«Концепция прикладного решения «1С:ERP Управление предприятием для Казахстана» онлайн-курсы 2024 жылғы 08 – 12 сәуір аралығында


27.03.2024

1С Қазақстан Оқу орталығы сіздерді «Концепция прикладного решения «1С:ERP Управление предприятием для Казахстана» онлайн-курсына шақырады.

Курстың аудиториясы:

  • тапсырыс берушілердің тарапынан – компаниялардың басшылары, бөлім басшылары және енгізу үшін жауапты IT-мамандар;
  • жоба жетекшілері, компанияның ERP-ді енгізумен айналысатын IT-мамандары.

Курс кәсіпорынның қызметін автоматтандыру технологияларымен таныс және компьютермен жұмыс істеудің негізгі дағдыларын меңгерген тыңдаушыларға есептелген.

Оқыту мақсаттары:

  • тыңдаушыларға қолданбалы шешімнің мақсаты, архитектурасы және мүмкіндіктері туралы тұтас түсінік беру;
  • тыңдаушыларға жеке оқыту бағдарламасын қалыптастыруға көмектесетін қолданбалы шешім үшін оқыту курстарының жүйесі туралы ақпаратты беру.

Соның нәтижесінде тыңдаушылар:

  • қолданбалы шешімнің архитектурасын тұжырымдамалық деңгейде түсінуді үйренеді;
  • кіші жүйелердің құрамын, олардың мақсатын, кіші жүйелер арасындағы өзара байланыстарды, кіші жүйелер объектілерінің құрамын және негізгі объектілердің мақсатын зерделейді;
  • қолданбалы шешімнің негізгі есептерімен, олардың нұсқаларымен және есептердің нұсқаларын өзгерту қағидаларымен танысады.

Бағдарлама:

  1. Қолданбалы шешім туралы жалпы мәліметтер

Бөлім ERP-жүйелердің жұмыс істеу қағидаттарымен танысуға, "1С:ERP Управление предприятием для Казахстана" ("Қазақстанға арналған 1С:ERP Кәсіпорынды басқару") қолданбалы шешімінің құрылымын тұжырымдамалық ұсынуға, қолданбалы шешімде іске асырылған қағидаттар мен технологиялық ерекшеліктерге арналған. Бөлімнің құрамында мынадай тақырыптар қаралады:

  • ERP-жүйелердің мақсаты.
  • "1С:ERP Управление предприятием для Казахстана" ("Қазақстанға арналған 1С:ERP Кәсіпорынды басқару") қолданбалы шешімінің тұжырымдамасы.
  1. Қолданбалы шешімнің архитектурасы

Бөлім тыңдаушыларға кіші жүйелердің тізбесімен және кіші жүйелер арасындағы өзара іс-қимыл жасау мәселелерімен танысуға мүмкіндік береді. Әрбір кіші жүйе үшін бөлімде мақсаты, функционалдық моделі, негізгі объектілері және функционалды іске асыру ерекшеліктері қаралады. Бөлімнің құрамында мынадай кіші жүйелер қаралады:

  • Нормативтік-анықтамалық ақпарат.
  • Жоспарлау.
  • Сатылымдар:
    • Баға белгілеу.
    • Көтерме сауда.
    • Бөлшек сауда.
  • Қажеттіліктерді қамтамасыз ету.
  • Сатып алу.
  • Қойма.
  • Өндіріс, жөндеулер.
  • Жалақы және персоналды басқару.
  • Қазынашылық.
  • Айналымнан тыс активтер.
  • Қаржылық есепке алу және шығындарды талдау. Қаржылық нәтиже.
  • Регламенттелген есепке алу.
  • Бюджеттеу.
  • Шаруашылық қызметті бақылау және талдау.

Форматы:

  • 24 академиялық сағат.
  • Оқыту форматы – онлайн-трансляция.
  • Сабақтардың күндері: 2024 жылғы 08 – 12 сәуір аралығында сағат 09:30-дан 13:00-ге дейін.
  • Курстың барысында оқыту 1С:ERP БӨ жеткізу жиынтығына кіретін демонұсқада өтеді.

Назар аударыңыздар! Курсқа өтінімдерді компаниясына 1С:ERP-ді сатып алған клиенттер мен серіктестерден қабылдаймыз.

Курстың құны: пайдаланушылар үшін 80 000 теңге; серіктес фирмалар үшін – 70 000 теңге. Курстың құнына осы курс бойынша әдістемелік материалдар қосылған.

Назар аударыңыздар! Курсқа бейнежазба 3 аптаға беріледі.

Оқыту аяқталғаннан кейін тыңдаушыларға сертификатталған курсты тыңдағаны туралы бірыңғай үлгідегі "1С" фирмасының куәлігі жіберіледі.

Оқытуға өтінімдерді https://1c.kz/training/163867/ "1С" Қазақстан сайтында толтыруды не training@1c.kz поштасы арқылы жіберуді сұраймыз.

Іс-шараны ұйымдастырушы: "1С Қазақстан" Өкілдігі.

Барлық сұрақтар бойынша +7 (7172) 95-42-40 (ішкі 5), whatsapp 8 708 921 87 72 телефоны арқылы хабарласыңыздар.


Тізімге оралу