Емтиханға дайындалу


Маман және Консультант маман емтихандарына дайындалуда оқу курстарын, Есептер жинақтары мен әдістемелік әдебиеттерді және Қазақстанға арналған есептер жинақтарын пайдалану ұсынылады.

Емтиханды таңдап, оған мұқият дайындалу керек. Дайындық жинақылығыңызға және Өзіңіз дайындалуға жұмсауға дайын уақытыңызға байланысты, бірнеше аптадан бірнеше айға дейін уақыт алуы мүмкін.

Дайындықтың бірінші кезеңі: "1С:Кәсіпқой" сертификатын алу. Әрбір "1С:Маман" алдында "1С:Кәсіпқой" рұқсат беру емтиханы бар, яғни, егер Сіз "Қазақстанға арналған 1С:Бухгалтерия" бағдарламасы бойынша "1С:Маман" емтиханын тапсыруды жоспарласаңыз, онда Сізге алдын ала "Қазақстанға арналған 1С:Бухгалтерия 8" бағдарламасы бойынша немесе "Қазақстанға арналған 1С:Өндірістік кәсіпорынды басқару 8" бағдарламасы бойынша "1С:Кәсіпқой" сертификатын алу қажет. "1С:Кәсіпқой" емтиханы – бұл тест, тесттің 14 сұрағының ішінен кемінде 12-сіне дұрыс жауап беру керек. "1С:Кәсіпқойға" кез келген басқа емтиханға сияқты міндетті түрде дайындалу керек, дайындықсыз оны тапсыру өте қиын. "1С:Кәсіпқой" емтиханына дайындық туралы толығырақ сайтта "Оқыту/1С:Кәсіпқой/Сертификаттаудан қалай өтуге болады" бөлімінен оқуға болады.

Қолыңызда "1С:Кәсіпқой" сертификаты болғаннан кейін Сіз "1С:Маман" емтиханына рұқсат аласыз. Алайда бұл сіз оны бірден тапсыруға бару керек дегенді білдірмейді. Сіз тек дайындықты бастадыңыз. Егер Сіз нәтижеге мүдделі болсаңыз, дайындықты жалғастыру керек.

"1С:Маман" емтиханына дайындалудың мынадай үш тәсілі бар:

  1. Оқыту курстарынан өту;
  2. Әдістемелік әдебиеттерді зерделеу;
  3. Бағдарламаларды баптау және бейімдеу бойынша жеке жұмыс тәжірибесін жинақтау.

Ең дұрысы, тәсілдерді қиыстыру керек. Олардың әрқайсысын егжей-тегжейлі қарап көрейік.

Оқыту курстары

Дайындықтың бастапқы кезеңінде курстарды таңдауға "СОО оқыту курсын қалай таңдау керек" атты жеке мақала арналған.

Емтиханға дайындалу үшін мына курстар ең қолайлы:

  1. Сізге пәндік сала бойынша ең аз қажетті теориялық білім беріледі;
  2. Тиісті емтихан тапсырмаларын шешу әдістемесін көрсетеді;
  3. Емтихан тапсырмасының белгілі бір нұсқасының "егжей-тегжейлеріне" назар аударылады;
  4. Курстарда емтиханға өз бетінше дайындалу кезінде туындаған сұрақтарды оқытушыға қою мүмкіндігі бар.

Платформа бойынша "1С:Маман" емтиханына дайындалу үшін келесі курстар ұсынылады:

  • "1С:Кәсіпорын 8" платформасын конфигурациялау;
  • "1С:Кәсіпорын 8" платформасы бойынша "1С:Маман" емтиханына консультация.

Өзіңізде олқылықтар бар тақырыптар бойынша платформаны тереңдетіп зерделеудің мынадай курстарын ұсынамыз:

  • "1С:Кәсіпорын 8" платформасында деректерді тұтастыру жүйесінің тетігі;
  • Деректерді тұтастыру жүйесі – "1С:Кәсіпорын" пайдаланушыларының есептерді баптау;
  • "1С:Кәсіпорын 8" платформасының құралдарымен деректерді талдау және болжау;
  • "1С:Кәсіпорын 8" платформасының стандартты кіші жүйелерінің кітапханасын тиімді пайдалану;
  • "1С:Кәсіпорын 8"-де нысандармен жұмыс істеу;
  • "1С:Кәсіпорын 8" жүйесінде деректерді интеграциялау және олармен алмасу құралдары;
  • "1С:Кәсіпорын 8" жүйесінде сұрау салуларды пайдалану.

Қолданбалы шешімдер бойынша "1С:Маман" емтиханына дайындалу үшін келесі курстар ұсынылады:

  • "Қазақстанға арналған 1С:Жалақы және Персоналды басқару 8" қолданбалы шешімін конфигурациялау;
  • "1С:Кәсіпорын 8. Қазақстанға арналған Өндірістік кәсіпорынды басқару"-да шығындарды басқару;
  • "1С:Кәсіпорын 8. Қазақстанға арналған Өндірістік кәсіпорынды басқару"-да өндірістік жоспарлау;
  • Қазақстанға арналған Өндірістік кәсіпорынды басқару. Өндірістік сепке алу.

Қолданбалы шешімдер бойынша "1С:Консультант маман" емтиханына дайындалу үшін келесі курстар ұсынылады:

  • "Қазақстанға арналған 1С:Бухгалтерия 8" қолданбалы шешімін енгізу;
  • "1С:Кәсіпорын 8" платформасындағы қолданбалы шешімдерде "1С:Жалақы және персоналды басқару" контурын енгізу.

Әдістемелік әдебиеттер

Әдістемелік әдебиеттер оқыту курстарына керемет қосымша болып табылады. Әдебиеттердің толық тізбесі әрқашан v8.1c.ru сайтында қолжетімді.

Өздік жұмыс

Курстар мен кітаптарда Сіз бағдарламамен жұмыс істеу әдістерін зерделейсіз. Бұл әдістерді теорияда зерделеп қана қоймай, сонымен қатар, іс жүзінде пайдалануды үйрену талап етіледі. Сондықтан емтиханға дайындалу кезінде өздік жұмыс, практика жақсы қосымша болады. Көбінесе, жас, енді бастап жатқан мамандарды өздік жұмысқа жібермейді, бұл жағдайға "1С:Кәсіпорын 8" платформасы бойынша "1С:Маман" емтиханына дайындалуға арналған есептер жинағы" арнайы дайындалды. Шынайы қызметтегі міндеттер шамамен осындай, дәл солардан емтихандағы билеттер құрастырылады. Емтиханға жинақтың есептері үлкен қиындықтар туғызбаған, олар шешілген кезде ғана барудың мәні бар. Шешімді сізбен бірге кәсіпорында жұмыс істейтін тәжірибелі маманмен (қазірдің өзінде сертификаты бар адаммен) талқылаған абзал. Егер мұндай маман болмаса, онда 1С Білім беру орталығында "1С:Кәсіпорын 8.3" платформасы бойынша "1С:Маман" емтиханына консультация" курсынан өту ұсынылады.

Есептер жинағының тізімі



"Қазақстанға арналған 1С:Сауданы басқару 8" қолданбалы шешімін конфигурациялау және енгізу бойынша "1С:Маман" емтиханына дайындалуға арналған есептер жинағы

Артикулы: 4601546148766

Құны: 6000 теңге

Авторы: 1С Қазақстан

Жылы: 2024

Беттерінің саны: 81



"Қазақстанға арналған 1С:Сауданы басқару 8" қолданбалы шешімін енгізу бойынша "1С:Консультант маман" емтиханына дайындалуға арналған есептер жинағы

Артикулы: 4601546148759

Құны: 6000 теңге

Авторы: 1С Қазақстан

Жылы: 2024

Беттерінің саны: 91



"Қазақстанға арналған 1С:Бухгалтерия", 3.0 ред. қолданбалы шешімін конфигурациялау және енгізу бойынша "1С:Маман" емтиханына дайындалуға арналған есептер жинағы

Артикулы: 4601546147066

Құны: 6000 теңге

Авторы: 1С Қазақстан

Жылы: 2022

Беттерінің саны: 96


"Қазақстанға арналған 1С:Бухгалтерия 8" қолданбалы шешімін енгізу бойынша "1С:Консультант маман" емтиханына дайындалуға арналған есептер жинағы

Артикулы: 4601546147097

Құны: 6000 теңге

Авторы: 1С Қазақстан

Жылы: 2023

Беттерінің саны: 126



"Қазақстанға арналған 1С:Жалақы және персоналды басқару", 3.1. ред. қолданбалы шешімін енгізу бойынша "1С:Консультант маман" емтиханына дайындалуға арналған есептер жинағы

Артикулы: 4601546146861

Құны: 6000 теңге

Авторы: 1С Қазақстан

Жылы: 2022

Беттерінің саны: 126



"Қазақстанға арналған 1С:Біздің фирмамызды басқару", 1.6 ред. қолданбалы шешімін енгізу бойынша "1С:Консультант маман" емтиханына дайындалуға арналған есептер жинағы

Артикулы: 4601546145055

Құны: 6000 теңге

Авторы: «1С» фирмасы

Жылы: 2020

Беттерінің саны: 55



"Қазақстанға арналған 1С:Біздің фирмамызды басқару 8" қолданбалы шешімін конфигурациялау және енгізу бойынша "1С:Маман" емтиханына дайындалуға арналған есептер жинағы

Артикулы: 4601546146397

Құны: 6000 теңге

Авторы: «1С» фирмасы

Жылы: 2022

Беттерінің саны: 47