант маман") емтиханына дайындық" атты онлайн-курсқа қатысуға шақырады.

Курстың сипаттамасы: курста тыңдаушылар "1С:Бухгалтерия 8 для Казахстана" ("Қазақстанға арналған 1С:Бухгалтерия 8") конфигурациясының "Специалист-консультант" ("Консультант маман") емтиханын сәтті тапсыруға қойылатын талаптарды біледі, емтихан билетін шешу әдістемесін меңгереді және иллюстрациялық билеттерді шешеді.

Курстың тыңдаушыларына қойылатын талаптар:

  • 1С бағдарламалық өнімдерін, оның ішінде "1С:Бухгалтерия 8 для Казахстана" ("Қазақстанға арналған 1С:Бухгалтерия 8") өнімін тәжірибелі пайдаланушы.
  • Курсқа қатысушы кәсіпорында бухгалтерлік есепті жүргізуді регламенттейтін стандарттарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы салық заңнамасын реттейтін нормативтік-құқықтық актілерді түсінеді және табысты қолданады.
  • "1С:Предприятие 8. Бухгалтерия для Казахстана (1С:Кәсіпорын 8. Қазақстанға арналған Бухгалтерия). Үлгілік конфигурацияны практикалық қолдану" курсынан алдын ала өту емтиханға дайындалу шеңберінде артықшылық болады.

Курстың қысқаша мазмұны:

  • "1С:Бухгалтерия 8 для Казахстана" ("Қазақстанға арналған 1С:Бухгалтерия 8") конфигурациясы бойынша "1С:Специалист-консультант" ("1С:Консультант маман") емтиханына қойылатын негізгі талаптар, өткізу тәртібі, дайындалу проблемалары, сәтті тапсырудың "құпиялары", емтиханда нені күтпеу қажет.
  • Жалақының баптаулары және оны есептеу, "Жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларация" атты 200.00 регламенттелген салықтық есепті қалыптастыру.
  • ҚҚС-тың баптаулары және оны есепке алу, "Қосылған құн салығы бойынша декларация" атты 300.00 регламенттелген салықтық есепті қалыптастыру.
  • Өндірістік есепке алу баптаулары. Өндірістік өзіндік құнды есептеу және дайын өнімді шығару.
  • Негізгі құралдарды есепке алу баптаулары. Негізгі құралдарды жиынтықтау, жаңғырту және қайта құрылымдау жөніндегі операциялар.
  • Өткізілген курстың қорытындысын шығару. Қандай білім, шеберліктер, дағдылар алынды және емтиханға дайындалу мен оны тапсыру кезінде, сондай-ақ кәсіби қызметте оларды қалай ақылға қонымды түрде пайдалануға болады.
  • Алдағы күн бізге не дайындап отыр: "1С:Бухгалтерия 8" қолданбалы шешімін енгізу бойынша "1С:Специалист-консультант" ("1С:Консультант маман") емтиханының болашағы.

Форматы:

  • 16 академиялық сағат;
  • онлайн-трансляция;
  • сабақтардың күндері: 2024 жылғы 01 – 04 сәуір аралығында сағат 09:30-дан 12:30-ға дейін.
  • оқыту "1С:Бухгалтерия 8 для Казахстана" ("Қазақстанға арналған 1С:Бухгалтерия 8") конфигурациясының демонстрациялық базасында өтеді.

Курстың құны: 68 000 теңге пайдаланушылар үшін; серіктес фирмалар үшін – 58 000 теңге. Курстың құнына "1С:Бухгалтерия 8 для Казахстана" ("Қазақстанға арналған 1С:Бухгалтерия 8") конфигурациясының "Специалист-консультант" ("Консультант маман") емтиханына дайындық" авторлық сертификатталған курсы және "1С:Предприятие 8. Бухгалтерия для Казахстана (1С:Кәсіпорын 8. Қазақстанға арналған Бухгалтерия). Үлгілік конфигурацияны практикалық қолдану. 3.0 редакциясы" сертификатталған курсы бойынша электрондық әдістемелік материалдар қосылған.

Назар аударыңыз! Курс бейнежазбасы 3 аптаға ұсынылады.

Оқыту аяқталғаннан кейін тыңдаушыларға авторлық сертификатталған курсты тыңдағаны туралы "1С" фирмасының бірыңғай үлгідегі куәлігі жіберіледі.

Курстан өткеннен кейін "1С:Бухгалтерия 8 для Казахстана" ("Қазақстанға арналған 1С:Бухгалтерия 8") конфигурациясының "Специалист-консультант" ("Консультант маман") емтиханын тапсыруды ұсынамыз.

Емтиханды өткізу туралы толық ақпарат және емтихан тапсырмаларының мысалдары "1С" фирмасының сайтында орналастырылған: http://www.1c.ru/rus/partners/training/questions.htm.

Емтихандардың құны:

  • қашықтан:
  • дистрибьюторлар базасында – 33 600 теңге (Құны 12 % ҚҚС-ты ескере отырып көрсетілген).

Қашықтан емтихандардың кестесі "1С" фирмасының сайтында жарияланған: http://www.1c.ru/spec.

"1С:Бухгалтерия 8 для Казахстана" ("Қазақстанға арналған 1С:Бухгалтерия 8") қолданбалы шешімін енгізу бойынша "1С:Специалист-консультант" ("1С:Консультант маман"-ға) жіберу "1С:Бухгалтерия 8 для Казахстана" ("Қазақстанға арналған 1С:Бухгалтерия 8") бағдарламасы бойынша "1С:Профессионал" ("1С:Кәсіпқой") сертификаты болған кезде жүзеге асырылады.

Оқытуға өтінімдерді "1С" Қазақстан сайтында https://1c.kz/training/163866/ толтыруды не training@1c.kz поштасы арқылы жіберуді сұраймыз.

Іс-шараны ұйымдастырушы: "1С Қазақстан" Өкілдігі.

Барлық сұрақтар бойынша +7 (7172) 95-42-40 (ішкі 5) телефоны, 8-708-921-87-72 whatsapp арқылы хабарласыңыздар.

 

 


Тізімге оралу