Сертификатталған Оқыту Орталықтары


Центры компетенции сертифицированного обучения

Сертификатталған Оқыту Орталықтары (СОО) "1С:Кәсіпорын 8" желісінің өнімдері бойынша қолжетімді және сапалы оқытуды қамтамасыз етеді.

Жұмыс істеп келе жатқан жылдары СОО Қазақстанның әртүрлі өңірлерінде он мыңдаған адамды оқытты.

Неліктен пайдаланушылар дәл СОО-да оқығанды таңдайды? Бұл туралы мына жерден оқуға болады.

СОО жобасы өңірлерде тұратын мамандар үшін ерекше маңызға ие, өйткені Астанаға бармай-ақ сертификатталған оқытушылардан вендор әзірлеген оқыту курсынан өтуге мүмкіндік береді.

СОО жобасы үшін әрі "нөлден" "1С:Кәсіпорын 8" платформасын немесе қолданбалы шешімдерді зерделеу үшін, әрі ең көп қиындық туғызатын жекелеген тақырыптарды зерделеу үшін қажетті сертификатталған оқыту курстары дайындалды. Барлық курстарды "1С:Кәсіпорын" бағдарламалық өнімдерін енгізуде үлкен тәжірибесі бар 1С-Оқу орталықтарының әдіскер оқытушылары әзірледі және тікелей "1С:Кәсіпорын" өнімдерін әзірлеу бөлімінің мамандары авторлады.

СОО "1С:Кәсіпорын 8" платформасы мен қолданбалы шешімдерді жобалау кезінде салынған әдіснамаға толық сәйкес келетін оқытуды жүргізуге арналған материалдардың толық әрі дайын жиынтығын алады, бұл ретте сертификатталған курстарға қолдау көрсетіледі және олар бағдарламалық өнімдердің жаңа редакцияларының шығуына қарай жаңартылып отырады.

Өңірлік СОО-да курстарды оқитын оқытушылар әрбір курс бойынша оқытудан өтеді және оқыту құқығына емтихан тапсырады. Әрбір СОО оқытушысының вендор берген, жоғары біліктілік деңгейін куәландыратын атаулы сертификат бар.

СОО курстары тыңдаушылардың келесі санаттарына арналған:

  • Кәсіпорындардың IT-мамандары;
  • Франчайзи фирмалардың практикалық енгізушілері;
  • Бухгалтерлер, менеджерлер, басшылар;
  • ЖОО-лар мен орта арнаулы оқу орындарының студенттері.

Барлық СОО-лар оқу курстарын бірыңғай сертификатталған әдістемелер мен материалдар бойынша өз кестесі бойынша өткізеді.

Оқыту аяқталғаннан кейін әрбір тыңдаушы оқыту курсынан өткені туралы ресми куәлік алады.

Сізді СОО курстарын тыңдаушылардың қатарында көруге қуанышты боламыз.

Серіктестерге: Қалай Сертификатталған Оқыту Орталығы болуға болады