«Регламентированный учет в прикладном решении «1С:ERP Управление предприятием для Казахстана» онлайн-курсы 2024 жылғы 22 – 26 сәуір аралығында


27.03.2024

1С Қазақстан Оқу орталығы сіздерді курс «Регламентированный учет в прикладном решении «1С:ERP Управление предприятием  для Казахстана» онлайн-курсына шақырады.

Курс жұмыс істейтін бухгалтерлер мен регламенттелген есеп алу жөніндегі консультанттарға арналған. Курс тапсырыс берушілер тарапынан да, "1С:ERP Управление предприятием для Казахстана" ("Қазақстанға арналған 1С:ERP Кәсіпорынды басқару") қолданбалы шешімінің функционалын пайдалана отырып, регламенттелген есеп алуды енгізумен айналысатын компаниялар тарапынан да жоба жетекшілері мен жобалау командаларының мүшелеріне пайдалы болады.

Курстың айрықша ерекшеліктері:

  1. Тақырып. Бухгалтерлердің 1С:ERP-дегі жұмыс істеу тәртібі 1С:Бухгалтерия 8 бен 1С:УПП (1С:ӨКБ-дегі) барлығына үйреншікті жұмыс істеу тәртібінен едәуір ерекшеленеді. Мұнда бухгалтерлік өткізулерді кейінге қалдырылған алу да, оқшауланған бөлімшелермен есеп айырысулар да, ҚҚС-ты күрделі есепке алу да және көптеген басқа да нәрселер бар. Лайықты дайындықсыз бағдарламада жұмысты өз бетінше бастау қателерге, айыппұлдарға және басқа да қиындықтарға алып келуі мүмкін. Курста тыңдаушы құжаттар мен есептілікті толтыруды автоматтандыруды, бұл ретте күн сайын 1-2 сағатты үнемдей отырып, өткізулерді күнделікті негізде бірсарынды қалыптастыруды болғызбауды үйренеді.
  2. Әмбебаптық. 1С:ERP пайдаланылатын ірі кәсіпорындарда бухгалтерлік қызметтің қызметкерлері учаскелер бойынша бөлінген. Әрбір учаскеге курстың жеке бөлімі арналған, яғни кез келген бухгалтер дәл өзіне қызықты нәрсені таңдай алады. Қаласаңыз, бүкіл курсты толығымен зерделеуге болады, өйткені келешекте әрбір бухгалтер бас бухгалтер болуы немесе басқа жұмыс учаскесіне ауысуы мүмкін. Курстың енгізуші консультанттар үшін пайдасы айқын – өйткені олардың бірден бүкіл бухгалтерлік қызметке көмектесуіне тура келеді.
  3. Практика. Курстың 50 %-ын практикалық сабақтар құрайды. Курстан кейін:
    • бухгалтер-кассир бағдарламада қолма-қол ақша қаражатының келіп түсуі мен берілуін көрсете алады, кассалық кітапты қалыптастырып, есеп берушілермен есеп айырысуларды жүргізе алады;
    • ТМҚ жөніндегі бухгалтер тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің келіп түсу және шығу операцияларын, сондай-ақ өндірістік операцияларды (материалдарды өндіріске беру және өнімді шығару) көрсете алады;
    • есеп айырысулар жөніндегі бухгалтер кәсіпорынның дебиторлық және кредиторлық берешегін қадағалай алады;
    • негізгі құралдарды есепке алу жөніндегі бухгалтер НҚ-ның келіп түсуін, есепке алуға қабылдауды, амортизацияны есепке жазуды және НҚ-ның шығуын көрсете алады, МЕА-ны есепке алуды жүргізе алады;
    • салықтар жөніндегі бухгалтер шот-фактураларды жазып беріп, бухгалтерлік және салықтық есептілікті қалыптастыра алады;
    • бас бухгалтер айды жабуды орындайды және учаскелердегі бухгалтерлердің жұмысын бақылауды үйренеді.

Қысқаша мазмұны:

  1. Қолданбалы шешімде іске асырылған регламенттелген есепке алу тұжырымдамасы.
  2. Есепке алуды жүргізуді баптау.
  3. Шаруашылық операцияларды көрсету
    • Өткізулерді қалыптастыру.
    • Есепке алу шоттарын баптау.
    • Өзге операциялар.
    • «Регламенттелген есепке алу» операциясы.
    • Өткізулерді қолмен түзету.
    • Өткізулерді тексеру.
  4. Ақша қаражатын есепке алу
    • Қолма-қол ақша қаражатын есепке алу.
    • Қолма-қол емес ақша қаражатын есепке алу.
    • Есеп беретін тұлғалармен есеп айырысулар.
    • Ақша құжаттарын есепке алу.
  5. Серіктестермен және контрагенттермен есеп айырысулар
    • Өнім берушілермен есеп айырысулар.
    • Клиенттермен есеп айырысулар.
  6. Өндірістік операцияларды есепке алу
    • Материалдарды өндіріске беру.
    • Өнімді шығару және жұмыстарды орындау.
    • Шығындарды есепке алу және өнімнің өзіндік құнын қалыптастыру.
  7. Айналымнан тыс активтерді есепке алу
    • НҚ-ны есепке алу.
    • МЕА-ны есепке алу.
  8. Пайдалануда ТМҚ-ны есепке алу.
  9. Оқшауланған бөлімшелермен жұмыс
    • Материалдық активтерді беру.
    • Негізгі құралдарды беру.
    • Ақша қаражатын филиалдарға беру.
    • Ұйымның ішінде берешекті өзара есепке жатқызу.
  10. Салықтар мен алымдар
    • Қосылған құн салығы.
    • Мүлік салықтары.
  11. Айды жабу.
  12. Регламенттелген есептілікті қалыптастыру.

Форматы:

  • 24 академиялық сағат.
  • Оқыту форматы – онлайн-трансляция.
  • Сабақтардың күндері: 2024 жылғы 22 – 26 сәуір аралығында сағат 09:30-дан 13:00-ге дейін.
  • Курстың алдында оқыту үшін қаңқалы базалар жіберіледі.

Назар аударыңыздар! Курсқа өтінімдер компаниясына 1С:ERP-ді сатып алған клиенттер мен серіктестерден қабылданады. Курсқа бейнежазба жүргізілмейді және берілмейді.

Курстың құны: пайдаланушылар үшін - 80 000 теңге; серіктес фирмалар үшін – 70 000 теңге. Курстың құнына осы курс бойынша әдістемелік материалдар қосылған.

Оқыту аяқталғаннан кейін тыңдаушыларға сертификатталған курсты тыңдағаны туралы бірыңғай үлгідегі "1С" фирмасының куәлігі жіберіледі.

Оқытуға өтінімдерді https://1c.kz/training/163869/ "1С" Қазақстан сайтында толтыруды не training@1c.kz поштасы арқылы жіберуді сұраймыз.

Барлық сұрақтар бойынша +7 (7172) 95-42-40 (ішкі 5), whatsapp 8 708 921 87 72 телефоны арқылы хабарласыңыздар.


Тізімге оралу