1С:Предприятие (1С:Кәсіпорын) жүйесіне шолу


1С:Предприятие (1С:Кәсіпорын) бағдарламалар жүйесі ұйымдар мен жеке адамдардың қызметін автоматтандыру үшін соның негізінде әзірленген тұғырнама мен қолданбалы шешімдерді қамтиды. Тұғырнаманың өзі, әдетте, осы тұғырнамада әзірленген көптеген қолданбалы шешімдердің (конфигурациялардың) бірімен жұмыс істейтін түпкілікті пайдаланушылардың пайдалануына арналған бағдарламалық өнім болып табылмайды. Мұндай көзқарас бірыңғай технологиялық тұғырнаманы пайдалана отырып, әртүрлі қызмет түрлерін автоматтандыруға мүмкіндік береді.

Ендірулер
Қолданбалы шешімдер
Технологиялық тұғырнама

Қолданылу салалары

Тұғырнаманың икемділігі 1С:Предприятие 8 (1С:Кәсіпорын 8-ді) мынадай әртүрлі салаларда қолдануға мүмкіндік береді:

  • өндірістік және сауда кәсіпорындарын, бюджеттік және қаржы ұйымдарын, қызмет көрсету саласындағы кәсіпорындарды және т.б. автоматтандыру;
  • кәсіпорынды жедел басқаруды қолдау;
  • ұйымдық және шаруашылық қызметті автоматтандыру;
  • бірнеше шот жоспарымен және ерікті есепке алу өлшемімен бухгалтерлік есепке алуды жүргізу, регламенттелген есептілік;
  • басқарушылық есепке алу мен талдамалық есептілікті құру үшін кең мүмкіндіктер, көп валюталық есепке алуды қолдау;
  • жоспарлау, бюджеттеу және қаржылық талдау міндеттерін шешу;
  • жалақыны есептеу және персоналды басқару;
  • басқа қолданылу салалары.

Технологиялық тұғырнама

1С:Предприятие 8 (1С:Кәсіпорын 8) тұғырнамасы 1С:Предприятие 7.7 (1С:Кәсіпорын 7.7) бағдарламалар жүйесін қолдану тәжірибесін ескере отырып құрылды. 2003 жылдан беру тұғырнама белсенді дамуды көрсетіп келеді. Тұғырнаманың негізгі міндеті қолданбалы шешімдерді әзірлеушілерге әзірлеу ортасын (framework) ұсыну болып табылады. Тұғырнама әзірлеушілерге қолданбалы шешімдерді әзірлеу және пайдалану кезінде абстракция деңгейін жоғарылатуды қамтамасыз етеді. Бұл техникалық және төмен деңгейлі ұғымдардан анағұрлым мазмұнды және жоғары деңгейлі ұғымдарға өтуге мүмкіндік береді. Осы ұғымдарды пайдаланушылар мен нысаналы саладағы мамандардың тіліне жақындатуға мүмкіндік береді. Сайып келгенде, бұл қолданбалы шешімді әзірлеу мен оны сүйемелдеуді едәуір жылдамдатып, біріздендіреді. Сонымен бірге тұғырнама өнімділікке, эргономикаға, функционалдылыққа және тағы сол сияқты мәселелерге қатысты дәстүрлі міндеттерді де шешеді.



Қолданбалы шешімдер

Тираждық қолданбалы шешімдер нақты сектордың коммерциялық кәсіпорындарында және бюджеттік ұйымдарда есепке алу мен басқарудың үлгілік міндеттерін автоматтандыруға арналған. Салалық және өңірлік қолданбалы шешімдер кәсіпорындар қызметінің жекелеген бағыттарын немесе салаларын автоматтандыруға арналған. Олардың бәрі "1С:Совместимо" (1С:Үйлесімді) талаптарына сертификатталған. Әрбір бағдарламалық өнімде стандартты шешімдерді (барлық немесе бірнеше бағдарлама үшін ортақ) пайдалану және нақты бір саланың немесе кәсіпорынның қызмет түрі міндетінің ерекшелігін барынша ескеру үйлеседі. Тираждық және салалық шешімдерді әзірлеуді "Центр разработки тиражных решений - 1С:Центр Разработки" (Тираждық шешімдерді әзірлеу орталығы - 1С:Әзірлеу орталығы) мәртебесі бар 1С:Партнеры (1С:Серіктестер) орындайды



1C:Библиотека стандартных подсистем (1C:Стандартты кіші жүйелер кітапханасы)

«1C:Библиотека стандартных подсистем» (1С:Стандартты кіші жүйелер кітапханасы) (СКК) әмбебап функционалды кіші жүйелер жинағын, пайдаланушы құжаттамасы үшін дайын бөлімдерді және 1С:Предприятие (1С:Кәсіпорын) тұғырнамасында қолданбалы шешімдерді әзірлеу технологиясын ұсынады. СКК-ні қолдана отырып, қазірдің өзінде дайын базалық функционалдығы бар жаңа конфигурацияларды жылдам әзірлеу, сондай-ақ дайын функционалдық блоктарды қолданыстағы конфигурацияларға қосу мүмкін болады. 1С:Предприятие (1С:Кәсіпорын) тұғырнамасында қолданбалы шешімдерді әзірлеу кезінде СКК-ні пайдалану конфигурацияларды көбірек стандарттауға да қол жеткізуге мүмкіндік береді, бұл пайдаланылатын стандартты кіші жүйелер жинағы бойынша оларды біріздендіру есебінен қолданбалы шешімдерді зерделеу мен енгізуге жұмсалатын уақытты азайтады.

СКК-ге кіретін кіші жүйелер мынадай салаларды қамтиды:

  • Пайдаланушыларды және қол жеткізу құқықтарын әкімшілендіру;

  • Әкімшілендіру және қызмет көрсету құралдары (жаңартуларды орнату, резервтік көшірме жасау, қосымша есептер мен өңдеулер, өнімділікті бағалау және т.б.);

  • Сервистік кіші жүйелер (объектілердің өзгеру тарихы, жазбалар мен еске салғыштар, басып шығару, толықмәтіндік іздеу, қосылған файлдар, электрондық қолтаңба және т.б.);

  • Технологиялық тетіктер мен бағдарламалық интерфейстер (жалпы мақсаттағы рәсімдер мен функциялар, АБ нұсқасын жаңарту, сервис моделіндегі жұмыс және т.б.);

  • Нормативтік-анықтамалық ақпарат және сыныптауыштар (мекенжай сыныптауышы, банктер, валюталар және т.б.);

  • Басқа бағдарламалармен және жүйелермен интеграциялау (деректермен алмасу, пошта хабарларымен жұмыс істеу, SMS жіберу, есептерді жіберу және т.б.);

  • Қолданбалы кіші жүйелер және пайдаланушылардың жұмыс орындары (сауалнама жүргізу, бизнес-процестер мен міндеттер, өзара іс-қимылдар, есептердің нұсқалары және т.б.)

Барлығы СКК-ге 60-тан астам кіші жүйе кіреді. Кіші жүйелердің толық құрамы, олардың мақсаты, енгізу тәртібі және пайдалану жөніндегі ұсынымдар кітапханаға құжаттамада келтірілген (https://its.1c.kz/db/bspdoc).





Ендірулер

Ендірулер 1С:Партнеры (1С:Серіктестер) желісінің енгізу орталықтарының күшімен орындалады және кәсіпорын пайдаланушыларын жүйемен жұмыс істеуге үйретуді, сондай-ақ нақты бір кәсіпорын қызметінің ерекшеліктерін немесе тапсырыс берушінің арнайы тілектерін іске асыруды қамтиды.

Қолданбалы шешімдерді енгізу және бейімдеу тапсырыс берушінің IT-мамандарының күшімен, дербес немесе 1С:Серіктестермен өзара іс-қимыл жасай отырып та орындалуы мүмкін.

Кәсіпорынды кешенді автоматтандыру және ауқымды әрі күрделі жобаларды орындау үшін 1С:Корпоративтік шешімдер жөніндегі құзырет орталығы (1С:КОРП) және 1С:ERP-шешімдер бойынша құзырет орталығы (1С:ERP) мәртебелері бар серіктестерді шақыру ұсынылады