«1С:Бухгалтерия 8 для Казахстана: первые шаги» (Қазақстанға арналған 1С:Бухгалтерия 8: алғашқы қадамдар») атты онлайн-курс 2024 жылғы 22 мен 25 шілде аралығында 1С Қазақстан Оқу орталығында
1С Қазақстан Оқу орталығы сіздерді «1С:Бухгалтерия 8 для Казахстана: первые шаги» атты онлайн-курсқа шақырады.
Ұзақтығы: 16 академиялық сағат, сағат 9:30-дан 12:30-ға дейін 4 күндік онлайн-оқыту түрінде өткізіледі. Курс орыс тілінде жүргізіледі.
Курс:
- компьютерде жұмыс істеу дағдыларын меңгерген;
- бухгалтерлік және салықтық есепке алу түрлерінің пәндік саласында білімі бар мамандарға арналған.
«1С:Бухгалтерия 8 для Казахстана: первые шаги» курсында тыңдаушыларды оқыту мақсаттары:
- «Бухгалтерия для Казахстана» («Қазақстанға арналған бухгалтерия») конфигурациясымен жұмыс істеу негіздерін зерделеу;
- практикалық жаттығулар мен қосымша практикумдарды орындау көмегімен алынған дағдыларды меңгеру және бекіту болып табылады.
Оқытудан өту нәтижесінде тыңдаушылар:
- конфигурация функционалының негізгі мүмкіндіктерін білуге және іс жүзінде қолдана алуға;
- негізгі құжаттардың, анықтамалықтардың мақсатын білуге және үлгілік есептердің көмегімен деректерді талдауды орындай алуға тиіс.
Қысқаша мазмұны:
- «1С:Бухгалтерия 8 для Казахстана» («Қазақстанға арналған 1С:Бухгалтерия 8») бағдарламасының негізгі ұғымдары
- Ақпараттық
базаны дайындау
- Бағдарламаны іске қосу
- Есепке алу параметрлерін баптау
- Шоттардың жоспарлары
- Ұйым туралы мәліметтерді енгізу
- Ұйымның есепке алу саясаты туралы мәліметтерді енгізу
- Анықтамалықтарды бастапқы толтыру
- Бастапқы қалдықтарды енгізу
- Есепке алуды
жүргізудің жалпы қағидаттары
- Кассалық операцияларды есепке алу. Есеп беретін тұлғалармен есеп айырысу
- Сауда және банк операцияларын есепке алу
- Негізгі құралдарды есепке алу
- Материалдар мен өндірісті есепке алу
- Жалақы және кадрлық есепке алу
- Кезеңнің аяқталуы
Курстың құны: 52 800 теңге – пайдаланушылар үшін, 46 200 теңге – серіктестер үшін.
Курстың құнына: осы курс бойынша электрондық әдістемелік материалдар қосылған.
Оқыту аяқталғаннан кейін тыңдаушыларға сертификатталған курсты тыңдағаны туралы бірыңғай үлгідегі «1С» фирмасының куәлігі жіберіледі.
Оқытуға өтінімдерді 1С Қазақстан сайтында толтыруды өтінеміз: https://1c.kz/training/165215/
Назар аударыңыз! Курстың бейнежазбасы 3 аптаға беріледі.
1С Қазақстан Оқу орталығының байланыстары:
Сайт: http://1c.kz/,
Пошта: training@1c.kz,
Телефон: +7 (7172) 95-42-40 (ішкі 5).
Whatsapp 8 708 921 87 72.