"1С:Кәсіпорын 8 платформасында бағдарламалау" оқу құралы
"1С:Кәсіпорын 8 платформасында бағдарламалау" негіздерін игеруге арналған оқу құралы. Басылымда жүйе жұмысының базалық қағидаттары, оның архитектурасы, пайдаланушы интерфейсінің элементтері қаралған, сондай-ақ 1С-те бағдарламалаудың қолданбалы дағдыларын дамытуға бағытталған практикалық тапсырмалар мен үлгілік міндеттердің мысалдары ұсынылған.
Материал ақпараттық технологиялар, бағдарламалау және автоматтандыру бағыттарының студенттеріне, сондай-ақ оқытушылар және 1С платформасымен жұмыс істеуді бастап жатқан мамандарға арналған. Оқу құралы «1С:Кәсіпорын» платформасында бағдарламалық шешімдерді әзірлеу және әкімшілендіру саласында кәсіби құзыреттерді қалыптастыруға ықпал етеді, сондай-ақ 1С технологияларын одан әрі тереңдетіп зерделеу және оларды кәсіпорындарды цифрлық трансформациялауда қолдану үшін негіз болады.