Серіктестер желісі
1С:Серіктестер желісі
1С:ФРАНЧАЙЗИНГ - ЕНДІРУ БИЗНЕСІН ДАМЫТУДЫҢ ЗАМАНАУИ СХЕМАСЫ
1С:Франчайзинг - бұл 1С:Предприятие (1С:Кәсіпорын) жүйесі негізінде басқару мен есепке алуды автоматтандыру бойынша кешенді қызметтерді сапалы ұсыну туралы вендордың растамасын алған дербес тәуелсіз кәсіпорындардың кең желісі. Франчайзингтік желі бағдарламалық өнімдердің жеткізілімдерін орындап қана қоймай, сонымен қатар, клиенттерге қызмет көрсету, ендіру, сүйемелдеу, ал, көбінесе, бағдарламаларды әзірлеу бойынша үлкен тәжірибесі бар ұжымдар базасында қалыптасып, дамиды.
Қазіргі кезге Қазақстанда 30 қалада 500-ге жуық франчайзи фирма бар.
КОРПОРАТИВТІК ШЕШІМДЕР БОЙЫНША ҚҰЗЫРЕТ ОРТАЛЫҚТАРЫ
Нарықтың корпоративтік және мемлекеттік бюджеттік сегменттерінде жұмыс істеу үшін «Центры компетенции 1С:КОРП» (1С:КОРП құзырет орталықтары) атты серіктестер желісі құрылды. «Центры компетенции 1С:КОРП» (1С:КОРП құзырет орталықтары) мәртебесі компанияда ауқымды және технологиялық жағынан күрделі жобаларды орындау құзыреттері мен тәжірибенің бар екенін білдіреді. «Центры компетенции 1С:КОРП» (1С:КОРП құзырет орталықтары) желісіне кіретін компаниялардың штатында жоғары білікті мамандары, оның ішінде: корпоративтік және бюджеттік ұйымдар, корпоративтік жобалардың басшылары, технологиялық мәселелер жөніндегі сарапшылар, консультанттар үшін 1С:Предприятие (1С:Кәсіпорынның) қолданбалы шешімдері бойынша мамандары бар. «Центры компетенции 1С:КОРП» (1С:КОРП құзырет орталықтарының) корпоративтік клиенттерге сүйемелдеу бойынша сапалы қызметтерді көрсету үшін қажетті біліктілігі бар.
СҮЙЕМЕЛДЕУ ОРТАЛЫҚТАРЫ ЖӘНЕ СЕРТИФИКАТТАЛҒАН СЕРВИСТІК СЕРІКТЕСТЕР – 1С:ПРЕДПРИЯТИЕ (1С:КӘСІПОРЫН) ПАЙДАЛАНУШЫЛАРЫН СҮЙЕМЕЛДЕУ
1С сүйемелдеу орталықтары мен сертификатталған сервистік серіктестері пайдаланушыларды сүйемелдеудің бірыңғай технологиясы бойынша 1С:Предприятие (1С:Кәсіпорын) бағдарламаларын пайдаланушыларға консультациялық және технологиялық қызмет көрсетудің барлық түрлерін көрсетеді, бұл тиісті сертификатпен расталады және өңірдегі сенімді серіктесті таңдау кезінде ұсынылады.
СЕРТИФИКАТТАЛҒАН ОҚЫТУ ОРТАЛЫҚТАРЫ
Центры Сертифицированного Обучения (ЦСО) (Сертификатталған Оқыту Орталықтары (ЦСО (СОО))) мамандарды жаппай оқытуды ұйымдастыруға және оларға 1С:Предприятие 8 (1С:Кәсіпорын 8) бағдарламалары жүйесінің өнімдері бойынша білім беруге арналған. Қазіргі уақытта Қазақстанның 20 қаласында шамамен 58 ЦСО (СОО) бар.
Мұндай оқытудың ерекшелігі мынада: барлық өңірлік ЦСО (СОО)-ларда технологиялық тұғырнаманы әзірлеушілер мен қолданбалы шешімдердің әдіскерлері мақұлдаған 1С:Предприятие 8 (1С:Кәсіпорын 8) бағдарламаларының жүйесі бойынша бірыңғай авторландырылған оқу курстары оқылады. Курстардың бағдарламалары, оқыту әдістемесі, пайдаланылатын әдістемелік материалдар барлық ЦСО (СОО)-лар үшін бірдей болып табылады. Өңірлік ЦСО (СОО)-ларда курстарды оқитын оқытушылар орталықтандырылған оқытудан өтеді, емтихан тапсырады және ЦСО (СОО) оқытушысының сертификатын алады. Мұндай көзқарас кез келген өңірлік ЦСО (СОО) оқытушысы біліктілігінің жоғары деңгейін және оқу процесінде ұсынылатын білімнің сапасын қамтамасыз етеді. Курстарды тыңдаушылар әдістемелік материалдарды алады, сертификатталған оқытушылардың дәрістерін тыңдайды, практикалық тапсырмаларды орындайды.
Оқыту аяқталғаннан кейін әрбір тыңдаушы оқыту курсынан өткені туралы ресми куәлік алады.
1С:Предприятие (1С:Кәсіпорын) бойынша мамандардың білімін тексеру үшін "1С:Профессионал" (1С:Кәсіпқой) сертификаттау тестілері мен 1С:Специалист (1С:Маман) емтихандары әзірленіп, өткізіледі.АВТОРЛАНДЫРЫЛҒАН СЕРТИФИКАТТАУ ОРТАЛЫҚТАРЫ
Авторландырылған сертификаттау орталықтары жоғары біліктілікті, тәжірибе мен 1С:Предприятие (1С:Кәсіпорын) желісі бағдарламалары мүмкіндіктерінің бүкіл спектрін өз жұмысында тиімді пайдалану дағдыларын ресми растау үшін «1С:Профессионал» (1С:Кәсіпқой) бағдарламасы шеңберінде пайдаланушыларды 1С:Предприятие (1С:Кәсіпорын) жүйесінің бағдарламалық өнімдері бойынша сертификаттауды жүргізеді.
ERP-ШЕШІМДЕР БОЙЫНША ҚҰЗЫРЕТ ОРТАЛЫҚТАРЫ
"1С:Управление производственным предприятием для Казахстана" (1С:Қазақстан үшін өндірістік кәсіпорынды басқару) сияқты басқарушылық сыныптың шешімдерін және Қазақстанда шығаруға жоспарланып отырған "1С:ERP Управление предприятием 2.0" (1С:ERP Кәсіпорынды басқару 2.0) жаңа қолданбалы шешімін тарату үшін "1С:Центры компетенции по ERP-решениям" (сокращенно "1С:Центры ERP") ("1С:ERP-шешімдер бойынша құзырет орталықтары" (қысқаша "1С:ERP орталықтары")) жобасына қатысатын серіктестер желісі құрылды. "1С:Центр ERP" (1С:ERP орталығы) мәртебесі серіктесте кәсіпорынды басқаруға арналған ERP-шешімдер бойынша құзыреттердің, оның ішінде: барлық кіші жүйелер бойынша мамандардың, консультанттардың, сертификатталған жоба жетекшілерінің, табысты енгізудің, сапа менеджменті жүйесінің және басқаларының бар екенін білдіреді. "1С:Центр ERP-Производство" (1С:ERP-Өндіріс орталығы), ""1С:Центр ERP-Строительство (1С:ERP-Құрылыс орталығы және "1С:Центр ERP-Торговля" (1С:ERP-Сауда орталығы) салалық маманданулары тиісті салаларда ERP-шешімдерді енгізу жобаларын орындау тәжірибесіне және осы салалар үшін шешімдердің ерекше мүмкіндіктерінің біліміне сәйкес келеді.
БЮДЖЕТТІК ЕСЕПКЕ АЛУ БОЙЫНША ҚҰЗЫРЕТ ОРТАЛЫҚТАРЫ
Бюджеттік есепке алу бойынша құзырет орталықтарының желісіне кіретін ұйымдар ресейлік мекемелерге бюджеттік есепке алу процестерін басқару бойынша консалтингті қоса алғанда, қажетті қызметтердің толық және сапалы жинағын ұсынады.
ӘЗІРЛЕУ ОРТАЛЫҚТАРЫ
Маңызды міндеттердің бірі – экономикалық мақсаттағы бағдарламалар үшін қолданбалы шешімдерді әзірлеу және уақтылы қолдау. Бұл үлгілік конфигурацияларға да, әртүрлі салалық немесе мамандандырылған шешімдерге де қатысты. Серіктестермен өзара іс-қимыл жасау технологиясы құрылған, ол кезде 1С:Предприятие (1С:Кәсіпорын) тұғырнамасында үлгілік, салалық және мамандандырылған шешімдерді шығару серіктестермен бірлесіп жүзеге асырылады.
"Тираждық шешімдерді әзірлеу орталығы (Әзірлеу орталығы)" мәртебесі тираждық шешімдерді әзірлеумен айналысатын серіктестердің ерекше рөлін бөліп көрсету және 1С:Предприятие (1С:Кәсіпорын) тұғырнамасында шешімдерді әзірлеуге бағдарламашы мамандарды мақсатты түрде тарту үшін енгізілген.
Құқық иеленушінің тапсырысы бойынша үлгілік шешімдерді әзірлеу және сүйемелдеу, 1С:Предприятие 8 (1С:Кәсіпорын 8) тұғырнамасында жобасы шеңберінде басып шығару немесе "1С:Совместимо" (1С-Бірге) жобасы шеңберінде шығару нұсқаларының бірі бойынша таратылатын 1С:Предприятие 8 (1С:Кәсіпорын 8) тұғырнамасында көптен бері және табысты түрде тираждық шешімдерді шығаратын серіктестер "Әзірлеу орталығы" мәртебесін ала алады.
ӨҢІРЛІК ДИСТРИБЬЮТОРЛАР - ТАУАРЛАР МЕН КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІ ӨҢІРЛЕРДЕ ІЛГЕРІЛЕТУ
Дистрибьюторлар – тауарлар мен қызметтерді өңірлерде алға жылжыту және серіктестік желіні дамыту бойынша тірек орталықтары. Олар өңірдегі жекелеген серіктестердің қолынан әрдайым келе бермейтін немесе экономикалық жағынан тиімсіз функцияларды - тауарлар жеткізуді, жеке консультациялар желісін ұстауды, серіктестік желіні жарнамалауды және басқаларын өздеріне алады. Дистрибьюторлар серіктестерге жеткізілім логистикасына уақыт жұмсамай, өздерін негізгі іске - түпкілікті пайдаланушыларға толыққанды қызмет көрсетуге арнауға мүмкіндік бере отырып, өңірлік серіктестерді бағдарламалық өнімдермен жедел қамтамасыз ету міндетін шешеді. Сайып келгенде, бұл өңірдегі түпкілікті пайдаланушыларға анағұрлым толық, білікті және жылдам қызмет көрсетуге; іскерлік мақсаттағы бағдарламалық өнімдерді ілгерілету бойынша инфрақұрылым құруға және бағдарламалық өнімдер индустриясын дамытуға ықпал етеді.