1С:Специалист – экзамен по конфигурированию/настройке программ


1С:МАМАН аттестаттауларының кестесі

"1С:Маман" серіктестерін аттестаттау 1994 жылдан бері өткізіліп келеді.

Емтихан бағдарламашылар мен консультанттардың даярлық деңгейінің мамандарға қойылатын жалпыға бірдей танылған талаптарға сәйкестігін тексеру мақсатында өткізіледі.

"Қолданбалы шешімді конфигурациялау жөніндегі 1С:Маман" форматы —конфигурацияны құрудың әдістемелік қағидаттары мен жұмыс істеу технологиясын түсіну, пайдаланушы міндеттерін практикалық іске асыру дағдылары, қолданбалы шешімің қолданыстағы функционалын дамыту немесе жаңасын қосу үшін "1С:Кәсіпорын 8" ортасында конфигурациялаудың практикалық дағдылары тексеріледі. Емтиханда барлық қолжетімді конфигурациялау құралдарын пайдалана отырып, өзіндік ерекше есепке алу міндеттерін шешетін конфигурацияны сауатты құру қажет.

"Қолданбалы шешімді енгізу жөніндегі 1С:Консультант маман" форматы — іске асырылған функционалды, қолданбалы шешімді құрудың әдістемелік қағидаттары мен жұмыс істеу технологиясын түсіну, сондай-ақ тапсырыс берушінің қажеттіліктері қолданбалы шешімнің құралдарымен қалайша шешілетінін көрсете білу тексеріледі. Емтиханда үлгілік қолданбалы шешімді пайдалану әдістемесін көрсету және кәсіпорынның өзіндік ерекшелігі мен қажеттіліктерін ескере отырып, оны бейімдеу нұсқаларын ұсыну қажет.

Қазіргі уақытта келесідей "1С:Маман" аттестаттаулары жүргізіліп жатыр:

  • "1С:Кәсіпорын 8" платформасын конфигурациялау бойынша;
  • "1С:Кәсіпорын 8" қолданбалы шешімдерінде бухгалтерлік кіші жүйені конфигурациялау және енгізу бойынша;
  • "1С:Кәсіпорын 8" бағдарламаларының жүйесінде сауда шешімдерін конфигурациялау бойынша;
  • "1С:Кәсіпорын 8" қолданбалы шешімдерде жалақыны есептеу және персоналды басқару кіші жүйелерін конфигурациялау бойынша;
  • "1С:Кәсіпорын 8" платформасындағы қолданбалы шешімдерде "Өндірісті басқару" кіші жүйесінің әдіснамасы бойынша;
  • "Қазақстанға арналған 1С:Біздің фирмамызды басқару 8", 1.6 редакциясы қолданбалы шешімін конфигурациялау және енгізу бойынша.

Қазіргі уақытта келесідей "1С:Консультант маман" аттестаттаулары жүргізіліп жатыр:

  • "Қазақстанға арналған 1С:ERP Кәсіпорынды басқару 2" регламенттелген есепке алуының кіші жүйелерін енгізу бойынша;
  • "Қазақстанға арналған 1С:Бухгалтерия 8" қолданбалы шешімін енгізу бойынша;
  • "Қазақстанға арналған 1С:Сауданы басқару 8" қолданбалы шешімін енгізу бойынша;
  • "Қазақстанға арналған 1С:Жалақы және персоналды басқару 8" қолданбалы шешімін енгізу бойынша;
  • "Қазақстанға арналған 1С:Біздің фирмамызды басқару 8" қолданбалы шешімін енгізу бойынша;
  • "Қазақстанның мемлекеттік мекемелеріне арналған 1С:Бухгалтердлік есепке алу" қолданбалы шешімін енгізу бойынша.

Емтихан практикалық міндетті шешу нысанында өтеді. Ұзақтығы 3-тен 5 сағатқа дейін.