ТТЭҚО АЖ-мен интеграциялау туралы
«1С:Маркировка для Казахстана» («Қазақстанға арналған 1С:Таңбалау») сервисіне ТТЭҚО АЖ (https://edo.markirovka.kz/) фармакологиялық өнімді есепке алу жүйесімен интеграциялау мүмкіндігі қосылды.
Пилоттық режимде интеграция мынадай үлгілік конфигурациялардың құрамына қосылды:
- «1С:Бухгалтерия для Казахстана» («Қазақстанға арналған 1С:Бухгалтерия»), 3.0 редакциясы 3.0.57.1 нұсқасы (https://1c.kz/news/detail/165670/);
- «1С:Розница для Казахстана» («Қазақстанға арналған 1С:Бөлшек сауда»), 2.3 редакциясы 2.3.9.2 нұсқасы (https://1c.kz/news/detail/165681/).
«Дәрілік заттар» тауар тобы үшін 1С шешімдері мен ТТЭҚО АЖ-ны интеграциялау кезінде пайдаланушыларға мынадай шарттармен: ПРОФ деңгейіндегі 1С:ИТС Казахстан (1С:АТС Қазақстан) сүйемелдеу шартын жасасқан немесе «Оңтайлы», «Кеңейтілген» және «Бюджет» тарифтері бойынша «1С:Предприятие через Интернет для Казахстана» («Қазақстанға арналған 1С:Кәсіпорын Интернет арқылы») сервисіне (1cfresh.kz) қолжетімділігі бар ПРОФ және КОРП нұсқаларындағы «1С:Предприятие» («1С:Кәсіпорын») бағдарламалық өнімдерінің тіркелген пайдаланушылары үшін «1С:Маркировка для Казахстана» («Қазақстанға арналған 1С:Таңбалау») сервисінің тарифтерін пайдаланудың сынақ (жеңілдікті) кезеңі беріледі. Пайдаланушылардың осы санаты үшін «1С:Маркировка для Казахстана» («Қазақстанға арналған 1С:Таңбалау») сервисі 1 (бір) ұйым (БСН) үшін қосымша ақы төлеусіз ұсынылады. Пайдаланушылардың басқа санаттары қолданыстағы тарифтік жоспарларға сәйкес «1С:Маркировка для Казахстана» («Қазақстанға арналған 1С:Таңбалау») сервисіне қолжетімділікті сатып алуы қажет (https://1c.kz/news/detail/163100/).
Сынақ (жеңілдікті) кезеңі аяқталғаннан кейін ТТЭҚО АЖ-мен интеграциялау модулінің функционалына қол жеткізу «1С:Маркировка для Казахстана» («Қазақстанға арналған 1С:Таңбалау») сервисінің тарифтік жоспарларына сәйкес жүзеге асырылатын болады.