Жоғары және орта білім беру мекемелерімен ынтымақтастық
Біз ынтымақтастық жасауға ашықпыз және оқу процесінде "1С:Кәсіпорын 8" бағдарламалық өнімдерін пайдаланатын немесе пайдаланғысы келетін әрі тез өзгеретін технологиялар мен еңбек нарығындағы қажеттіліктердің күрделі әлемін түсінгісі келетін білім беру мекемелері мен оқытушыларға көмектесуге дайынбыз. Қазір білікті АТ-мамандар жетіспейді, ал оқытушылар АТ-индустрияның үрдістерін әрдайым қадағалап, студенттерге заманауи, нарықтың қажеттіліктеріне сәйкес келетін оқыту бағдарламаларын ұсынуға әрдайым үлгере бермейді. Жұмыс істеген көптеген жылдар ішінде білім беру мекемелерімен өзара іс-қимыл бойынша бірқатар жобалар іске қосылып, ойдағыдай іске асырылып келеді.
Оқу процесінде "1С:Кәсіпорын 8" бағдарламалық өнімдерін пайдалану академиялық дайындықтың болашақ түлектердің практикалық қызметімен тығыз байланысын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұл теориялық қағидаттармен және көзқарастармен ғана емес, сонымен қатар, оларды шынайы түрде жүзеге асыру мүмкіндіктерімен, әзірлеу құралдарының кең таралған соңғы нұсқаларымен таныс түлектердің сапасына, бәсекеге қабілеттілігіне оң әсер етеді. Білім беру мекемелерімен өзара іс-қимыл жасау шеңберінде оқытушыларға жүйеленген және ретке келтірілген әдістемелік тәжірибені пайдаланып, өз оқу бағдарламаларын дайындау мен дамыту кезінде күшін үнемдеуді ұсынамыз.
Жобаларға қатысу келесі артықшылықтарды алуға мүмкіндік береді:
- білім беру ұйымдарына — "1С:Кәсіпорын 8" бағдарламалық өнімдерін оқу процесінде пайдалану арқылы студенттерге заманауи, еңбек нарығында сұранысқа ие дағдылар мен білімді ұсыну;
- оқытушыларға — қазіргі заманғы деңгейдегі әдістемелік көмек ала отырып, АТ-индустрияның өзекті даму бағыттары туралы үнемі хабардар болу;
- студенттер мен түлектерге — еңбек нарығында бәсекеге қабілетті болу.
Өзара іс-қимыл жасаудың мынадай бірнеше негізгі жобасы бар:
- Жоғары және орта білім беру мекемелерімен ынтымақтастық шарты;
- Орта және жоғары оқу мекемелерінің білім алушылары мен студенттерін сертификатталған оқыту туралы келісім;
- "1С:Кәсіпқой" бағдарламасы бойынша жоғары және орта білім беру мекемелерінің білім алушылары мен студенттерін сертификаттау туралы келісім.
Жоғары және орта білім беру мекемелерімен ынтымақтастық шарты
Шарт заманауи бағдарламалық өнімдер негізінде оқыту сапасын жақсартуға ықпал етуге арналған. Осы мақсатқа жету үшін біз білім беру мекемелеріне бағдарламалық қамтылым мен әдістемелік материалдарды жеңілдікті шарттармен ұсынамыз, сондай-ақ "1С:Кәсіпорын 8" бағдарламалық өнімдері бойынша әдістемелік, консультациялық және ақпараттық қолдауды қамтамасыз етеміз.
Шарт Қазақстанның жоғары және орта білім беру мекемелерінің оқу процесінде пайдалану үшін: "Қазақстанның жоғары және орта оқу орындарында оқытуға арналған жиынтық" арнайы өнімін сатып алуға құқық береді.
Оқу процесінде пайдалану үшін сатып алынатын "1С:Кәсіпорын 8"-дің ПРОФ нұсқалы басқа да бағдарламалық өнімдері мен олардың клиенттік лицензияларына 75%-ға дейін жеңілдік берілуі мүмкін.
Шарт білім беру мекемелерінің оқытушыларын Астана қаласындағы 1С Білім беру орталығындағы кез келген курста жеңілдікті шарттармен оқытуға мүмкіндік береді.
Шарт білім беру мекемесінің қалауы бойынша оқытушыларды жеңілдікті сертификаттау ("1С:Кәсіпқой" емтиханын тапсыру) және аттестаттау ("1С:Маман" және "1С:Консультант маман" емтиханын тапсыру) құқығын береді.
Орта және жоғары оқу мекемелерінің білім алушылары мен студенттерін сертификатталған оқыту
Студенттерді оқыту үшін білім беру мекемелерінің оқытушылары енгізу және оқыту қызметінде көпжылдық тәжірибесі бар тәжірибелі оқытушылар әзірлеген сертификатталған курстардың әдістемелері мен әдебиеттерін пайдалана алады. Ол үшін Сертификатталған оқыту туралы шарт жасасу, содан кейін таңдалған сертификатталған курс бойынша білім беру мекемесінің оқытушысын даярлау және тыңдаушыларға арналған әдістемелік оқу құралдарын сатып алу қажет. Әдістемелік оқу құралдарын сатып алу біздің серіктестеріміз арқылы жеңілдікті бағамен жүргізіледі.
Шарттың күші осы білім беру мекемесінде ұзақ мерзімді негізде білім алушыларға ғана қолданылады. Сертификатталған курстар бойынша оқыту әрі студенттерді оқытудың негізгі бағдарламасына енгізілуі, әрі факультативті түрде өткізілуі мүмкін.
Сертификатталған курстардың оқытушыларын қалай дайындау керектігі сілтеме арқылы сипатталған.
"1С:Кәсіпқой" бағдарламасы бойынша жоғары және орта білім беру мекемелерінің білім алушылары мен студенттерін сертификаттау
Сертификаттау туралы келісімге сәйкес, білім беру мекемесі өзінің компьютерлік сыныбының базасында "1С:Кәсіпқой" бағдарламасы бойынша студенттерді жеңілдікті тестілеуді ұйымдастыра алады. Келісім "1С:Кәсіпорын 8" бойынша білім алушылардың білімін тексеруді қамтамасыз етуді және сертификаттар беруді көздейді. "1С:Кәсіпқой" сертификаты білім беру мекемесінде оқытудың жоғары деңгейін растайды, студенттердің еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін арттырады.
"1С:Кәсіпқой" бағдарламасы бойынша білім алушылар мен студенттерді сертификаттауды жоғары және орта білім беру мекемелерімен ынтымақтастық туралы шарт жасасқан және білім алушылар мен студенттерді сертификаттау жүргізілетін бағдарламалық өнімдер бойынша сертификатталған оқытушысы бар білім беру мекемелері жүргізе алады.
Сертификаттау емтиханы осы оқу мекемесінің оқушылары мен студенттері үшін өткізіледі.
Өзара іс-қимыл жасаудың барлық мәселелері бойынша training@1c.kz электрондық поштасы арқылы хабарласуды сұраймыз.