Подготовка преподавателей


Сертификатталған курстардың оқытушыларын даярлау 2 кезеңде жүргізіледі

1-кезең – сертификатталған курстың әдістемелік материалдар жиынтығын сатып алу және өз бетінше зерделеу. Курстың материалдарын зерделеуге уақыт регламенттелмейді.

Сертификатталған курс оқытушысының әдістемелік материалдарының жиынтығын өңірлік дистрибьюторлардан сатып алуға болады.

"1С:Кәсіпорын 8" қолданбалы шешімдері бойынша курстар:

  • "Қазақстанға арналған 1С:Біздің фирмамызды басқару 8"-де жедел басқару" курсы бойынша СОО оқытушысына арналған әдістемелік материалдардың жиынтығы
  • "1С:Құжат айналымы 8" бағдарламасындағы кәсіби жұмыс" курсы бойынша СОО оқытушысына арналған әдістемелік материалдардың жиынтығы
  • "1С:Жалақы және Персоналды Басқару 3.0"-де кадрлық есепке алу" курсы бойынша СОО оқытушысына арналған әдістемелік материалдардың жиынтығы
  • "1С:Кәсіпорын 8. Қазақстанға арналған Бухгалтерия". Үлгілік конфигурацияны практикалық қолдану" курсы бойынша СОО оқытушысына арналған әдістемелік материалдардың жиынтығы
  • "1С:Кәсіпорын 8. Қазақстанның мемлекеттік мекемелеріне арналған Бухгалтерлік есепке алу". Үлгілік конфигурацияны практикалық қолдану" курсы бойынша СОО оқытушысына арналған әдістемелік материалдардың жиынтығы
  • "1С:Кәсіпорын 8. Қазақстанның мемлекеттік кәсіпорындарына арналған Бухгалтерлік есепке алу". Үлгілік конфигурацияны практикалық қолдану" курсы бойынша СОО оқытушысына арналған әдістемелік материалдардың жиынтығы
  • "1С:Кәсіпорын 8". "Қазақстанға арналған Бухгалтерия" конфигурациясын енгізу және бейімдеу" курсы бойынша СОО оқытушысына арналған әдістемелік материалдардың жиынтығы
  • "1С:Кәсіпорын 8. Қазақстанға арналған Сауданы басқару". Үлгілік конфигурацияны практикалық қолдану" курсы бойынша СОО оқытушысына арналған әдістемелік материалдардың жиынтығы
  • "1С:Кәсіпорын 8". "Қазақстанға арналған 1С:Сауданы басқару 8" қолданбалы шешімін енгізу және бейімдеу" курсы бойынша СОО оқытушысына арналған әдістемелік материалдардың жиынтығы
  • "1С:Кәсіпорын 8. Қазақстанға арналған Жалақы және Персоналды Басқару". Үлгілік конфигурацияны практикалық қолдану" курсы бойынша СОО оқытушысына арналған әдістемелік материалдардың жиынтығы
  • "1С:Кәсіпорын 8". Қазақстанға арналған Өндірістік кәсіпорынды басқару. Кіші жүйелердің жұмыс істеуі мен өзара іс-қимыл жасауының негізгі қағидаттары" курсы бойынша СОО оқытушысына арналған әдістемелік материалдардың жиынтығы

"1С:Кәсіпорын 8" платформасы бойынша курстар

  • "1С:Кәсіпорын 8" жүйесінде конфигурациялауға кіріспе. Негізгі объектілер" курсы бойынша СОО оқытушысына арналған әдістемелік материалдардың жиынтығы
  • "1С:Кәсіпорын 8" жүйесінде конфигурациялау. Жедел міндеттерді шешу" курсы бойынша СОО оқытушысына арналған әдістемелік материалдардың жиынтығы
  • "1С:Кәсіпорын 8" жүйесінде конфигурациялау. Бухгалтерлік міндеттерді шешу" курсы бойынша СОО оқытушысына арналған әдістемелік материалдардың жиынтығы
  • "1С:Кәсіпорын 8" жүйесінде конфигурациялау. Есеп айырысу міндеттерін шешу" курсы бойынша СОО оқытушысына арналған әдістемелік материалдардың жиынтығы
  • "1С:Кәсіпорын 8" жүйесінде интеграциялау құралдары және деректермен алмасу" курсы бойынша СОО оқытушысына арналған әдістемелік материалдардың жиынтығы
  • "1С:Кәсіпорын 8" жүйесінде сұрау салуларды пайдалану" курсы бойынша СОО оқытушысына арналған әдістемелік материалдардың жиынтығы

2-кезең – сертификатталған курс оқытушысының міндетті тренингінен өту және емтихан тапсыру. Әдістемелік тренингтерден өту СОО шарты бар серіктестер үшін ғана мүмкін болады.
Оқытушылардың әдістемелік тренингтері көзбе-көз және қашықтағы форматта өткізіледі.

Негізгі курс бойынша оқыту құқығына емтиханды сәтті тапсыру тағы бірнеше курсқа қол жеткізуге мүмкіндік береді (оқытушыға арналған әдістемелік материалдарды сатып алған кезде).

"1С:Кәсіпорын 8. Қазақстанға арналған Бухгалтерия". Үлгілік конфигурацияны практикалық қолдану":

"1С:Кәсіпорын 8. Қазақстанға арналған Сауданы басқару". Үлгілік конфигурацияны практикалық қолдану:

"1С:Кәсіпорын 8. Қазақстанға арналған Жалақы және персоналды басқару". Үлгілік конфигурацияны практикалық қолдану:

"1С:Кәсіпорын 8. Қазақстанға арналған Бухгалтерия". Үлгілік конфигурацияны практикалық қолдану"

"1С:Кәсіпорын 8. Қазақстанға арналған Сауданы басқару". Үлгілік конфигурацияны практикалық қолдану"

"1С:Кәсіпорын 8 жүйесінде конфигурациялауға кіріспе. Негізгі объектілер":

Мектеп оқушыларына арналған курстарды өткізуге оқытушыға арналған материалдарды сатып алу фактісі бойынша рұқсат етіледі (сертификаттау талап етілмейді):

Бір СОО-да оқытушылар бағдарламалау бойынша 4 емтихан тапсырған кезде:
"1С:Кәсіпорын 8" жүйесінде конфигурациялауға кіріспе. Негізгі объектілер"
"1С:Кәсіпорын 8 жүйесінде конфигурациялау. Бухгалтерлік міндеттерді шешу"
"1С:Кәсіпорын 8 жүйесінде конфигурациялау. Есеп айырысу міндеттерін шешу"
"1С:Кәсіпорын 8 жүйесінде конфигурациялау. Жедел міндеттерді шешу", онда "1С:Кәсіпорын 8" жүйесінде конфигурациялау" кешенді курсы бағдарламалау бойынша кешенді курсына қол жеткізеді.

Көзбе-көз тренингтер

Тренингке оқытушылар 1С:Кәсіпқой сертификаты (өзі алдағы уақытта курсты оқитын құрамдас бойынша) және оқытушыға арналған әдістемелік материалдардың зерделеген жиынтығы болған жағдайда жіберіледі.

Тренингте оқытушыларды оқыту процесінде басты назар оқыту
курсын құрудың әдістемелік аспектілеріне, оны өткізу ерекшеліктеріне және оқытушылардың курс материалдарын білуін жүйелеуге аударылады.

Бірінші кезең – курстың практикалық тапсырмаларын орындай отырып, әдістемелік материалдардың жиынтығын сатып алу және өз бетінше зерделеу – алдын ала орындалды деп бірмәнді болжанады.

Дәл сондықтан тренинг әдістемелік жұмысқа көбірек көңіл бөледі және шын мәнінде келесі мәселелер бойынша жетілдіру және түпкілікті даярлау кезеңі болып табылады:

  1. Курстың мақсатын, идеясы мен арқауын жеткізу;
  2. Материалды әртүрлі жағдайларда беру;
    • «Мықты» топ үшін
    • «Әлсіз» топ үшін
  3. Оқыту технологиялары мен әдіс-тәсілдерін беру;
    • Бүкіл курс бойында аудиторияның назар аударуын қалай қамтамасыз ету керек
    • Топтар әртекті («тәжірибесі өте мол мамандар мен жаңадан бастаушылар») болған жағдайда курсты қалай жүргізу керек
    • Тақырыптарды өтуге уақытты қалай бөлу керек
    • Ең маңызды мәселелерді игеруді қалай қамтамасыз ету керек
    • Арандатушылық сұрақтар
    • Арандатушылық жауаптар
    • Тиімді шешімдерді көрсету

Бұдан басқа, курстың авторымен бетпе-бет сөйлесу курстың материалын беру тәсілі бойынша да, оның мазмұны бойынша да туындаған мәселелерді сол жерде әрі тез айқындап алуға көмектеседі.

Тренингтің әдістемелік бөлігін өткеннен кейін бірден – оқыту курсын өткізу құқығына оқытушының сертификаттау емтиханы тапсырылады.

Қашықтан өткізілетін тренингтер

Қашықтан өткізілетін тренинг таңдалған курсты оқыту құқығына емтиханға оқу немесе өндірістік процестен қол үзбей толыққанды дайындалуға мүмкіндік береді.

Тренингке оқытушылар, егер өздері алдағы уақытта курсты оқитын құрамдас бойынша 1С:Кәсіпқой сертификаты болмаса, жіберілмейді.

Қашықтан өткізілетін форматта тренингтен өту үшін қашықтан өткізілетін тренингтің әдістемелік оқу құралын сатып алу қажет.

Қазіргі уақытта Қазақстаннан серіктестер дистрибьютор арқылы келесі оқу құралдарына тапсырыс бере алады:

  • "1С:Кәсіпорын 8". "Кәсіпорынның бухгалтериясы" конфигурациясын пайдалану (пайдаланушы режимдері) 3.0 ред." курсын оқыту құқығына емтиханға дайындалуға арналған материалдар
  • "1C:Кәсіпорын 8. Сауданы басқару. Бағдарламамен жұмыс істеудің негізгі қағидаттары" курсын оқыту құқығына емтиханға дайындалуға арналған материалдар
  • "1С:Кәсіпорын 8". "Жалақы және Персоналды Басқару" конфигурациясын пайдалану (пайдаланушы режимдері)" курсын оқыту құқығына емтиханға дайындалуға арналған материалдар
  • "1С:Кәсіпорын 8". "Бюджеттік мекеменің жалақысы мен кадрлары" конфигурациясын пайдалану (пайдаланушы режимдері)" курсын оқыту құқығына емтиханға дайындалуға арналған материалдар
  • "1С:Кешенді автоматтандыру 8". Негізгі жұмыс қағидаттары" курсын оқыту құқығына емтиханға дайындалуға арналған материалдар
  • "Электрондық құжат айналымын ұйымдастыру үшін "1С:Құжат айналымы 8" қолданбалы шешімінің мүмкіндіктері" курсын оқыту құқығына емтиханға дайындалуға арналған материалдар
  • "1С:Кәсіпорын 8" жүйесінде конфигурациялауға кіріспе. Негізгі объектілер. 8.3 нұсқасы" курсын оқыту құқығына емтиханға дайындалуға арналған материалдар
  • "1С:Кәсіпорын 8" жүйесінде конфигурациялау. Жедел міндеттерді шешу. 8.3 нұсқасы" курсын оқыту құқығына емтиханға дайындалуға арналған материалдар
  • "1С:Кәсіпорын 8" жүйесінде конфигурациялау. Бухгалтерлік міндеттерді шешу. 8.3 нұсқасы" курсын оқыту құқығына емтиханға дайындалуға арналған материалдар
  • "1С:Кәсіпорын 8" жүйесінде конфигурациялау. Есеп айырысу міндеттерін шешу. 8.3 нұсқасы" курсын оқыту құқығына емтиханға дайындалуға арналған материалдар
  • "1С:Кәсіпорын 8" жүйесінде деректерді интеграциялау және олармен алмасу құралдары" курсын оқыту құқығына емтиханға дайындалуға арналған материалдар
  • "1С:Кәсіпорын 8" жүйесінде сұрау салуларды пайдалану" курсын оқыту құқығына емтиханға дайындалуға арналған материалдар
  • "1С:Кәсіпорын 8. Қазақстанға арналған Бухгалтерия. Үлгілік конфигурацияны практикалық қолдану" курсы бойынша СОО оқытушысына арналған қашықтан өткізілетін тренинг
  • "1С:Кәсіпорын 8. Қазақстанның мемлекеттік мекемелеріне арналған Бухгалтерлік есепке алу". Үлгілік конфигурацияны практикалық қолдану" курсы бойынша СОО оқытушысына арналған қашықтан өткізілетін тренинг
  • "1С:Кәсіпорын 8". "Қазақстанға арналған Бухгалтерия" конфигурациясын енгізу және бейімдеу" курсы бойынша СОО оқытушысына арналған қашықтан өткізілетін тренинг
  • "1С:Кәсіпорын 8. Қазақстанға арналған Сауданы басқару. Үлгілік конфигурацияны практикалық қолдану" курсы бойынша СОО оқытушысына арналған қашықтан өткізілетін тренинг
  • "1С:Кәсіпорын 8. Қазақстанға арналған Жалақы және персоналды басқару. Үлгілік конфигурацияны практикалық қолдану" курсы бойынша СОО оқытушысына арналған қашықтан өткізілетін тренинг
  • "Қазақстанға арналған 1С:ERP Кәсіпорынды басқару 2" қолданбалы шешіміндегі шығындарды басқарушылық есепке алу, қаржылық нәтиже" курсы бойынша СОО оқытушысына арналған қашықтан өткізілетін тренинг
  • "Қазақстанға арналған 1С:ERP Кәсіпорынды басқару 2" қолданбалы шешімінде өндіріс пен жөндеулерді басқару" курсы бойынша СОО оқытушысына арналған қашықтан өткізілетін тренинг

Қашықтан өткізілетін тренингтің әдістемелік оқу құралы тиісті сертификатталған курс бойынша тыңдаушыларға арналған әдістемелік материалдардың жиынтығын толықтыратынына, бірақ оны алмастырмайтынына ерекше назар аударған жөн. Тренинг процесінде сертификатталған оқытушы атағына кандидат тыңдаушыға арналған әдістемені де, тиісті сертификатталған курстың оқытушысына арналған әдістемені де пысықтайды деп болжанады (екі әдістеме де сертификатталған курс бойынша әдістемелік материалдардың жиынтығына кіреді).

Қашықтан өткізілетін тренингтерді әзірлеу кезінде әдістемелік оқу құралдары қашықтан оқыту нысаны кезінде тыңдаушы мен тренингті жүргізетін оқытушының тікелей «жанды» байланысының болмайтынын ескере отырып жасалған болатын. Әрбір қашықтан өткізілетін тренингтің жиынтығына кіретін оқу құралында СОО серіктестерімен өзара іс-қимыл жасаудың жалпы схемасы қаралады, осы процеске әрбір қатысушының рөлі талданады, оқытушылар шешуге тиіс негізгі міндеттер тұжырымдалады, оларды сертификаттау маңыздылығы түсіндіріледі. Қашықтан өткізілетін тренингтердің әдістемелік оқу құралдары оқытушының СОО жалпы үлкен жобасына қатысуға деген ынтасын қалыптастыратын жарқын жанды тілде баяндалған. Бұған қосымша, оқу құралы материалды өз бетінше игеруді қалайтын оқытушыларға зерделейтін пәнге тез әрі жан-жақты тереңірек бойлауға мүмкіндік беретін қолда бар әдістемелік әдебиеттерге қысқаша шолуды қамтиды.

Қашықтан өткізілетін тренингтің технологиясы келесі кезеңдерден өтуді көздейді:

  1. Жаңа білім алу. Сертификатталған курстың тыңдаушыларына арналған әдістемелік материалдардың әрбір бөлімі практикалық тапсырмаларды ұғынып орындау үшін қажетті теориялық материалдарды қамтиды. Заңнамалық базаның, сондай-ақ нормативтік құжаттардың өзгеруіне қарай бөлім жаңартылады.
  2. Практикалық тапсырмаларды орындау. Бұл курсымыздан өтудің негізгі кезеңі. Курс қатаң практикалық бағытқа ие, сондықтан практикалық тапсырмаларды орындауға ерекше назар аударылады. Әдістемелік оқу құралында ұсынылған практикумдар қадамдық нұсқаулыққа (тапсырманы орындау схемасына) ұқсайды. Өзіңізде игеруде қиындық туғызатын сұрақтарды талдау.
  3. Өздік жұмысты орындау. Бұл кезең алған дағдыларды пысықтау және бекіту үшін қажет. Курстың әр тақырыбында өз бетінше орындауға арналған тапсырмалар ұсынылған.
  4. Оқытушының нәтижелерді бақылауы. Оқытушы өздік жұмыстың орындалуына бақылау жүргізеді. Егер қандай да бір кемшіліктер жіберілген болса, онда оларды жою бойынша ұсынымдар беріледі. Қажетті материалдарды игеру көлемін бақылау.
  5. Оқытушымен шектелмеген консультациялар. Егер тапсырмаларды орындау кезінде қиындықтар туындаса, осы қызметті пайдалануға болады. Қашықтан өткізілетін курсың тыңдаушысы болған кезіңізде Сізге жеке консультант оқытушы тағайындалады, онымен Сіз электрондық пошта арқылы байланыс жасайтын боласыз. Тренингтің қашықтан өткізілетін форматы материалдарды белгілі бір схема бойынша (осы оқу құралы шеңберінде) зерделеуге ұсынымдар беруді және курстың авторымен электрондық пошта арқылы міндетті түрде қарым-қатынас жасауды білдіреді.

Әдістемелік тренингтен қашықтан өткен кезде сертификатталған курсты оқыту құқығына емтихан тренингтен бөлек Астанадағы 1С Оқу Орталығында тапсырылады. Емтиханға өтінімді training@1c.kz электрондық мекенжайы арқылы беруге болады.

Оқуда және сертификатталған оқыту курсын өткізу құқығына емтихан тапсыруда табыс тілейміз!