1С элективті пәндерін оқу орындарының білім беру бағдарламаларына енгізу


Білім беру мекемелерімен өзара іс-қимыл жасау шеңберінде 1С Қазақстан оқу орындарының оқытушыларына білім беру бағдарламаларына 2 (екі) 1С элективті пәнін енгізуді ұсынады, олар оқытуды жүргізу үшін материалдардың толық және дайын жиынтығын қамтитын болады. Материал «1С:Кәсіпорын 8» платформасын жобалау кезінде салынған әдіснамаға толық сәйкес келеді. Әзірленген материалдарды пайдалану академиялық дайындықтың болашақ түлектердің практикалық қызметімен тығыз байланысын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұл теориялық қағидаттармен және көзқарастармен ғана емес, сонымен қатар, оларды шынайы түрде жүзеге асыру мүмкіндіктерімен, әзірлеу құралдарының кең таралған соңғы нұсқаларымен таныс түлектердің сапасына, бәсекеге қабілеттілігіне оң әсер етеді. Білім беру мекемелерімен өзара іс-қимыл жасау шеңберінде оқытушыларға жүйеленген және ретке келтірілген әдістемелік тәжірибені пайдаланып, өз оқу бағдарламаларын дайындау мен дамыту кезінде күш-жігерді үнемдеуді ұсынамыз.

1. «1С бағдарламалауы» элективті пәні (5 кредит (150 сағат, оның ішінде 60 аудиториялық)

Пәнді зерделеу мақсаты:

  • «1С:Кәсіпорын 8» жүйесінің көмегімен шешілетін қолданбалы міндеттердің спектрін айқындау;
  • студенттерде «1С:Кәсіпорын 8» платформасының базасында қолданбалы шешімдерді әзірлеу, қолдау және енгізу әдістемесі туралы тұтас түсінік қалыптастыру;
  • «1С:Кәсіпорын 8» платформасының объектілері мен тетіктерін дұрыс таңдау және сауатты пайдалану әдіс-тәсілдерін
    меңгеру;
  • басқарылатын қосымшаны әзірлеу құралдарын дұрыс қолдану дағдыларын қалыптастыру.

Енгізу шарттары:

  1. 1С Қазақстан әзірлеген әдістемелік материалдың үлгілік шаблонын пайдалану.
  2. Пәнді жұмыс оқу жоспарына (ЖОЖ) енгізу.
  3. Пәнді енгізгені туралы растайтын құжаттарды ұсыну/пәнді epvo.kz сайтында білім беру бағдарламаларының тізілімінде орналастыру.
  4. Білімі пәнді оқытуға қойылатын талаптарға сәйкес келетін оқытушы.

Оқытушы үшін талаптар:

  1. Платформа бойынша «1С:Кәсіпқой» сертификатының болуы;
  2. «1С:Кәсіпорын 8» жүйесінде конфигурациялауға кіріспе. Негізгі объектілер» курсын тыңдау немесе Платформа бойынша «1С:Маман» сертификатының болуы.
  3. 1С Қазақстаннан әдіскер-оқытушымен сұхбат.

2. «1С конфигурациялау» элективті пәні (5 кредит (150 сағат, оның ішінде 60 аудиториялық). «1С бағдарламалауы» пәнінің жалғасы.

Оқыту мақсаты – есепке алудың сан алуан түрлеріне арналған шоттар мен тіркелімдердің жоспарын жобалау негіздерін, тіркелімдерді қозғалыстармен дұрыс толтыруды және құжаттарды есепке алуда көрсетудің қарапайым алгоритмдерін әзірлеуді қоса алғанда, «1C:Кәсіпорын 8.3» жүйесінде жедел және бухгалтерлік есепке алу міндеттерін конфигурациялаудың базалық білімі мен дағдыларын алу.

Енгізу шарттары:

  1. Пәнді іске қосу үшін алдымен «1С бағдарламалауы» элективті пәнін енгізу қажет.
  2. Пәнді жұмыс оқу жоспарына (ЖОЖ) енгізу.
  3. 1С Қазақстан әзірлеген әдістемелік материалдың үлгілік шаблонын пайдалану.
  4. Пәнді енгізгені туралы растайтын құжаттарды ұсыну/пәнді epvo.kz сайтында білім беру бағдарламаларының тізілімінде орналастыру.
  5. Білімі пәнді оқытуға қойылатын талаптарға сәйкес келетін оқытушы.

Оқытушы үшін талаптар:

  1. Платформа бойынша «1С:Кәсіпқой» сертификатының болуы.
  2. Келесі курс тыңдау:
    • a. «1С:Кәсіпорын 8» жүйесінде конфигурациялауға кіріспе. Негізгі объектілер;
    • b. «1С:Кәсіпорын 8» жүйесінде конфигурациялау. Жедел міндеттерді шешу;
    • c. «1С:Кәсіпорын 8» жүйесінде конфигурациялау. Бухгалтерлік міндеттерді шешу» немесе Платформа бойынша «1С:Маман» сертификатының болуы.
  3. 1С Қазақстаннан әдіскер-оқытушымен сұхбат.