Енді елордалық студенттер зерттеу жүргізіп, жобаларын дамыта алады


08.09.2025
Источник

https://baq.kz/endi-elordalyq-studentter-zertteu-zhurgizip-zhobalaryn-damyta-alady-200020706/



Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің қолдауымен аймақтық R&D орталығы ашылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жаңа орталық зерттеулер жүргізуге, студенттік бастамаларды дамытуға және экономиканы цифрландыруға бағытталған қолданбалы жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік бермек.

Орталықтың ашылуы университеттің 30 жылдық мерейтойымен тұспа-тұс келді. Жаңа орталық бизнес-процестерді автоматтандыру және «1С: Кәсіпорын» платформасы негізінде шешімдер әзірлеу бағытында жұмыс істейді. Мұнда білім беру бағдарламалары, семинарлар, менторлық сессиялар ұйымдастырылып, студенттік стартаптарды қолдау шаралары қарастырылған.

Университеттің академиялық мәселелер жөніндегі проректоры Ардақ Бейсенбайдың айтуынша, орталық ғылыми әлеуетті экономиканың нақты міндеттерімен ұштастыруға ықпал етеді. Алғашқы кезеңде біліктілікті арттыру курстары іске қосылып, студенттік жобалық топтар құрылады және кәсіпорындар мен мемлекеттік органдармен бірлескен зерттеулер басталады.

Салтанатты шарада студенттер өздерінің бизнес-процестерді автоматтандырудан бастап интернет-дүкендерді интеграциялауға дейінгі бағыттағы жобаларын таныстырды.

Сонымен бірге, «1С Қазақстан» компаниясы Қарағанды индустриалдық университетімен және Alikhan Bokeikhan University-мен ынтымақтастық жөнінде келісім жасасты. Бұл келісімдер жоғары оқу орындары арасындағы серіктестікті кеңейтуге және бірлескен білім беру-зерттеу бастамаларын дамытуға жол ашады.


Возврат к списку