СОO курстарын қалай дұрыс таңдауға болады?


Центры компетенции сертифицированного обучения

Қазіргі уақытта оқыту нарығы айтарлықтай қаныққан. Интернет-іздеушіде "1с курстары" сұрау салуы бойынша 1 миллионнан астам сілтеме беріледі.

Кез келген курсқа жазыл да үйрен деп көрінгендей. Бірақ жағдайды мұқият талдайтын болсақ, онда курстар арасында үлкен айырмашылық бар екені анықталды. Әрі ең алдымен, курстардың бағасы едәуір ерекшеленеді. Неліктен бағалар ерекшеленеді? Бәрі қарапайым: өндірушіде өнім ең арзан. Делдалдар азырақ – «үстемелер» азырақ. Бірінші қорытынды жасаймыз: курстарды осы бағдарламаны жасап, онда жұмыс істеуге үйрететін адамдардан іздеу керек.

Біздің жеке 1С білім Беру орталығымыз бар. Серіктес фирмалардың да оқытумен айналысатын бөлімшелері бар. Бұл бөлімшелер дәл осылай –Сертификатталған оқыту орталықтары (СОО) деп аталады. Дәл осы СОО-да «1С:Кәсіпорын» бағдарламаларының жүйесі бойынша ең сапалы курстар орташа бағамен, себебі оқыту «1С:Франчайзи» серіктестері бизнесінің негізгі бағыттарының бірі болып табылады. Ең жақын СОО-ны табу оңай – олардың бәрі СОО тізімінде бар.

«1С:Кәсіпорын» желісінің бағдарламаларымен жұмыс істеуге өте тез үйренуге болады. Жаңадан бастап жатқан адам үшін СОО-дағы стандартты курс небәрі 1 күн жалғасады, "Қазақстанға арналған 1С:Бухгалтерия 8: алғашқы қадамдар" деп аталады.

Қажеттілік болса және уақыт жағынан мүмкіндік болса, онда бір апта ішінде СОО-да Қазақстанға арналған 1С:Бухгалтерияны бухгалтерлік есепке алу теориясымен бірге зерделеуге болады, мұндай курс "Жаңадан бастап жатқан адамдарға арналған бухгалтерлік есепке алу + "Қазақстанға арналған 1С:Бухгалтерия 8" бағдарламасындағы жұмыс практикасы" деп аталады. Мұндай курстан кейін, тіпті біліміңіз бойынша бухгалтер болмасаңыз да, бағдарламадағы практикалық жұмысқа кірісуге болады.

Бағдарламашылар мен әкімшілерді дәл сол СОО-да, бірақ бөлек бағдарлама бойынша даярлайды. Бағдарламашылар үшін ең танымал курс – "1С:Кәсіпорын 8 жүйесінде конфигурациялауға кіріспе. Негізгі объектілер". Осы курстан өтіп, "1С:Кәсіпорын" платформасын пайдалана отырып, бағдарламаларды қолдау мен жазуға кірісуге болады. Алдағы уақытта, қажеттілік туындаған кезде, бағдарламалық ортаның жекелеген бөлімін тереңірек зерделеуге: сұрау салуларды жазуды немесе есептерді құруды меңгеруге болады.

Екінші қорытынды: дұрыс таңдалған курс қажет білім үшін ғана ақы төлеуге мүмкіндік береді.

СОО курстарында басты элемент – бұл бағдарламалық өнімнің өзі. Бағдарламалар үнемі дамып отырады, ал үнемі жаңартуды бағдарламалардың лицензияланған пайдаланушылары ғана орындайды. Ескі бағдарламада
оқыту – бұл ескірген білім, қайта үйрену қажеттілігі, демек, қосымша шығыстар. Лицензияланған және ең соңғы бағдарламасы кімде деп ойлайсыз? Жауабы айдан анық: осы бағдарламаларды енгізетін "1С:Франчайзи" серіктесінде.

Үшінші қорытынды өздігінен шығып тұр: ең соңғы бағдарламалар оларды шығарып, сататындарда. Яғни, дәл сол СОО-ларда.

Сапалы оқытудың негізі – бұл жақсы оқытушы. СОО-да әрбір оқытушы мамандандырылған дайындықтан өтіп, емтихан тапсырған, сертификаты бар және емтиханнан кейін жұмысқа жіберілген. Төртінші қорытынды: ең үздік оқытушылар бейінді оқу орталықтарында жұмыс істейді.

Курста білімді ғана емес, сонымен қатар, оқулықты немесе дайын конспектіні алған абзал. Бұл конспектілерді өз бетінше жазуды болғызбауға, практикаға көбірек көңіл бөлуге мүмкіндік береді. Оқулық оқытудан кейін бірнеше ай өткен соң білімді жаңарту талап етілген кезде таптырмас жәрдемші болады. Бесінші қорытынды: егер сіз курстарда оқулық алмасаңыз – сіздің біліміңіз жадыңыздан тез арада кетіп қалуы мүмкін. СОО-да барлық тыңдаушылар сабақтың алғашқы күні оқулықты алады.

Ең бастысы – бұл білім сапасы. Жұмыс беруші үшін қызметкердің білім деңгейін бағалаудың кең таралған тәсілдерінің бірі оның біліктілігін растайтын құжаттар болып табылады. Құжатты кімнің бергені, осы оқу орнының қалай бағаланатыны маңызды болып табылады. Алтыншы қорытынды: курстан кейін жұмыс берушіге мәлім болатын құжатты алу маңызды. СОО-ларды құратын оқу орталықтарының желісі құрылған кезінен бастап бүгінгі күнге дейін бірыңғай үлгідегі құжаттарды береді. Сондықтан жұмыс берушілер куәліктің нысанына бұрыннан көзі үйреніп, оны оң бағалайды.

Бұл ақпарат сізге пайдалы болады деп үміттенеміз. Оқыту бойынша сұрақтарыңыз туындаған жағдайда 1С Қазақстан Оқу орталығына (7172) 95-42-40 (қос. 5) телефоны арқылы немесе training@1c.kz электрондық поштасы арқылы хабарласуға болады.