«Концепция прикладного решения «1С:ERP Управление предприятием для Казахстана» онлайн-курсы 2024 жылғы 08 – 12 сәуір аралығында
1С Қазақстан Оқу орталығы сіздерді «Концепция прикладного решения «1С:ERP Управление предприятием для Казахстана» онлайн-курсына шақырады.
Курстың аудиториясы:
- тапсырыс берушілердің тарапынан – компаниялардың басшылары, бөлім басшылары және енгізу үшін жауапты IT-мамандар;
- жоба жетекшілері, компанияның ERP-ді енгізумен айналысатын IT-мамандары.
Курс кәсіпорынның қызметін автоматтандыру технологияларымен таныс және компьютермен жұмыс істеудің негізгі дағдыларын меңгерген тыңдаушыларға есептелген.
Оқыту мақсаттары:
- тыңдаушыларға қолданбалы шешімнің мақсаты, архитектурасы және мүмкіндіктері туралы тұтас түсінік беру;
- тыңдаушыларға жеке оқыту бағдарламасын қалыптастыруға көмектесетін қолданбалы шешім үшін оқыту курстарының жүйесі туралы ақпаратты беру.
Соның нәтижесінде тыңдаушылар:
- қолданбалы шешімнің архитектурасын тұжырымдамалық деңгейде түсінуді үйренеді;
- кіші жүйелердің құрамын, олардың мақсатын, кіші жүйелер арасындағы өзара байланыстарды, кіші жүйелер объектілерінің құрамын және негізгі объектілердің мақсатын зерделейді;
- қолданбалы шешімнің негізгі есептерімен, олардың нұсқаларымен және есептердің нұсқаларын өзгерту қағидаларымен танысады.
Бағдарлама:
- Қолданбалы шешім туралы жалпы мәліметтер
Бөлім ERP-жүйелердің жұмыс істеу қағидаттарымен танысуға, "1С:ERP Управление предприятием для Казахстана" ("Қазақстанға арналған 1С:ERP Кәсіпорынды басқару") қолданбалы шешімінің құрылымын тұжырымдамалық ұсынуға, қолданбалы шешімде іске асырылған қағидаттар мен технологиялық ерекшеліктерге арналған. Бөлімнің құрамында мынадай тақырыптар қаралады:
- ERP-жүйелердің мақсаты.
- "1С:ERP Управление предприятием для Казахстана" ("Қазақстанға арналған 1С:ERP Кәсіпорынды басқару") қолданбалы шешімінің тұжырымдамасы.
- Қолданбалы шешімнің архитектурасы
Бөлім тыңдаушыларға кіші жүйелердің тізбесімен және кіші жүйелер арасындағы өзара іс-қимыл жасау мәселелерімен танысуға мүмкіндік береді. Әрбір кіші жүйе үшін бөлімде мақсаты, функционалдық моделі, негізгі объектілері және функционалды іске асыру ерекшеліктері қаралады. Бөлімнің құрамында мынадай кіші жүйелер қаралады:
- Нормативтік-анықтамалық ақпарат.
- Жоспарлау.
- Сатылымдар:
- Баға белгілеу.
- Көтерме сауда.
- Бөлшек сауда.
- Қажеттіліктерді қамтамасыз ету.
- Сатып алу.
- Қойма.
- Өндіріс, жөндеулер.
- Жалақы және персоналды басқару.
- Қазынашылық.
- Айналымнан тыс активтер.
- Қаржылық есепке алу және шығындарды талдау. Қаржылық нәтиже.
- Регламенттелген есепке алу.
- Бюджеттеу.
- Шаруашылық қызметті бақылау және талдау.
Форматы:
- 24 академиялық сағат.
- Оқыту форматы – онлайн-трансляция.
- Сабақтардың күндері: 2024 жылғы 08 – 12 сәуір аралығында сағат 09:30-дан 13:00-ге дейін.
- Курстың барысында оқыту 1С:ERP БӨ жеткізу жиынтығына кіретін демонұсқада өтеді.
Назар аударыңыздар! Курсқа өтінімдерді компаниясына 1С:ERP-ді сатып алған клиенттер мен серіктестерден қабылдаймыз.
Курстың құны: пайдаланушылар үшін 80 000 теңге; серіктес фирмалар үшін – 70 000 теңге. Курстың құнына осы курс бойынша әдістемелік материалдар қосылған.
Назар аударыңыздар! Курсқа бейнежазба 3 аптаға беріледі.
Оқыту аяқталғаннан кейін тыңдаушыларға сертификатталған курсты тыңдағаны туралы бірыңғай үлгідегі "1С" фирмасының куәлігі жіберіледі.
Оқытуға өтінімдерді https://1c.kz/training/163867/ "1С" Қазақстан сайтында толтыруды не training@1c.kz поштасы арқылы жіберуді сұраймыз.
Іс-шараны ұйымдастырушы: "1С Қазақстан" Өкілдігі.
Барлық сұрақтар бойынша +7 (7172) 95-42-40 (ішкі 5), whatsapp 8 708 921 87 72 телефоны арқылы хабарласыңыздар.