М.Қозыбаев атындағы СҚУ-де сертификатталған оқыту орталығы ашылды


05.05.2021

Источник: https://mtrk.kz/kz/2021/05/05/M-Kozybaev-atyndagy-SKU-de-sertifikat/

1С Қазақстан. Бүгін Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінде сертификатталған оқыту орталығы ашылды.

Мұндай бастама ел көлеміндегі оқу орындарында алғаш рет біздің өңірде қолға алынып отыр. Арнайы оқытудан өткен педагогтар алдағы уақытта кез келген тілек білдірушіге «1С Қазақстан» компаниясының бағдарламалық өнімдерін үйрететін болады. Оқыту бағыты 40 кредит бойынша жүзеге асырылмақ. Аталған бағдарламаға қатысушылар IT және есеп-қисап салалары бойынша біліп алып, сертификатталады.

Оксана Супогалиева – «1С Қазақстан» компаниясы маркетинг бөлімінің басшысы:

– Кез келген адам келіп, коммерциялық тұрғыда оқып, осы жерден сертификат ала алады. Ол мұғалім, жас маман, есепші, бағдарламашылар болуы мүмкін. Сертификаттар да әр түрлі деңгейге бөлінеді. Ең жоғарғы дәрежеле сертификат алған жандардың жұмыста жалақылары көбейеді және қызметке орналасуға оңай болады.


Возврат к списку