«Управление производством и ремонтами в «1С:ERP Управление предприятием для Казахстана» онлайн-курсы 2024 жылғы 29 сәуір – 06 мамыр аралығында


27.03.2024

1С Қазақстан Оқу орталығы сіздерді 2024 жылғы 29 сәуір – 06 мамыр аралығында «Управление производством и ремонтами в «1С:ERP Управление предприятием  для Казахстана» онлайн-курсына шақырады.

Курс:

  • жоспарлы-диспетчерлік қызметтердің қызметкерлеріне;
  • өндірістік есепке алу жөніндегі консультанттарға арналған.

Курс тапсырыс берушілер тарапынан да, "1С:ERP Управление предприятием для Казахстана" ("Қазақстанға арналған 1С:ERP Кәсіпорынды басқару") қолданбалы шешімінің "Өндірісті басқару" кіші жүйесін енгізумен айналысатын компаниялар тарапынан да жоба жетекшілері мен жобалау командаларының мүшелеріне пайдалы болады.

Курс өндірістік жоспарлау, өндірістік операцияларды есепке алу әдістемелерімен таныс және компьютермен жұмыс істеудің негізгі дағдыларын меңгерген тыңдаушыларға есептелген.

Курста сіздерді мыналар күтіп тұр:

  • конфигурацияның өндіріс пен жөндеулерді басқару функционалына қатысты негізгі объектілерімен танысу, олардың мақсатын түсіну, оларды интерфейсте тауып, жұмыс процесінде сауатты пайдалана білу;
  • қолданбалы шешімнің негізгі есептерімен, олардың нұсқаларымен және есептердің нұсқаларын өзгерту қағидаларымен танысу;
  • курстың шеңберінде қаралатын кіші жүйелер арасындағы өзара байланыстарды түсіну;
  • қолданбалы шешімде іске асырылатын жоспарлау технологиясын меңгеру;
  • жоспарлау технологиясы шеңберінде жоспарлы көрсеткіштерді қалыптастыру тетіктерін пайдалануды үйрену;
  • өндірістік қызметті жоспарлау үшін қажетті нормативтік-анықтамалық ақпаратты енгізу тәртібін меңгеру;
  • қолданбалы шешімнің функционалына енгізілген аралықты жоспарлау технологиясымен танысу және бас диспетчер деңгейінде өндіріс кестесін диспетчерлеу тетіктерін меңгеру;
  • қолданбалы шешімнің функционалына енгізілген өндірісті диспетчерлеу қағидаттарымен танысу және жергілікті диспетчер деңгейінде диспетчерлеу құралдарын меңгеру;
  • өнімді шығару бойынша өндірістік операцияларды ресімдеу, материалдар мен жұмыстарды өндіріске беру, қызметкерлердің кесімді өндірімін көрсету және т.б. үшін пайдаланылатын құжаттармен жұмыс істеуді үйрену;
  • шығарылған өнімнің өзіндік құнын қалыптастыру үшін өндірістік шығыстарды есепке алу және бөлу қағидаттарымен танысу;
  • кәсіпорынның жөндеу қызметін жоспарлау және басқару қағидаттарымен танысу;
  • жөндеу қызметін жоспарлау үшін қажетті нормативтік-анықтамалық ақпаратты енгізу тәртібін меңгеру;
  • жөндеу қызметін жоспарлау және ұйымдастыру тетіктерін пайдалану мүмкіндіктерін зерделеу;
  • бапталатын есептердің көмегімен дерекқордан қажетті мәліметтерді алуды үйрену;
  • алынатын ақпаратты талдауды үйрену;
  • жіберілген қателерді табу мен дұрыс түзетуді үйрену.

Курстың қысқаша мазмұны:

  1. Өндірісті басқару
    • Өндірістік есепке алу тұжырымдамасы.
    • Нормативтік-анықтамалық ақпарат.
    • Өндіріс кестесін диспетчерлеу.
    • Маршруттық парақтарды диспетчерлеу.
    • Өндірістегі жедел есепке алу.
    • Өндірістегі жоспарлау мен жедел есепке алудың ерекшеліктері.
    • Алыс-беріс жасаушының өндірістік операцияларын есепке алу.
    • Қайта өңдеушінің өндірістік операцияларын есепке алу.
    • Шығындарды есепке алу және өнімнің өзіндік құнын қалыптастыру.
    • Есептілік.
  2. Жөндеулерді басқару
    • Жөндеулерді басқару тұжырымдамасы.
    • Нормативтік-анықтамалық ақпарат.
    • Пайдалану көрсеткіштерін есепке алу.
    • Жөндеу қызметін басқару.
    • Есептілік.

Форматы:

  • 32 академиялық сағат.
  • Оқыту форматы – онлайн-трансляция.
  • Сабақтардың күндері: 2024 жылғы 29 сәуір – 06 мамыр аралығында сағат 09:30-дан 14:00-ге дейін.
  • Курстың барысында оқыту 1С:ERP БӨ жеткізу жиынтығына кіретін демо-нұсқада өтеді.

Назар аударыңыздар! Курсқа өтінімдерді компаниясына 1С:ERP-ді сатып алған клиенттер мен серіктестерден қабылдаймыз. Курсқа бейнежазба жүргізілмейді және берілмейді.

Курстың құны: пайдаланушылар үшін - 83 000 теңге; серіктес фирмалар үшін – 64 000 теңге. Оқыту аяқталғаннан кейін тыңдаушыларға сертификатталған курсты тыңдағаны туралы бірыңғай үлгідегі "1С" фирмасының куәлігі жіберіледі.

Оқытуға өтінімдерді "1С" Қазақстан сайтында "1С Қазақстан" Оқу орталығының курстары мен емтихандары" бөлімінде толтыруды сұраймыз: https://1c.kz/training/163870/

Іс-шараны ұйымдастырушы: "1С Қазақстан" Өкілдігі.

Барлық сұрақтар бойынша +7 (7172) 95-42-40 (ішкі 5), whatsapp 8 708 921 87 72 телефоны арқылы хабарласыңыздар.


Тізімге оралу