1С:Кәсіпорын 8.3. Бағдарламалауды үйретуге арналған нұсқа
"1С:Кәсіпорын" бағдарламалар жүйесі әртүрлі қызмет салаларындағы кәсіпорындарда басқару мен есепке алуды автоматтандыру үшін кеңінен пайдаланылады, оның негізінде 1 000 000-нан астам ұйымда қолданылатын жүздеген қолданбалы шешім жасалған. Бұл жүйенің шешімдерімен жүздеген мың АТ-маман жұмыс істейді. Өзінің алдыңғы ізашарларымен салыстырғанда "1С:Кәсіпорын 8" жүйесі анағұрлым күрделі міндеттерді шешуге мүмкіндік береді, жоғары масштабталуды қамтамасыз етеді және әзірлеушіге қолданбалы шешімдер жасау үшін құралдардың кең жинағын ұсынады.
"1С:Кәсіпорын 8.3. Бағдарламалауды үйретуге арналған нұсқа" – бұл "1С:Кәсіпорын 8" бағдарламалар жүйесімен танысқысы келетін және конфигурациялау әдіс-тәсілдерін: метадеректердің құрылымын жасау мен өзгертуді, бағдарламалық модульдер жазуды, диалогтер мен интерфейстерді әзірлеуді, қолданбалы шешімдерді әкімшілендіруді үйренгісі келетін пайдаланушылардың кең тобы үшін қолжетімді шешім.
- ыңғайлы – аппараттық немесе бағдарламалық қорғауы жоқ
- өз конфигурациясын жасауға болады
- кез келген қолда бар конфигурацияны зерделеуге болады
- кез келген қолда бар конфигурацияны, оның ішінде кәсіпорынды автоматтандырудың шынайы міндеттері үшін пысықтауға болады
- пайдаланушылардың шынайы есепке алуды жүргізуі үшін кәсіпорында пайдалануға болмайды
"1С:Кәсіпорын 8" платформасының оқу нұсқасын https://uc1.1c.ru/uchebnaya-versiya-1s/ сілтемесі арқылы жүктеп алуға болады
Тіркелген пайдаланушылар https://users.v8.1c.ru пайдаланушыларды қолдау сайтынан "1С:Кәсіпорын 8" платформасы оқу нұсқасының жаңартуларын жүктеп ала алады
Бағдарламалауды үйретуге арналған нұсқаның шектеулері:
- деректердің саны шектеулі:
- шоттардың кестелеріндегі жазбалардың ең көп саны 2000;
- объектілердің басты кестелеріндегі жазбалардың ең көп саны 2000;
- объектілердің кестелік бөліктеріндегі жазбалардың саны 1000;
- жазбалардың жинақтарындағы жазбалардың саны 2000;
- сыртқы дереккөздерден жазбалардың саны 200;
- клиент-сервер нұсқасында жұмыс істеуге қолдау көрсетілмейді;
- үйлестірілген ақпараттық базалардың жұмысына қолдау көрсетілмейді;
- COM-қосылысқа қолдау көрсетілмейді;
- пайдаланушылар үшін құпиясөздерді пайдалану және операциялық жүйені аутентификаттау мүмкіндігі жоқ;
- кестелік құжаттарды басып шығару мен сақтауға Конфигуратор режимінде ғана қолдау көрсетіледі;
- 1С:Кәсіпорын режимінде кестелік құжаттың біреуден артық ұяшығы ішіндегісінің көшірмесін жасауға қолдау көрсетілмейді;
- оқу нұсқасының тезәрекеттігі "1С:Кәсіпорын 8.3" коммерциялық нұсқасына қарағанда төмен;
- конфигурацияның қоймасымен жұмыс істеуге қолдау көрсетілмейді;
- конфигурацияны жеткізуге байланысты функционалдылық қолжетімсіз;
- ақпараттық базамен бір мезгілде жұмыс істеу сеанстарының саны бір сеанспен шектелген;
- бөлгіштердің мәндері бөлгіштің осы типі үшін үнсіз келісім бойынша мәндермен беріледі.
Бағдарламалауды үйретуге арналған нұсқаны пайдаланушыларды қолдау үшін https://DevTrainingForum.v8.1c.ru мекенжайы бойынша Интернет-конференция ұйымдастырылды
Өнім:
- Экономикалық және техникалық мамандықтардың студенттеріне – оқу бағдарламалары шеңберінде және өз бетінше "1С:Кәсіпорын 8" ортасында бағдарламалауды игеру үшін.
- Енді бастап жатқан бағдарламашыларға – "1С:Кәсіпорын 8" платформасымен танысу, метадеректердің құрылымын конфигурациялау, жасау және өзгерту әдіс-тәсілдерін үйрену, бағдарламалық модульдерді жазу, диалогтер мен интерфейстерді әзірлеу, қолданбалы шешімдерді әкімшілендіру үшін.
- ЖОО-лар мен мамандандырылған курстарға – өздерінің оқу бағдарламаларын дамыту және оңтайландыру үшін.
- АТ-бөлімшелердің басшыларына – "1С" бағдарламашылары мен енгізушілерінің лауазымдарына ізденушілердің конфигурациялау
әдіс-тәсілдерін меңгеру деңгейін бағалау үшін ұсынылады.