Қалай Сертификатталған Оқыту Орталығы болуға болады


Центры компетенции сертифицированного обучения

Неліктен Сертификатталған Оқыту Орталығын (СОО) құру туралы ойланған жөн

Соңғы жылдары IT-индустрияның қарқынды дамуы білімі мен практикалық дағдылары вендормен сертификатталған білікті мамандарға сұраныстың артуына алып келді. Вендордан оқыту мен сертификаттау бағдарламалық қамтылымды пайдаланушы кәсіпорын үшін қызметкердің белгілі бір кәсіби деңгейіне кепілдік береді. "1С:Франчайзи" серіктестері үшін оқытылған және сертификатталған қызметкер бағдарламалық қамтылымды сатып алу кезінде белгілі бір мәртебе мен жеңілдіктер құқығын алуға немесе сақтап қалуға мүмкіндік береді.

Өңірлік оқыту орталығы жол жүру мен тұруға жұмсалатын шығыстарды едәуір қысқартуға арналған. Бұл ретте өңірлік орталықта өндірушідегідей дәл сондай дайындық деңгейін қамтамасыз ету қажет. Бұл міндетті шешу үшін IT-вендорлар, әдетте, тікелей вендор дайындаған курстар мен тарату материалдарын пайдалана отырып, сертификатталған оқытушылардың өздерінің өңірлік орталықтарында сабақ өткізуін қамтамасыз ететін оқыту провайдерлерін тартады.

1С:Франчайзинг жүйесінде білім беру провайдерлерінің негізгі рөлін Сертификатталған Оқыту Орталықтары (СОО) жүйесіне ұйымдастырылған серіктес франчайзи фирмалар атқарады. Мұндай үлестірілген оқыту ұйымы бір жағынан оқыту процесін тек қана академиялық деңгейде тұйықтап қоймай, оған практикалық енгізушілерді тартуға тиіс. Екінші жағынан – серіктестерге орнықты әрі рентабельді білім беру бизнесін ұйымдастыру мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Қызметтің бұл бағыты орнықты және серпінді дамып жатыр.

СОО жобасына қатыса отырып, франчайзи фирманың курсты әзірлеу мен сүйемелдеуге қаражат инвестициялауы қажет болмайды. Мұның бәрін вендордың әдіскер оқытушылары жасайды. Осы арқылы франчайзи фирманың білім беру бағытына инвестициялары едәуір қысқарады және тезірек қайтады.

СОО шартын жасасу

СОО жобасына келесідей қосылуға болады:

Шарттардың шаблондары

Сертификатталған Оқыту Орталығы (СОО) және Авторланған Сертификаттау Орталығы (АСО) шарттары серіктестерді техникалық қолдау бөлімі арқылы жасалады.

Құжаттарды беру тәсілдері

Құжаттарды беру үшін келесі тәсілдердің бірін пайдалануға болады:

  • «ИнфоСофтПром» ЖШС-ның мекенжайы бойынша тапсырысты хатпен пошта арқылы жіберу, 010010, Астана қаласы, Байтұрсынов көшесі, 9 (HighVill ТК), F2 блогы, 2-қабат (кіретін жері Байтұрсынов көшесі жағынан).
  • Дистрибьютор арқылы беру.

Серіктестің атына құжаттар:

  • Дистрибьютор арқылы.
  • Серіктестің пошталық мекенжайына тапсырысты хатпен берілетін болады.