"Қазақстанға арналған 1С:Бухгалтерия 8" оқу нұсқасы
"1С:Бухгалтерия" ТМД елдерінде есепке алу шешімдерінің индустриялық стандартына айналды. "1С:Бухгалтерия 8" бұл стандартты жаңа әдіснамалық және технологиялық деңгейге көтереді. Онда көлемі мен қызмет бағыттары бойынша әртүрлі жүздеген мың шаруашылық-есеп айырысу кәсіпорны мен ұйымы бухгалтерлерінің практикалық жұмыс тәжірибесі жүзеге асырылған.
Оқу нұсқасы бухгалтерлік және салықтық есепке алуды жүргізудің барлық мүмкіндіктерін игеруге арналған және бұл тұрғыдан оқу нұсқасымен жұмыс "Қазақстанға арналған 1С:Бухгалтерия 8" коммерциялық нұсқасымен жұмыс істеуден ерекшеленбейді.
- ыңғайлы – аппараттық немесе бағдарламалық қорғауы жоқ
- толық – конфигурацияның функционалдығы коммерциялық нұсқаға сәйкес келеді
"Қазақстанға арналған 1С:Бухгалтерия 8" оқу нұсқасы мынадай мүмкіндік береді:
- шынайы кәсіпорындағы есепке алуға ұқсас есепке алуды ұйымдастыру;
- салықтық және бухгалтерлік есепке алуды жүргізу әдістемелерін меңгеру;
- үлгілік операцияларды, құжаттар мен есептерді баптауды жүргізу;
- еңбекті көп қажет ететін есеп-қисаптарды автоматтандыру деңгейін және жұмыстың ыңғайлылығын бағалау;
- есептердің кез келген нысандарын, балансты, салық декларацияларын қалыптастыру;
- конфигурацияны әзірлеу мен жаңартуды жүргізу.
Оқу нұсқасының шектеулері
- құжаттардағы, анықтамалықтардағы, шоттардың жоспарларындағы, сипаттамалар түрлерінің жоспарлары мен басқа да объектілік кестелердегі деректердің саны шектеулі;
- кестелік бөліктер мен жазбалардың жинақтарындағы жазбалардың саны шектеулі;
- клиент-сервер нұсқасында жұмыс істеуге қолдау көрсетілмейді;
- үлестірілген ақпараттық базалардың жұмысына қолдау көрсетілмейді;
- COM-қосылысқа қолдау көрсетілмейді;
- пайдаланушылар үшін құпиясөздер мен Windows-аутентификаттауды пайдалану мүмкіндігі жоқ;
- кестелік құжаттарды басып шығару мен сақтауға Конфигуратор режимінде ғана қолдау көрсетіледі;
- жұмыстың жылдамдығына әсер ететін орындау уақытын кейбір оңтайландырулар жоқ;
- бір ақпараттық базамен бір уақытта бір ғана пайдаланушы жұмыс істей алады;
- Web-сервистермен жұмыс істеуге қолдау көрсетілмейді.
Өнім:
- Енді бастап жатқан бухгалтерлерге – тез арада практикалық жұмыс тәжірибесін жинақтау үшін.
- Кәсіпқой бухгалтерлерге – "Қазақстанға арналған 1С:Бухгалтерия 8" артықшылықтарын іс жүзінде бағалау және бағдарламаның коммерциялық нұсқасын сатып алу туралы ақылға салынған шешім қабылдау.
- Экономикалық мамандықтардың студенттеріне – бағдарламаны оқу курстары шеңберінде және өз бетінше зерделеу үшін.
- ЖОО-лар мен мамандандырылған курстарға – өздерінің оқу бағдарламаларын дамыту және оңтайландыру үшін.
- Сонымен қатар, заманауи компьютерленген есепке алуды жүргізу негіздерін зерделегісі келетін барлық адамдарға ұсынылады.
Сату тәртібі
"Қазақстанға арналған 1С:Бухгалтерия 8. Оқу нұсқасы" жеткізілімі дискісі бар кітапты қамтиды. Кітапта қолданбалы шешімнің функционалдық мүмкіндіктері мен бағдарламамен жұмыс істеудің қажетті әдіс-тәсілдері туралы толық сипаттама қамтылған. Дисктің құрамына бағдарламаны жылдам орнату және іске қосу бойынша электрондық басшылық, "1С:Кәсіпорын 8.3" платформасының оқу нұсқасы, "Қазақстанға арналған Бухгалтерия", 3.0 ред. конфигурациясы, "1С:Кәсіпорын 8-бен тиімді жұмыс" интерактивті оқыту курсы, "Қазақстанға арналған 1С:Бухгалтерия 8" бағдарламасымен жұмыс істеуді оқыту бойынша ақпарат кіреді.
Конфигурацияның жеткізіліміне қолданбалы шешімді тез арада игеру бойынша оқу құралы қосылған.
Материалдарды тиеп-жөнелту
"Қазақстанға арналған 1С:Бухгалтерия 8. Оқу нұсқасын" сатып алу үшін Қазақстан Республикасындағы "1С" фирмасының франчайзи серіктестері мен дилерлеріне "1С" фирмасының экономикалық мақсаттағы бағдарламалары сатылатын дүкендерге және Қазақстандағы "1С" фирмасының жақын маңдағы дистрибьюторлары арқылы жүгінуге болады.
Өнімнің оқу нұсқасының құны баға прайс-параққа сәйкес айқындалады. "Қазақстанға арналған 1С:Бухгалтерия 8. Оқу нұсқасы" өніміне алдын ала апгрейд өнімі көзделмеген. Оқу нұсқасының алдыңғы басылымдарының пайдаланушылары үшін платформаны, конфигурация мен кітапты жаңарту көзделмеген. Оқу нұсқасына арналған "Қазақстанға арналған Бухгалтерия" конфигурациясының жаңартулары шығарылмайды.