"1С:Предприятие 8. Управление торговлей для Казахстана". Практическое применение типовой конфигурации. Редакция 3.4" ("Қазақстан үшін 1С:Кәсіпорын 8. Cауданы басқару". Типтік конфигурацияны практикалық қолдану. 3.4 редакциясы") атты онлайн-курс 2024 жылғы 12-16 тамыз аралығында


25.04.2024

1С Қазақстан оқу орталығы "1С" фирмасының пайдаланушылары мен серіктестерін "1С:Предприятие 8. Управление торговлей для Казахстана" (Қазақстан үшін 1С:Кәсіпорын 8". Сауданы басқару"). Типтік конфигурацияны практикалық қолдану. Редакция 3.4" атты онлайн-курсына қатысуға шақырады.

Курс "1С:Управление торговлей 8 для Казахстана", ред. 3.4. ("Қазақстан үшін 1С:Сауданы басқару 8", 3.4. редакциясы») конфигурациясын игергісі келетін пайдаланушыларға арналған. Үлгілік шешімнің мүмкіндіктерімен танысуға және онда жұмыс істеудің пайдаланушылық дағдыларын игеруге арналған. Тыңдаушылардың Microsoft Windows ортасында дербес компьютерді пайдалану дағдыларының болуын болжайды.

Курстың негізін конфигурациядағы жұмыс әдістемесін ашатын тапсырмаларды және теориялық (дәрістік) материалдарды дәйекті түрде орындай отырып, сауда компаниясын басқару жөніндегі практикум құрайды.

Курстан өту:

  • есепке алу параметрлерін бастапқы баптап орнатуды дұрыс жүргізуге;
  • мынадай:
  • көтерме сауда;
  • бөлшек сауда;
  • комиссиялық сауда;
  • ұйымдар арасында тауарларды беру операцияларын есепке алу кезінде құжат айналымын дұрыс   жүргізуге;
  • баға белгілеу жүйесін іскерлікпен пайдалануға;
  • әртүрлі есептерді қалыптастыруға және алынған ақпаратты талдауға;
  • сауда кәсіпорнының қызметін жедел, қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді жоспарлауды жүргізуге;
  • кәсіпорынның қаржылық нәтижесін бағалауға;
  • сервистік мүмкіндіктерді дұрыс пайдалана білуге мүмкіндік береді.

Осы курстың арқасында тыңдаушыларда кәсіпорынның жұмысын тиімдірек ету және экономикалық нәтижелерге қол жеткізу мүмкіндігі пайда болады.

Курстың қысқаша мазмұны:

  1. "Управление торговлей для Казахстана" ("Қазақстан үшін сауданы басқару") конфигурациясының мәні мен негізгі функционалдық мүмкіндіктері;
  2. Конфигурациямен жұмыс істеудің негізгі қағидаттары;
  3. Дайындық кезеңі;
  4. "Управление торговлей для Казахстана" ("Қазақстан үшін сауданы басқару") конфигурациясындағы баға белгілеу;
  5. Бастапқы қалдықтарды енгізу;
  6. Сатып алуды басқару. Өнім жеткізушілермен өзара есеп айырысу;
  7. Көтерме сатылымдарды басқару. Сатып алушылармен өзара есеп айырысу;
  8. Қойма операциялары;
  9. Бөлшек сауда;
  10. Комиссиялық сауда;
  11. Ұйымдар арасында тауарларды беру;
  12. Қаржылық нәтиже.

Курс шеңберінде ақшалай қаражатты жоспарлау және қамтамасыз етуді жоспарлау мәселелері де қозғалады.

Курстың ұзақтығы: 40 академиялық сағат, 5 күндік онлайн-оқыту түрінде сағат 09.30-13.30 аралығында өткізіледі.

Курс құны: пайдаланушылар үшін 72 000 теңге; серіктес фирмалар үшін – 62 000 теңге. Курстың құнына осы курс бойынша электрондық әдістемелік материалдар қосылған.

Оқудан кейін сертификатталған курстың тыңдалғаны туралы бірыңғай үлгідегі "1С" фирмасының куәлігі беріледі.

Назар аударыңыз! Курстың бейнежазбасы 3 аптаға беріледі.

Оқуға арналған өтінімдерді 1С Қазақстан сайтында "1С Қазақстан оқу орталығының курстары мен емтихандары" бөлімінде толтыруға болады: https://1c.kz/training/163873/

Іс-шараны ұйымдастырушы: "1С Қазақстан" өкілдігі.

Барлық сұрақтар бойынша +7 (7172) 95-42-40 (ішкі 5) телефоны бойынша немесе whatsapp 87089218772 хабарласуға болады.


Тізімге оралу