1С Қазақстан


Бүгінгі таңда «1С» фирмасы компаниялар тобы болып табылады, оның негізін «1С» ЖШҚ, «1С‑Софт» ЖШҚ, «Софтехно» ЖШҚ, «1С‑Образование» ҚКББ ЖББМ, «1С‑Паблишинг» ЖШҚ, «1С‑Онлайн» ЖШҚ, «1С‑БухОбслуживание» ЖШҚ және басқа да компаниялар құрайды. «ИнфоСофтПром» ЖШС (1С Қазақстан) осы компаниялар тобының құрамына кіре отырып, «1С» фирмасының мүддесін ресми түрде білдіреді және 2003 жылдан бері Қазақстан Республикасының аумағындағы «1С» бағдарламалық шешімдерінің құқық иеленушісі болып табылады.

«1С:Кәсіпорын» платформасының негізгі функциясы – жергілікті нарықтың міндеттеріне арналған қолданбалы шешімдер әзірлейтін қазақстандық IT‑компанияларға әзірлеу ортасын (framework) ұсыну.

1С платформасында іске асырылған шешімдер ауқымына өндірістік, сауда және сервистік кәсіпорындарды кешенді автоматтандыруға арналған бағдарламалар, холдингтер мен жекелеген кәсіпорындардың қаржысын басқаруға, бухгалтерлік есеп жүргізуге, жалақы есептеуге және кадрларды басқаруға, бюджеттік мекемелерде есеп жүргізуге арналған өнімдер, сондай-ақ «1С» фирмасының өзі, оның серіктестері және тәуелсіз ұйымдар әзірлеген салалық және мамандандырылған шешімдер кіреді.

1C цифрмен

Неліктен бізге сенеді

Қазақстан бойынша 1С-ті
150 000
пайдаланушы

Қазақстан бойынша
800+
1С:Франчайзи серіктес

бизнесті автоматтандыру бойынша
40+
шешім

Қазақстан нарығында
22 жыл