«1С:Предприятие 8. Бухгалтерский учет для государственных учреждений Казахстана» («1С:Кәсіпорын 8. Қазақстанның мемлекеттік мекемелеріне арналған бухгалтерлік есепке алу»). Үлгілік конфигурацияны практикалық қолдану» (қазақ тілінде) 2024 жылғы 23 – 27 қыркүйек аралығында
1С Қазақстан Оқу орталығы сіздерді «1С:Предприятие 8. Бухгалтерский учет для государственных учреждений Казахстана» («1С:Кәсіпорын 8. Қазақстанның мемлекеттік мекемелеріне арналған бухгалтерлік есепке алу»). Үлгілік конфигурацияны практикалық қолдану» (қазақ тілінде) онлайн-курсына шақырады.
Курс: Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелерінде бухгалтерлік есепке алуды жүргізудің нысаналы саласымен таныс пайдаланушыларға (қоғамдық секторға арналған Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және ҚР Қаржы министрінің 2010 жылғы 03 тамыздағы № 393 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу қағидаларына сәйкес), сондай-ақ «1С» фирмасы серіктес компанияларының мамандарына арналған.
Курстан өту тыңдаушыларға:
- «Бухгалтерский учет для государственных учреждений Казахстана» («Қазақстанның мемлекеттік мекемелеріне арналған бухгалтерлік есепке алу»), 4.0 ред. конфигурациясы жөнінде тұтас әрі дұрыс түсінік алуға, Қазақстанның мемлекеттік мекемелерінде бухгалтерлік және салықтық есепке алу міндеттерін нақты әрі жедел шешуді үйренуге;
- «1С:Предприятие 8» («1С:Кәсіпорын 8») бағдарламалар жүйесімен жұмыс істеу дағдыларын меңгеріп, бекітуге мүмкіндік береді.
Курстың ұзақтығы: 40 академиялық сағат, 23 – 27 қыркүйек аралығында сағат 09:30-дан 13:30-ға дейін 5 жұмыс күні.
Курстың қысқаша мазмұны:
- Бағдарламалық бөлік, Ақпараттық база және Конфигурация.
- «1С:Предприятие 8. Бухгалтерский учет для государственных учреждений Казахстана» («1С:Кәсіпорын 8. Қазақстанның мемлекеттік мекемелеріне арналған бухгалтерлік есепке алу») конфигурациясының негізгі функционалдық мүмкіндіктері.
- Конфигурациямен жұмыс істеу негіздері.
- «Бухгалтерский учет для государственных учреждений Казахстана» («Қазақстанның мемлекеттік мекемелеріне арналған бухгалтерлік есепке алу») конфигурациясымен жұмысты бастау.
- Шарттарды тіркеу.
- Қаржыландыру жоспары. Кірістер мен шығыстар жоспары.
- Қолма-қол және қолма-қол ақшасыз ақша қаражатын есепке алу. Есеп беретін тұлғалармен есеп айырысулар.
- Қорларды есепке алу. ЖЖМ-ді есепке алу. Бөгде ұйымдар көрсеткен қызметтерді есепке алу.
- Контрагенттермен өзара есеп айырысуларды есепке алу.
- Ұзақ мерзімді активтерді есепке алу.
- Жалақы және кадрлық есепке алу.
- Регламенттік операциялар.
- Есептер.
Курстың құны: пайдаланушылар үшін – 60 000 теңге, серіктестер үшін – 55 000 теңге. Аталған құнға осы курс бойынша электрондық әдістемелік материалдар қосылған.
Оқыту аяқталғаннан кейін тыңдаушыларға «1С» фирмасының белгіленген үлгідегі куәлігі беріледі.
Назар аударыңыз! Курстың бейнежазбасы 3 аптаға беріледі.
Оқытуға өтінімдерді «1С» Қазақстан сайтында https://1c.kz/training/165213/ толтыруды не training@1c.kz поштасы арқылы жіберуді сұраймыз.
Барлық сұрақтар бойынша мына телефон арқылы хабарласуды сұраймыз: +7 (7172) 95-42-40 (ішкі 5). WhatsApp +7 708 921 87 72.