«Управленческий учет затрат, финансовый результат в прикладном решении «1С:ERP Управление предприятием для Казахстана» онлайн-курсы 2024 жылғы 15 – 19 сәуір аралығында
1С Қазақстан Оқу орталығы сіздерді «Управленческий учет затрат, финансовый результат в прикладном решении «1С:ERP Управление предприятием для Казахстана» онлайн-курсына шақырады.
Курс жоспарлау-экономикалық және қаржы қызметтерінің қызметкерлері мен басқарушылық есепке алу жөніндегі консультанттарға, сондай-ақ ERP-жүйелерді енгізу жөніндегі мамандарға арналған.
Курс басқарушылық есепке алу және басқарушылық есептілікті қалыптастыру әдістемелерімен таныс, сондай-ақ компьютермен жұмыс істеудің негізгі дағдыларын меңгерген тыңдаушыларға есептелген.
Курста тыңдаушыларды мыналар күтіп тұр:
- кәсіпорынды басқару тұрғысынан шаруашылық қызметті жоспарлау, жедел есепке алу және талдау функционалына қатысты конфигурацияның негізгі объектілерімен танысу; олардың мақсатын түсіну, оларды интерфейсте тауып, жұмыс процесінде сауатты пайдалана білу;
- курстың шеңберінде қаралатын кіші жүйелер арасындағы өзара байланысты түсіну;
- қолданбалы шешімде іске асырылатын жоспарлау технологиясын меңгеру;
- жоспарлау технологиясы шеңберінде жоспарлы көрсеткіштерді қалыптастыру тетіктерін пайдалануды үйрену;
- басқарушылық есепке алу мақсаттары үшін кәсіпорынның активтері мен пассивтерінің бастапқы қалдықтарын енгізу қағидаттарын зерделеу;
- ақша қаражатының, кірістердің, шығыстардың, активтер мен пассивтердің қозғалысын есепке алу үшін қажетті нормативтік-анықтамалық ақпаратты енгізу тәртібін меңгеру;
- ақша қаражатының қозғалысын жоспарлау технологиясын меңгеру;
- өзге кірістерді, шығыстарды, активтер мен пассивтерді есепке алу бөлігінде қолданбалы шешімнің мүмкіндіктерін зерделеу;
- қызметтің бағыттары бойынша кірістер мен шығыстарды бөлу және қаржылық нәтижелерді қалыптастыру қағидаттарымен танысу;
- қызметтің бағыттары бойынша кірістер мен шығыстарды бөлу тетіктерін баптау мүмкіндіктерін зерделеу;
- бапталатын есептердің көмегімен дерекқордан қажетті мәліметтерді алуды үйрену;
- алынатын ақпаратты талдауды үйрену;
- жіберілген қателерді табу мен дұрыс түзетуді үйрену.
Курстың қысқаша мазмұны:
- Жоспарлау.
- Жедел есепке алудың кіші жүйелерін пайдалана отырып, басқарушылық
есепке алуды жүргізу.
- Қолданбалы шешімде іске асырылған басқарушылық есепке алу тұжырымдамасы.
- Жедел есепке алуды ұйымдастыру.
- Басқарушылық есепке алу үшін пайдаланылатын нормативтік-анықтамалық ақпарат.
- Бастапқы қалдықтарды енгізу.
- Ақша қаражатының қозғалысын (төлемдер мен түсімдер) есепке алу.
- Тауарлық-материалдық құндылықтарды есепке алу.
- Есеп айырысуларды есепке алу (дебиторлық және кредиторлық берешек).
- Кірістер мен шығыстарды есепке алу.
- Аяқталмаған өндірісті есепке алу.
- Өзге де активтер мен пассивтерді есепке алу.
- Қаржылық нәтижелерді қалыптастыру.
- Басқарушылық есептілікті қалыптастыру.
- Шаруашылық қызметті бақылау және талдау. Кәсіпорынның нысаналы көрсеткіштерін мониторингтеу.
Форматы:
- 24 академиялық сағат.
- Оқыту форматы – онлайн-трансляция.
- Сабақтардың күндері: 2024 жылғы 15 – 19 сәуір аралығында сағат 09:30-дан 13:00-ге дейін.
- Курстың алдында компаниясына 1С:ERP-ді сатып алған қатысушыларға оқыту үшін қаңқалы базалар жіберіледі.
Назар аударыңыздар! Курсқа өтінімдерді компаниясына 1С:ERP-ді сатып алған клиенттер мен серіктестерден қабылдаймыз.
Курстың құны: пайдаланушылар үшін - 80 000 теңге; серіктес фирмалар үшін – 70 000 теңге. Курстың құнына осы курс бойынша әдістемелік материалдар қосылған.
Назар аударыңыздар! Курсқа бейнежазба 3 аптаға беріледі.
Оқыту аяқталғаннан кейін тыңдаушыларға сертификатталған курсты тыңдағаны туралы бірыңғай үлгідегі "1С" фирмасының куәлігі жіберіледі.
Оқытуға өтінімдерді "1С" Қазақстан сайтында толтыруды сұраймыз: https://1c.kz/training/163868/
Іс-шараны ұйымдастырушы: "1С Қазақстан" Өкілдігі.
Барлық сұрақтар бойынша +7 (7172) 95-42-40 (ішкі 5), whatsapp 8 708 921 87 72 телефоны арқылы хабарласыңыздар.