1С:Маман сертификатын қалай алуға болады


"1С:Маман" сертификатын алу — әрбір бастап жатқан "1С:Кәсіпорын" желісінің бағдарламаларын енгізушінің, бағдарламашысының немесе әкімшісінің мақсаты. Сертификат иегерлерінің қатарына кірудің бірден-бір жолы – аттестаттау емтиханынан өту. Алғашқы реттен бұл бәрінің бірдей қолынан келе бермейді — статистика бойынша, он адамның төртеуінің ғана қолынан келеді. Емтихан елеулі, онда пәнді сенімді білуін көрсету талап етіледі. Бұл бөлім осы білімді алудың оңтайлы тәсілін таңдауға көмектеседі.

Емтиханды таңдау

Ең алдымен, "1С:Маман" – бұл әрқайсысы жекелеген білім блогын тексеруге есептелген емтихандар сыныбы екенін түсіну керек. Емтихандарды мынадай 3 топқа бөлуге болады:

  1. "1С:Кәсіпорын 8" платформасы бойынша 1С:Маман ("1С:Кәсіпорын 8" платформасына салынған конфигурациялар мен технологиялық шешімдерді жобалаудың негізгі қағидаттарын түсінуді және конфигурациялау мен бағдарламалаудың практикалық дағдыларын тексереді).
  2. "1С:Кәсіпорын 8" қолданбалы шешімдері бойынша 1С:Маман (бағдарламаның мүмкіндіктерін білуін және қолданбалы шешімдердің қолданыстағы функционалын дамыту және жаңасын қосу үшін "1С:Кәсіпорын" ортасында жобалаудың практикалық дағдыларының болуын тексереді).
  3. "1С: Кәсіпорын 8" қолданбалы шешімдері бойынша 1С:Консультант маман (пайдаланушының өзіндік ерекше міндеттерін шешу үшін бағдарламаның барабар құралдарын табу, бағдарламаға өзгерістер/толықтырулар енгізуді талап ететін жағдайларды дұрыс диагностикалау қабілетін, қолданбалы шешімдерді бейімдеу бойынша бағдарламашыларға дұрыс міндеттер қою қабілетін тексереді).

Емтиханды таңдай отырып, өзіңіздің қызмет салаңызды ескеру керек:

  • егер Сіз бағдарламаларды әзірлеуге мамандансаңыз — сіздің мақсатыңыз "1С:Кәсіпорын 8" платформасы бойынша "1С:Маман";
  • егер Сіз қолданбалы шешімдерді пысықтайын деп жатсаңыз, онда Сізге "Қолданбалы шешімдер бойынша 1С:Маман" емтиханы керек;
  • егер Сізде пәндік саланы, мысалы, салықтық есепке алуды жақсы білсеңіз және консультант, оқытушы немесе бағдарламашылар мен пайдаланушылар арасында байланыстырушы буын болғыңыз келсе, "1С:Консультант маман" емтиханын тапсырыңыз.

Емтиханға жазылу

Кез келген емтиханға алдын ала жазылу керек. Өтінім беру нысаны "1С:Маман" емтиханын тапсыру тәсіліне байланысты:

Тәсіліне қарамастан – емтиханда дәл сол бір есептер болады. Сондықтан Өзіңізге экономикалық тұрғыдан тиімдісін таңдаңыз. Егер Сіз бірінші талпыныстан емтиханды сәтсіз тапсырсаңыз — ештеңе етпейді. Барлық емтихандарды 1С Білім беру орталығында қайта тапсыруға болады — қайта тапсыру тегін, ал қашықтықтан аттестаттауларда қайта тапсыру жеңілдікті құн бойынша.

Бұл ақпарат Сізге пайдалы болады деп үміттенеміз. Қазақстандағы 1С Өкілдігінің ресми Білім беру орталығы үйлестіру білім беру орталығының рөлін атқаратынын естеріңізге сала кетейік, "1С:Кәсіпорын" желісінің бағдарламалары бойынша емтихандар немесе курстар бойынша сұрақтарыңыз туындаған жағдайда, жай ғана (7172) 95-42-40 (қос. 5) телефоны арқылы қоңырау шалуға, пошта арқылы training@1c.kz мекенжайына жазуға болады.