«Управленческий учет затрат, финансовый результат в прикладном решении «1С:ERP Управление предприятием для Казахстана» онлайн-курсы 2024 жылғы 15 – 19 сәуір аралығында


27.03.2024

1С Қазақстан Оқу орталығы сіздерді «Управленческий учет затрат, финансовый результат в прикладном решении «1С:ERP Управление предприятием для Казахстана» онлайн-курсына шақырады.

Курс жоспарлау-экономикалық және қаржы қызметтерінің қызметкерлері мен басқарушылық есепке алу жөніндегі консультанттарға, сондай-ақ ERP-жүйелерді енгізу жөніндегі мамандарға арналған.

Курс басқарушылық есепке алу және басқарушылық есептілікті қалыптастыру әдістемелерімен таныс, сондай-ақ компьютермен жұмыс істеудің негізгі дағдыларын меңгерген тыңдаушыларға есептелген.

Курста тыңдаушыларды мыналар күтіп тұр:

  • кәсіпорынды басқару тұрғысынан шаруашылық қызметті жоспарлау, жедел есепке алу және талдау функционалына қатысты конфигурацияның негізгі объектілерімен танысу; олардың мақсатын түсіну, оларды интерфейсте тауып, жұмыс процесінде сауатты пайдалана білу;
  • курстың шеңберінде қаралатын кіші жүйелер арасындағы өзара байланысты түсіну;
  • қолданбалы шешімде іске асырылатын жоспарлау технологиясын меңгеру;
  • жоспарлау технологиясы шеңберінде жоспарлы көрсеткіштерді қалыптастыру тетіктерін пайдалануды үйрену;
  • басқарушылық есепке алу мақсаттары үшін кәсіпорынның активтері мен пассивтерінің бастапқы қалдықтарын енгізу қағидаттарын зерделеу;
  • ақша қаражатының, кірістердің, шығыстардың, активтер мен пассивтердің қозғалысын есепке алу үшін қажетті нормативтік-анықтамалық ақпаратты енгізу тәртібін меңгеру;
  • ақша қаражатының қозғалысын жоспарлау технологиясын меңгеру;
  • өзге кірістерді, шығыстарды, активтер мен пассивтерді есепке алу бөлігінде қолданбалы шешімнің мүмкіндіктерін зерделеу;
  • қызметтің бағыттары бойынша кірістер мен шығыстарды бөлу және қаржылық нәтижелерді қалыптастыру қағидаттарымен танысу;
  • қызметтің бағыттары бойынша кірістер мен шығыстарды бөлу тетіктерін баптау мүмкіндіктерін зерделеу;
  • бапталатын есептердің көмегімен дерекқордан қажетті мәліметтерді алуды үйрену;
  • алынатын ақпаратты талдауды үйрену;
  • жіберілген қателерді табу мен дұрыс түзетуді үйрену.

Курстың қысқаша мазмұны:

  1. Жоспарлау.
  2. Жедел есепке алудың кіші жүйелерін пайдалана отырып, басқарушылық есепке алуды жүргізу.
    • Қолданбалы шешімде іске асырылған басқарушылық есепке алу тұжырымдамасы.
    • Жедел есепке алуды ұйымдастыру.
    • Басқарушылық есепке алу үшін пайдаланылатын нормативтік-анықтамалық ақпарат.
    • Бастапқы қалдықтарды енгізу.
    • Ақша қаражатының қозғалысын (төлемдер мен түсімдер) есепке алу.
    • Тауарлық-материалдық құндылықтарды есепке алу.
    • Есеп айырысуларды есепке алу (дебиторлық және кредиторлық берешек).
    • Кірістер мен шығыстарды есепке алу.
    • Аяқталмаған өндірісті есепке алу.
    • Өзге де активтер мен пассивтерді есепке алу.
    • Қаржылық нәтижелерді қалыптастыру.
    • Басқарушылық есептілікті қалыптастыру.
  3. Шаруашылық қызметті бақылау және талдау. Кәсіпорынның нысаналы көрсеткіштерін мониторингтеу.

Форматы:

  1. 24 академиялық сағат.
  2. Оқыту форматы – онлайн-трансляция.
  3. Сабақтардың күндері: 2024 жылғы 15 – 19 сәуір аралығында сағат 09:30-дан 13:00-ге дейін.
  4. Курстың алдында компаниясына 1С:ERP-ді сатып алған қатысушыларға оқыту үшін қаңқалы базалар жіберіледі.

Назар аударыңыздар! Курсқа өтінімдерді компаниясына 1С:ERP-ді сатып алған клиенттер мен серіктестерден қабылдаймыз.

Курстың құны: пайдаланушылар үшін - 80 000 теңге; серіктес фирмалар үшін – 70 000 теңге. Курстың құнына осы курс бойынша әдістемелік материалдар қосылған.

Назар аударыңыздар! Курсқа бейнежазба 3 аптаға беріледі.

Оқыту аяқталғаннан кейін тыңдаушыларға сертификатталған курсты тыңдағаны туралы бірыңғай үлгідегі "1С" фирмасының куәлігі жіберіледі.

Оқытуға өтінімдерді "1С" Қазақстан сайтында толтыруды сұраймыз: https://1c.kz/training/163868/

Іс-шараны ұйымдастырушы: "1С Қазақстан" Өкілдігі.

Барлық сұрақтар бойынша +7 (7172) 95-42-40 (ішкі 5), whatsapp 8 708 921 87 72 телефоны арқылы хабарласыңыздар.


Тізімге оралу