«1С:Медицина для Казахстана» («Қазақстанға арналған 1С:Медицина») сервисіндегі (med.1cfresh.kz) MadiMed жаңа бағдарламалық өнімінің пилоттық шығарылымы туралы


20.03.2024

Құрметті Қазақстандағы «1С» пайдаланушылары мен серіктестері!

«1С» фирмасының Өкілдігі пайдаланушылар мен серіктестерге «1С:Медицина для Казахстана» («Қазақстанға арналған 1С:Медицина») сервисіндегі (med.1cfresh.kz) MadiMed жаңа бағдарламалық өнімінің пилоттық шығарылымы туралы хабарлайды. «1С» фирмасының Өкілдігі пилоттық кезеңнің аяқталғаны туралы жеке ақпараттық шығарылым арқылы хабарлайтын болады.

«1С:Медицина для Казахстана» («Қазақстанға арналған 1С:Медицина») сервисіндегі (med.1cfresh.kz) MadiMed 2023 жылғы 20 наурыздан бастап қолжетімді.   

Кімге арналған

«1С:Медицина для Казахстана» («Қазақстанға арналған 1С:Медицина») сервисіндегі (med.1cfresh.kz) MadiMed денсаулық сақтау саласындағы ұйымдардың бухгалтерлік және салықтық есепке алуын автоматтандыруға арналған. Бухгалтерлік есепке алу стандарттары мен Қазақстан Республикасының ағымдағы заңнамасының талаптарына сәйкес әзірленген. Бағдарламалық өнімнің функционалдық мүмкіндіктерінің егжей-тегжейлі сипаттамасы осы ақпараттық шығарылымға 1-қосымшада келтірілген.

«1С:Медицина для Казахстана» («Қазақстанға арналған 1С:Медицина») сервисіндегі (med.1cfresh.kz) MadiMed денсаулық сақтау саласындағы әрі жекеменшік, әрі мемлекеттік ұйымдардың қажеттіліктерін ескере отырып жасалған.

«1С:Медицина для Казахстана» («Қазақстанға арналған 1С:Медицина») сервисіндегі (med.1cfresh.kz) MadiMed ауруханалар, емханалар, жекеменшік медициналық мекемелер сияқты және т.б. әртүрлі меншік және медициналық мақсат құрылымдарындағы бухгалтерлік есепке алуды оңтайландыру үшін шешімді ұсынады.

Артықшылықтары

 «1С:Медицина для Казахстана» («Қазақстанға арналған 1С:Медицина») сервисіндегі (med.1cfresh.kz) MadiMed келесі міндеттерді шешеді:

  1. таңбалау мен қадағалаудың интеграцияланған сервисімен дәрілік заттарды есепке алу;
  2. Бірыңғай фармацевтикалық ақпараттық жүйемен (БФАЖ) интеграциялау;
  3. медициналық ақпараттық жүйемен (МАЖ) интеграциялау;
  4. бюджеттік сыныптама бөлінісінде есепке алу;
  5. банктік және кассалық операцияларды есепке алу;
  6. ТМҚ мен көрсетілетін қызметтердің келіп түсуі мен өткізілуін есепке алу;
  7. тауарлық-материалдық қорларды есепке алу;
  8. тамақтануды есепке алу;
  9. жанар-жағармай материалдарын есепке алу;
  10. негізгі құралдар мен материалдық емес активтерді есепке алу;
  11. жалақыны есепке алу, кадрлық есепке алу;
  12. стандартты бухгалтерлік есепке алуды қалыптастыру;
  13. регламенттелген есеп нысандарын қалыптастыру.

«1С:Медицина для Казахстана» («Қазақстанға арналған 1С:Медицина») сервисіндегі (med.1cfresh.kz) MadiMed дәрілік заттарды сериялары мен жарамдылық мерзімдері бойынша есепке алуды, пациенттер мен аурулар тарихы бөлінісінде дәрі-дәрмектерді есептен шығаруды, Бірыңғай фармацевтикалық ақпараттық жүйемен (БФАЖ) интеграциялауды, медициналық ақпараттық жүйемен (МАЖ) интеграциялауды қоса алғанда, денсаулық сақтау саласындағы ұйымдар үшін қазіргі заманғы бухгалтерлік есепке алу стандарттары мен Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес келуге кепілдік бере отырып, бухгалтерлік есепке алудың барлық бөлімдерін толық автоматтандыруды ұсынады.

Құны

MadiMed қосымшасы «1С:Медицина для Казахстана» («Қазақстанға арналған 1С:Медицина») сервисінде (med.1cfresh.kz) қолданыстағы ITSaaS БЮДЖЕТ тарифінде қолжетімді

«1С:Медицина для Казахстана» («Қазақстанға арналған 1С:Медицина») сервисіндегі (med.1cfresh.kz) «ITSaaS БЮДЖЕТ» тарифі мыналарды қамтиды:

  • MadiMed қосымшасына қол жеткізу;
  • пайдаланушылар аттарының шектелмеген саны;
  • қосымшаға бір мезгілде 5 қосылу (сеанс);
  • 1С:АТС сайтында 1С:АТС Қазақстан БЮДЖЕТ көлеміндегі сервистік қызметтер және ақпаратқа қол жеткізу.

Тарифті кеңейту: қосымша сеанстарға жазылуларды сатып алу арқылы «ITSaaS БЮДЖЕТ» тарифінің функционалдық мүмкіндіктерін кеңейту көзделген; қосымша базаларға (қосымшаларға) жазылуларды сатып алу көзделмеген.

ITSaaS Бюджет тарифінің құны пилоттық кезең ішінде өзгермейді.

Тариф

1 айға

3 айға

6 айға

12 айға

ITSaaS Бюджет

10 000

30 000

58 000

110 000

«1С:Медицина для Казахстана» («Қазақстанға арналған 1С:Медицина») сервисі тарифтерінің құны туралы толығырақ https://med.1cfresh.kz/price сайтында жарияланған.

«1С» серіктестері қосымша төлем үшін пайдаланушыларға тарифтерде көзделген үлгілік жиынтыққа қосымша сервистерді ұсына алады.

Қолданыстағы 1С:АТС Қазақстан Бюджет ПРОФ шарты бар немесе gos.1cfresh.kz сервисінде жұмыс істейтін пайдаланушылар MadiMed-ке «1С:Медицина для Казахстана» («Қазақстанға арналған 1С:Медицина») сервисінде (med.1cfresh.kz) қолданыстағы сүйемелдеу шарты шеңберінде қосымша ақы төлеусіз қосыла алады. Ол үшін пайдаланушы өзінің қызмет көрсетуші ұйымы – «1С» серіктесіне жүгінеді. Серіктес пайдаланушыға сервисте «АТС БЮДЖЕТ ПРОФ үшін ITSaaS БЮДЖЕТ» тарифін қосады.

«1С:Медицина для Казахстана» («Қазақстанға арналған 1С:Медицина») сервисінің (med.1cfresh.kz) жұмысы бойынша сұрақтарыңызды med@1cfresh.kz электрондық мекенжайына жіберіңіздер.

MadiMed-пен жұмыс істеу бойынша сұрақтарыңызды budget@1c.kz электрондық мекенжайына жіберіңіздер.

1-қосымша

«1С:Медицина для Казахстана» («Қазақстанға арналған 1С:Медицина») сервисіндегі (med.1cfresh.kz) MadiMed функционалдық мүмкіндіктерінің сипаттамасы

«1С:Медицина для Казахстана» («Қазақстанға арналған 1С:Медицина») сервисіндегі (med.1cfresh.kz) MadiMed денсаулық сақтау ұйымдарында міндетті (регламенттелген) есептілікті дайындауды қоса алғанда, бухгалтерлік және салықтық есепке алуды автоматтандыруға арналған. Бухгалтерлік есепке алу стандарттары мен Қазақстан Республикасының ағымдағы заңнамасының талаптарына сәйкес әзірленген.

«1С:Медицина для Казахстана» («Қазақстанға арналған 1С:Медицина») сервисіндегі (med.1cfresh.kz) MadiMed әртүрлі меншік құрылымдарындағы: әрі мемлекеттік, әрі жекеменшік денсаулық сақтау ұйымдарының – ауруханалардың, емханалардың, медициналық мекемелердің және т.б. бухгалтерлік есепке алуының барлық міндеттерін шешуді қамтамасыз етеді.

Бюджеттік сыныптама бөлінісінде есепке алу

«1С:Медицина для Казахстана» («Қазақстанға арналған 1С:Медицина») сервисіндегі (med.1cfresh.kz) MadiMed мемлекеттік тапсырыстарды орындау кезінде медициналық ұйымдарды қаржылық басқарудың ашықтығы мен дәлдігін қамтамасыз ете отырып, бухгалтерлік есепке алу шоттарындағы шығыстар сыныптамасының баптары бойынша талдамалық есепке алуды жүргізу мүмкіндігімен қаржыландыру көздерінің бөлінісінде есепке алуды жүргізу мүмкіндігін ұсынады. Бұл функция ұйымдарға қаржылық ресурстарды жоспарлауды жақсарта отырып, бюджет шығындарын егжей-тегжейлі талдау мен бақылауға мүмкіндік береді.

Таңбалау мен қадағалаудың интеграцияланған сервисімен дәрілік заттарды есепке алу

«1С:Медицина для Казахстана» («Қазақстанға арналған 1С:Медицина») сервисіндегі (med.1cfresh.kz) MadiMed дәрілік заттарды қадағалаудың толық функционалын қамтамасыз етеді: атап айтқанда, ұйымда дәрілік заттарды сериялары мен жарамдылық мерзімдері бойынша есепке алуды, аурулардың тарихы бөлінісінде дәрі-дәрмектерді есептен шығаруды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Дәрілік заттарды таңбалау және қадағалау сервисімен жіксіз интеграциялау арқасында «1С:Медицина для Казахстана» («Қазақстанға арналған 1С:Медицина») сервисіндегі (med.1cfresh.kz) MadiMed  бірыңғай оператордан таңбаланған дәрілік заттармен актілерді автоматты түрде алуға, есептен шығарылатын дәрі-дәрмектерді жинақтауды жүргізуге, сондай-ақ дәрілік қорларды басқаруда қауіпсіздік пен тиімділікті қамтамасыз ете отырып, таңбаланған дәрілік заттарды айналымнан шығару туралы хабарламаны автоматты түрде қалыптастыруға және операторға жіберуге мүмкіндік береді.

Бірыңғай фармацевтикалық ақпараттық жүйемен (БФАЖ) интеграциялау

Медициналық тауарларды сатып алу және жеткізу процестерін оңтайландыру үшін біз бірыңғай дистрибьютордың БФАЖ жүйесімен интеграциялауды ұсынамыз. «1С:Медицина для Казахстана» («Қазақстанға арналған 1С:Медицина») сервисіндегі (med.1cfresh.kz) MadiMed-ті БФАЖ-бен интеграциялау арқасында бірыңғай дистрибьютордан тиеп-жөнелтілген дәрілік заттар бойынша құжаттар есепке алу жүйесіне автоматты түрде келіп түседі. Бұл денсаулық сақтау ұйымдарында дәрі-дәрмектердің бар-жоғы туралы ақпаратты тез әрі тиімді алуға, сондай-ақ сауда жабдықтарын (сканерлер мен деректерді жинау терминалдарын) пайдалана отырып, тауарды тікелей қабылдауды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Медициналық ақпараттық жүйемен (МАЖ) интеграциялау

«1С:Медицина для Казахстана» («Қазақстанға арналған 1С:Медицина») сервисіндегі (med.1cfresh.kz) MadiMed дәрілік заттардың қалдықтары бөлігінде орталықтандырылған және келісілген деректер ағынын қамтамасыз ете отырып, жетекші медициналық ақпараттық жүйелермен оңай интеграцияланады. MadiMed бағдарламалық өнімі шеңберінде қоймалар мен бөлімшелердегі қалдықтар туралы ақпаратты сыртқы жүйелерге беруге мүмкіндік беретін функционалдылық іске асырылды. Бұл мүмкіндік сериялар, жарамдылық мерзімдері, топтамалардың нөмірлері және штрихкодтар бойынша тәптіштей отырып, тауарлардың бар-жоғы туралы деректерді жіберуді, сондай-ақ номенклатуралық позицияның дәрілік зат немесе медициналық мақсаттағы бұйым болып табылатындығының-болып табылмайтындығының белгісін жіберуді қамтиды.

Банктік және кассалық операцияларды есепке алу

«1С:Медицина для Казахстана» («Қазақстанға арналған 1С:Медицина») сервисіндегі (med.1cfresh.kz) MadiMed қолма-қол және қолма-қол емес ақша қаражатының қозғалысын, оның ішінде валюталық операцияларды есепке алуды қамтамасыз етеді. Төлем тапсырмаларын, кіріс және шығыс кассалық ордерлерін енгізу мен басып шығаруға қолдау көрсетіледі. Кассалық құжаттардың негізінде қаржыландыру көздері бойынша бөле отырып, белгіленген үлгідегі кассалық кітап қалыптастырылады. Банктік шоттардағы күнделікті қалдықтарды бақылау үшін банктің үзінді көшірмесін қалыптастыру, сондай-ақ шығыстар сыныптамасының баптары бойынша банктік шоттың толық жазуын ашу мүмкіндігі бар.

«Банк-Клиент» типті бағдарламалармен ақпарат алмасу тетігі іске асырылды. DirectBank (банкпен тікелей алмасу) қосылды, бұл тікелей MadiMed-тен бір батырманы басу арқылы төлем құжаттарын банкке жіберуге және банктен үзінді көшірмелерді алуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, «1С:Медицина для Казахстана» («Қазақстанға арналған 1С:Медицина») сервисіндегі (med.1cfresh.kz) MadiMed 1С:Webkassa сервисімен интеграцияланған, ол фискалдық чектердің деректерін нақты уақыт режимінде фискалдық деректер операторының серверіне беру функциясы бар онлайн-кассалық аппарат болып табылады. Фискалдық чекті қалыптастыруға (сату, сатуды қайтару), Х-есепті басып шығаруға, Z-есепті басып шығаруға қолдау көрсетіледі.

Тауарлық-материалдық қорларды есепке алу

Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің келіп түсуі мен өткізілуі операцияларын есепке алу автоматтандырылған. Тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді сату кезінде ақы төлеуге арналған шоттар жазып беріледі, жүкқұжаттар, орындалған жұмыстардың актілері және шот-фактуралар ресімделеді. «1С:Медицина для Казахстана» («Қазақстанға арналған 1С:Медицина») сервисіндегі (med.1cfresh.kz) MadiMed-ті Электрондық шот-фактуралар (ЭШФ) және Орындалған жұмыстардың электрондық актілері (ОЖЭА) сервистерімен интеграциялау арқасында көрсетілген құжаттардың электрондық нұсқаларын тікелей «1С:Медицина для Казахстана» («Қазақстанға арналған 1С:Медицина») сервисінде (med.1cfresh.kz) алуға және қоюға болады.

Тамақтануды есепке алу

«1С:Медицина для Казахстана» («Қазақстанға арналған 1С:Медицина») сервисіндегі (med.1cfresh.kz) MadiMed тамақтануды есепке алуды тиімді жүргізуге мүмкіндік береді, бұл денсаулық сақтау мекемелерінде аса маңызды аспект болып табылады. «1С:Медицина для Казахстана» («Қазақстанға арналған 1С:Медицина») сервисіндегі (med.1cfresh.kz) MadiMed тамақтануды есепке алуды автоматтандырады және тамақтану процесін тиімді ұйымдастыру үшін қосымша мүмкіндіктерді ұсынады.

Жанар-жағармай материалдарын есепке алу

Жедел медициналық жәрдем станциялары жұмысының ерекшелігін ескере отырып, «1С:Медицина для Казахстана» («Қазақстанға арналған 1С:Медицина») сервисіндегі (med.1cfresh.kz) MadiMed-те автомобильдер мен жүргізушілер бөлінісінде ЖЖМ-ді есепке алу көзделген, бұл медициналық ұйымның бүкіл автопаркі бойынша ЖЖМ-мен қамтамасыз ету жөніндегі шығындарды тиімді басқаруға, сондай-ақ қоршаған ортаға эмиссия бойынша қажетті салықтық есептілікті қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Негізгі құралдар мен материалдық емес активтерді есепке алу

Негізгі құралдар мен материалдық емес активтерді есепке алу да Ұлттық қаржылық есептілік стандартына сәйкес іске асырылған. «1С:Медицина для Казахстана» («Қазақстанға арналған 1С:Медицина») сервисіндегі (med.1cfresh.kz) MadiMed-те активтерді есепке алу бойынша мынадай барлық негізгі операциялар автоматтандырылған: келіп түсу, есепке қабылдау, жиынтықтау, бөлшектеу, өтеусіз алу, жаңғырту, беру, есептен шығару, амортизацияны есепке жазу және түгендеу. НҚ мен МЕА амортизациясының ведомостары, айналым ведомостары, сондай-ақ қаржыландыру көздері және шығыстар сыныптамасының баптары бөлінісінде материалдық жауапты адамдар бойынша қалдықтардың ведомостары қалыптастырылады.

Кадрлық есепке алу және жалақы

«1С:Медицина для Казахстана» («Қазақстанға арналған 1С:Медицина») сервисіндегі (med.1cfresh.kz) MadiMed-те персоналдың қозғалысын есепке алу бұл ретте еңбек заңнамасы бойынша біріздендірілген нысандарды қалыптастыруды қамтамасыз ете отырып, жұмыскерлерді негізгі жұмыс орны бойынша, сондай-ақ ішкі және сыртқы қоса атқару бойынша қабылдауға мүмкіндік береді. Жұмыскердің айлықақысын есептеу еңбек өтілін ескере отырып, автоматты түрде жүреді. Еңбек өтілі өзгерген кезде айлықақының мөлшері де автоматты түрде есептеледі. Сонымен қатар, жалақыны есепке жазу кезінде «1С:Медицина для Казахстана» («Қазақстанға арналған 1С:Медицина») сервисіндегі (med.1cfresh.kz) MadiMed әртүрлі жұмыс кестелерін (бес күндік, алты күндік және ерікті кесте) ескеруге, орташа жалақы (демалыс, сырқаттану) бойынша есепке жазуларды есептеуді жүргізуге, заңнамада регламенттелген салықтарды, жарналар мен ұстап қалуларды есептеуді жүргізуге, оның ішінде атқару парақтары бойынша ұстап қалуларды жүргізуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, «1С:Медицина для Казахстана» («Қазақстанға арналған 1С:Медицина») сервисіндегі (med.1cfresh.kz) MadiMed Swift-файлдарды қалыптастыру мүмкіндігімен жалақыны қолма-қол және қолма-қол ақшасыз нысанда төлеуді жүргізуге және жарналарды, аударымдар мен ұстап қалуларды аудару үшін файлдарды қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Салықтық есепке алу

Корпоративтік табыс салығын есепке алу Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес жүргізіледі. Салықтық есепке алу деректері бойынша салықтық тіркелімдер және корпоративтік табыс салығы бойынша салық декларациясы автоматты түрде қалыптастырылады.

Бухгалтерлік есептілік

«1С:Медицина для Казахстана» («Қазақстанға арналған 1С:Медицина») сервисіндегі (med.1cfresh.kz) MadiMed пайдаланушыға ең әртүрлі бөліністерде шоттардың қалдықтары, айналымдары бойынша және өткізулер бойынша деректерді талдауға мүмкіндік беретін стандартты есептердің жинағын ұсынады. Есептерді қалыптастыру кезінде ақпаратты топтастыруды, іріктеу мен сұрыптауды баптау мүмкіндігі бар.

Міндетті (регламенттелген) есептілік нысандарын қалыптастыру

«1С:Медицина для Казахстана» («Қазақстанға арналған 1С:Медицина») сервисіндегі (med.1cfresh.kz) MadiMed салықтық есептілікті СЕӨЖ АЖ-ға немесе Салық төлеушінің кабинетіне жүктеп түсіру мүмкіндігімен қаржылық, мемлекеттік статистикалық және салықтық есептіліктің қажетті бекітілген нысандарын қалыптастыруға мүмкіндік береді.


Тізімге оралу