Методистердің блогы


Аудиторға сұрақ

03.07.2019 жылғы № 262-VI ҚР Заңын ескере отырып, ҚР Салық кодексінің 630-бабының ережелеріне сәйкес:

1. Активтер мен міндеттемелер туралы декларация ұсынылатын жылғы 1 қаңтарға мынадай:

 (01.01.2021 жылдан бастап):

1) жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдар мен олардың жұбайлары (зайыптары);

мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдар мен олардың жұбайлары (зайыптары);

мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдар мен олардың жұбайлары (зайыптары);

«ҚР-дағы сайлау туралы» ҚР Конституциялық заңына және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «ҚР-дағы банктер және банк қызметі туралы», «Сақтандыру қызметі туралы», «Бағалы қағаздар рыногы туралы» ҚР заңдарына сәйкес декларация ұсыну жөніндегі міндет жүктелген адамдар;

(01.01.2023 жылдан бастап):

2) осы тармақтың 1) тармақшасында аталған адамдарды қоспағанда, мемлекеттік мекемелердің жұмыскерлері мен олардың жұбайлары (зайыптары), сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жұмыскерлері мен олардың жұбайлары (зайыптары);

(01.01.2024 жылдан бастап):

3) осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында аталған адамдарды қоспағанда, заңды тұлғалардың басшылары мен құрылтайшылары және олардың жұбайлары (зайыптары), дара кәсіпкерлер мен олардың жұбайлары (зайыптары) болып табылатын жеке тұлғалар активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны ұсынады.

2. Егер «ҚР-дағы сайлау туралы» ҚР Конституциялық заңында және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «ҚР-дағы банктер және банк қызметі туралы», «Сақтандыру қызметі туралы», «Бағалы қағаздар рыногы туралы» ҚР заңдарында өзгеше белгіленбесе, осы баптың 1-тармағында аталған адамдар активтер мен міндеттемелер туралы декларация ұсынылатын жылдың алдындағы жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны толтырады.

ҚР Салық кодексінің 632-бабы 1-тармағының ережелеріне сәйкес:

Егер осы баптың 2-тармағында өзгеше белгіленбесе, активтер мен міндеттемелер туралы декларация:

  1. қағаз жеткізгіште тапсырылған жағдайда – декларацияны тапсыру міндеттемесі туындаған ағымдағы жылдың 15 шілдесінен кешіктірілмей;
  2. электрондық түрде тапсырылған жағдайда – декларацияны тапсыру міндеттемесі туындаған ағымдағы жылдың 15 қыркүйегінен кешіктірілмей тұрғылықты (болу) жері бойынша тапсырылады.

Жазылғанның негізінде:

Заңды тұлғалардың басшылары мен құрылтайшылары және олардың жұбайлары (зайыптары) үшін, сондай-ақ ДК мен олардың жұбайлары (зайыптары) үшін жалпыға бірдей декларациялау олар 31.12.2023 жылғы жағдай бойынша осындай болған жағдайда 01.01.2024 жылдан басталады.

Егер жеке тұлға 2024 жылы, яғни 31.12.2023 жылдан кейін ДК ретінде тіркелсе не 2024 жылы заңды тұлғаның құрылтайшысы және (немесе) басшысы болса, онда мұндай жағдайда бұл тұлғалар 2025 жылдан бастап (соңғы кезең) жалпыға бірдей декларациялауға жатады, тиісінше, мұндай жағдайда бұл тұлғалар 31.12.2024 жылғы жағдай бойынша көрсеткіштерді көрсете отырып:

  • егер қағаз жеткізгіште – 15.07.2025 жылдан кешіктірмей;
  • егер электрондық түрде болса – 15.09.2025 жылдан кешіктірмей 2025 жылы 250.00 СЕН-ді ұсынуға міндетті болады.

Аудиторға сұрақ

ЖШС-де директор мен құрылтайшы – бұл бір жеке тұлға, РФ азаматы. Қазақстанда тұруға ықтиярхаты жоқ, Ресейде тұра отырып, қашықтан жұмыс істейді. Оның ЖСН-і және бейрезидент жеке тұлғаның да, ЖШС басшысының да ЭЦҚ-сы бар.

Ол 01.01.2024 жылдан бастап «Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны» (250.00 нысаны) тапсыру керек пе? СК-де заңды тұлғалардың басшылары, құрылтайшылары (қатысушылары) және дара кәсіпкерлер, сондай-ақ олардың жұбайлары (зайыптары) тапсыруға міндетті деп көрсетілген.


03.07.2019 жылғы № 262-VI ҚР Заңын ескере отырып, ҚР Салық кодексінің 630-бабының ережелеріне сәйкес:

1 қаңтарға мынадай

 (01.01.2021 жылдан бастап):

1) – жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдар мен олардың жұбайлары (зайыптары);

– мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдар мен олардың жұбайлары (зайыптары);

– мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдар мен олардың жұбайлары (зайыптары);

«ҚР-дағы сайлау туралы» ҚР Конституциялық заңына және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «ҚР-дағы банктер және банк қызметі туралы», «Сақтандыру қызметі туралы», «Бағалы қағаздар рыногы туралы» ҚР заңдарына сәйкес декларация ұсыну жөніндегі міндет жүктелген адамдар;

(01.01.2023 жылдан бастап):

2) осы тармақтың 1) тармақшасында жоғарыда аталған адамдарды қоспағанда, мемлекеттік мекемелердің жұмыскерлері мен олардың жұбайлары (зайыптары), сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жұмыскерлері мен олардың жұбайлары (зайыптары);

(01.01.2024 жылдан бастап, болашақ редакция):

3) осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында жоғарыда аталған адамдарды қоспағанда, заңды тұлғалардың басшылары мен құрылтайшылары және олардың жұбайлары (зайыптары), дара кәсіпкерлер мен олардың жұбайлары (зайыптары) болып табылатын жеке тұлғалар активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны ұсынады.

Егер «ҚР-дағы сайлау туралы» ҚР Конституциялық заңында және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «ҚР-дағы банктер және банк қызметі туралы», «Сақтандыру қызметі туралы», «Бағалы қағаздар рыногы туралы» ҚР заңдарында өзгеше белгіленбесе, осы баптың 1-тармағында жоғарыда аталған адамдар активтер мен міндеттемелер туралы декларация ұсынылатын жылдың алдындағы жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны толтырады.

2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VI ҚР Заңын ескере отырып, ҚР Салық кодексінің болашақ редакциядағы 630-бабы 2-тармағының ережелеріне сәйкес:

Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны активтер мен міндеттемелер туралы декларация ұсынылатын жылдың 1 қаңтарына мынадай жеке тұлға болып табылатын адамдар ұсынады:

2) осы баптың 4-тармағында айқындалған жағдайларда шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам;

Шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ адамдар активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны:

  1. активтер мен міндеттемелер туралы декларация ұсынылатын жылдың алдындағы жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша мемлекеттік немесе өзге де тіркеуге жататын мүлік, сондай-ақ өзі бойынша құқықтары және (немесе) мәмілелері ҚР аумағында мемлекеттік немесе өзге де тіркеуге жататын мүлік меншік құқығында болған;
  2. активтер мен міндеттемелер туралы декларация ұсынылатын жылдың алдындағы жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша ҚР аумағында тұрғын үй құрылысына қатысу үлесі болған жағдайларда ұсынады.

ҚР Салық кодексінің 632-бабы 1-тармағының ережелеріне сәйкес:

Егер осы баптың 2-тармағында өзгеше белгіленбесе, активтер мен міндеттемелер туралы декларация:

  1. қағаз жеткізгіште тапсырылған жағдайда – декларацияны тапсыру міндеттемесі туындаған ағымдағы жылдың 15 шілдесінен кешіктірілмей;
  2. электрондық түрде тапсырылған жағдайда – декларацияны тапсыру міндеттемесі туындаған ағымдағы жылдың 15 қыркүйегінен кешіктірілмей тұрғылықты (болу) жері бойынша тапсырылады.

Жазылғанның негізінде:

Заңды тұлғалардың басшылары мен құрылтайшылары және олардың жұбайлары (зайыптары) үшін, сондай-ақ ДК мен олардың жұбайлары (зайыптары) үшін жалпыға бірдей декларациялау 01.01.2024 жылдан басталады.

Сіздің құрылтайшыңыздың ҚР-дағы ЖШС-ға қатысу үлесі бар, осыған байланысты ол және оның жұбайы (зайыбы):

  • егер қағаз жеткізгіште – 15.07.2024 жылдан кешіктірмей;
  • егер электрондық түрде болса – 15.09.2024 жылдан кешіктірмей 2024 жылы 250.00 СЕН-ді ұсынуға міндетті болады.

Осы 250.00 СЕН-де 31.12.2023 жылғы жағдай бойынша көрсеткіштерді көрсету қажет болады.

Осы жауап консультацияны беру кезіне қолданылатын салық заңнамасының нормаларына, сондай-ақ болашақта қолданылатын нормаларға негізделген Консультанттың жеке кәсіби пікірін білдіреді.

07.12.2023, 10:00 «1С:Бухгалтерия для Казахстана» («Қазақстанға арналған 1С:Бухгалтерия») конфигурациясында КТС бойынша декларацияны (100.00 СЕН) толтыру кезінде кірістерді көрсету тақырыбындағы вебинар
14.12.2023, 10:00 «1С:Бухгалтерия для Казахстана» («Қазақстанға арналған 1С:Бухгалтерия») конфигурациясында КТС бойынша декларацияны (100.00 СЕН) толтыру кезінде шығыстарды көрсету тақырыбындағы вебинар
20.12.2023, 11:00 КТС-ті азайту тақырыбындағы вебинар
21.12.2023, 10:00 «1С:ERP Управление предприятием 2 для Казахстана» («Қазақстанға арналған 1С:ERP Кәсіпорынды басқару 2»-де) тіркелген активтер бойынша шегерімдерді есепке алу тақырыбындағы вебинар

22.12.2023, 11:00

«1С:Бухгалтерский учет для государственных учреждений Казахстана» («Қазақстанның мемлекеттік мекемелеріне арналған 1С:Бухгалтерлік есепке алу») конфигурациясында еңбекке уақытша қабілетсіздік кезінде демалыс күндері қалай төленеді тақырыбындағы вебинар

22.12.2023, 15:00

«1С:Бухгалтерский учет для государственных предприятий Казахстана» («Қазақстанның мемлекеттік кәсіпорындарына арналған 1С:Бухгалтерлік есепке алу») конфигурациясында салықтық есептілік нысандарында (200.00 нысаны, 100.00 нысаны) АҚС шарттары бойынша есеп айырысуларды көрсету тақырыбындағы вебинар
25.12.2023, 10:00 «1С:ERP Управление предприятием для Казахстана» («Қазақстанға арналған 1С:ERP Кәсіпорынды басқару») конфигурациясындағы көп сатылы өндіріс тақырыбындағы вебинар

26.12.2023, 15:00

«1C:CRM для Казахстана» («Қазақстанға арналған 1C:CRM»), 3.0 ред. тақырыбындағы вебинар

ҚР Еңбек кодексінің 127-бабы 2-тармағының 1) тармақшасы мен 3-тармағының ережелеріне сәйкес:

Іссапарларға жіберілетін жұмыскерлерге іссапарда болған күнтізбелік күндері үшін, оның ішінде жолдағы уақыты үшін тәуліктік төлемдер төленеді.

Жұмыскерлерді іссапарларға жіберудің шарттары мен мерзімдері еңбек, ұжымдық шарттарда немесе жұмыс берушінің актісінде айқындалады.

ҚР Еңбек кодексінің 1-бабы 1-тармағы 41) тармақшасының ережелеріне сәйкес:

Жұмыс берушінің актілері – жұмыс беруші шығаратын бұйрықтар, өкімдер, нұсқаулықтар, қағидалар, ережелер, ауысымдық кестелер, вахта кестелері, демалыс кестелері.

Өз кезегінде, ҚР Салық кодексінің 319-бабы 2-тармағы 2) тармақшасының ережелерін назарға ала отырып:

ҚР шегінен тыс жердегі іссапар бойынша іссапарда болған күнтізбелік қырық күннен аспайтын кезең ішінде іссапарда болған әрбір күнтізбелік күн үшін республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын АЕК-тің 8 еселенген мөлшерінен аспайтын тәуліктік өтемақылар жеке тұлғаның кірісі ретінде қарастырылмайды.

Баяндалғанның негізінде:

Еңбек заңнамасы жұмыскердің іссапары кезінде тәуліктік төлемдердің сомалары бойынша шектеулер белгілемейді. Жұмыс беруші Компанияның ішкі қағидаларында, ережелерінде, бұйрықтарында, өкімдерінде тәуліктік төлемдердің мөлшерін бекіту арқылы тәуліктік төлемдердің мөлшерін дербес айқындайды.

Алайда салық заңнамасы тәуліктік төлемдердің мөлшерін жұмыскердің кірісі деп танымау мақсатында ғана оны шектейді.

Демек, сіз ішкі құжаттарда тәуліктік төлемдердің кез келген мөлшерін белгілей аласыз, бірақ күнтізбелік 40 күн ішінде іссапардың әрбір күні үшін АЕК-тің 8 еселенген мөлшері шегінде ғана тәуліктік төлемдер жұмыскердің кірісі болып танылмайтынын, салық салынуға жатпайтынын және әлеуметтік төлемдерді есептеу объектісі болып табылмайтынын ескеру қажет.

Бірақ егер Компанияның ішкі құжаттарына сәйкес тәуліктік төлемдердің мөлшері АЕК-тің 8 еселенген мөлшерінен асатын болса, онда әрбір күн үшін тәуліктік төлемдердің сомасы:

  • іссапардың әрбір кфүні үшін АЕК-тің 8 еселенген мөлшері шегінде жұмыскердің кірісі деп танылмайды;
  • АЕК-тің 8 еселенген шегінен асатын сома жұмыскердің кірісі деп танылады, салық салынуға жатады және жалақыға ұқсас әлеуметтік төлемдерді есептеу объектісі болып табылады.

«Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» ҚРЗ 2-бабы 2-тармағының ережелеріне сәйкес:

Бір мезгілде мынадай шарттарға сай келген кезде:

  1. ҚР салық заңнамасына сәйкес шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимдерін қолданатын;
  2. қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінде тұрмаған;
  3. табиғи монополиялар субъектілері болып табылмайтын дара кәсіпкерлер бухгалтерлік есепті жүргізу (бастапқы құжаттарды жасаудан және сақтаудан басқа) мен қаржылық есептілік жасауды жүзеге асырмауға құқылы.

Осылайша, жоғарыда көрсетілген үш шартқа бір мезгілде сәйкес келетін дара кәсіпкерлер ғана бухгалтерлік есеп жүргізуді жүзеге асырмауға құқылы.

Тиісінше, «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» ҚРЗ-ның бухгалтерлік есепті жүргізу бөлігінде қолданылуы мен талаптары өздері қолданатын салық салу режиміне қарамастан, барлық заңды тұлғаларға қолданылады.

Демек, сіздің ЖШС-ыңыз «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» ҚРЗ талаптарына сәйкес бухгалтерлік есепті толық көлемде жүргізуді, оның ішінде кассалық операциялардың есебін жүргізуді жүзеге асыруға міндетті.