1С:Кәсіпорын. Қазақстанның жоғары және орта оқу орындарында оқытуға арналған жиынтық


Бағдарламалық өнімнің құрамы

Оқу процесін ұйымдастыру үшін артикулы 4601546132550, 72 000 теңге жеңілдікті құны бойынша "1С:Кәсіпорын 8. Қазақстанның жоғары және орта оқу орындарында оқытуға арналған жиынтық" арнайы өнімі жиынтықталды.

Жиынтықтың құрамына мыналар кіреді:

  • "Қазақстанға арналған Бухгалтерия", 3.0 редакциясы,
  • "Қазақстанға арналған Сауданы басқару"
  • "Қазақстанға арналған Жалақы және персоналды басқару"
  • "Қазақстанға арналған Шағын фирманы басқару"
  • "Қазақстанға арналған ERP Кәсіпорынды басқару 2"
  • "Қазақстанның мемлекеттік мекемелеріне арналған Бухгалтерия"
  • "Қазақстанның мемлекеттік кәсіпорындарына арналған Бухгалтерия"
  • "Қазақстанның мемлекеттік мекемелеріне арналған Жалақы және кадрлар"
  • "Қазақстанға арналған Құжат айналымы КОРП"

50 Клиенттік жұмыс орнына лицензияларды жеткізу + 1С:Кәсіпорын 8 сервері

"1С:Кәсіпорын 8" бойынша материалдарды курстардың оқу бағдарламаларына енгізу кезінде білім беру мекемелері толық дербестікке ие. Оқу мақсаттары үшін сатып алынған бағдарламалық өнімдер әрі тегін, әрі ақылы негізде білім алатын тыңдаушыларды даярлау кезінде пайдаланылуы мүмкін.

Бағдарламалық өнімді сатып алу тәртібі

"1С:Кәсіпорын 8. Қазақстанның жоғары және орта оқу орындарында оқытуға арналған жиынтық" бағдарламалық өнімі Ынтымақтастық туралы шарт жасасқан жоғары және орта білім беру мекемелеріне сатылады. Егер оқу орнының мұндай шарты болмаса, онда оны жасасу үшін "1С Қазақстанға" training@1c.kz электрондық поштасы немесе +7 (7172) 92-42-40 (қос. 5) телефоны арқылы хабарласу қажет. Екі данада толтырылған шартты "ИнфоСофтПром" ЖШС, 010010, ҚР, Астана қаласы, Байтұрсынов көшесі, 9, F2 блогы пошталық мекенжайына жіберу қажет. Сканерленген шартты training@1c.kz мекенжайы бойынша алдын ала жіберуге болады.

2 жақты шартты жүктеп алу

3 жақты шартты жүктеп алу

Бұл өнімді 1С:Франчайзи серіктестері арқылы сатып алуға болады