1С Қазақстан


«1С» фирмасы Қазақстанда 2003 жылдан бері ұсынылған және аумақта 1С:Предприятие (1С:Кәсіпорын) тұғырнамасының құқық иеленушісі болып табылады. Тұғырнамасын негізгі міндеті қазақстандық IT-компанияларға әзірлеу ортасын (framework) ұсыну болып табылады.

1С тұғырнамасында іске асырылған шешімдердің спектрі өндірістік, сауда және сервистік кәсіпорындарды кешенді автоматтандыруға арналған бағдарламаларды, холдингтер мен жекелеген кәсіпорындардың қаржысын басқаруға, бухгалтерлік есепке алуды жүргізуге, жалақыны есептеуге және кадрларды басқаруға, бюджеттік мекемелерде есепке алуға арналған өнімдерді, «1С» фирмасының өзі, оның серіктестері мен тәуелсіз ұйымдар әзірлеген әртүрлі салалық және мамандандырылған шешімдерді қамтиды.

1C цифрмен

Неліктен бізге сенеді

Қазақстан бойынша 1С-ті
65 000+
пайдаланушы

Қазақстан бойынша
800
1С:Франчайзи серіктес

бизнесті автоматтандыру бойынша
40+
шешім

Қазақстан нарығында
20 жыл