Онлайн-курс «Оперативное управление в «1С:Управление нашей фирмой 8 для Казахстана». Редакция 3.0» («Қазақстан үшін 1С:Біздің фирманы басқару 8». 3.0 редакциясы») 2024 жылғы 07-09 тамыз аралығында


05.07.2024

1С Қазақстан оқу орталығы серіктестер мен пайдаланушыларды «Оперативное управление в «1С:Управление нашей фирмой 8 для Казахстана». Редакция 3.0» («Қазақстан үшін 1С:Біздің фирманы басқару 8» 3.0 редакциясы») атты сертификатталған базалық онлайн-курсына шақырады.

«1С:Управление нашей фирмой 8» («1С:Біздің фирманы басқару 8») - шағын бизнес кәсіпорындарындағы басқарудың түйінді процестерін автоматтандыруға арналған дайын шешім: есеп, бақылау, талдау, жоспарлау. Бағдарлама меншік иелері мен басшыларға басқару құралдарының кең спектрін ұсыну арқылы компанияның жұмыс тиімділігін арттыруға көмектеседі (өнім туралы толығырақ ақпаратты http://www.v8.1c.ru/small.biz/ қараңыз).

Мақсаты: мамандарды, басшыларды және иелерді өз компанияларын тиімді басқару үшін бағдарламаны пайдалануға, сондай-ақ шағын бизнес кәсіпорындарында «1С:Управление нашей фирмой 8»  («1С: біздің фирманы басқару 8») бағдарламасын пайдалана отырып, басқарушылық есепке қою және оны автоматтандыру бойынша қызметтер көрсетуге жылдам даярлауды қамтамасыз ету.

Курс:

  • шағын бизнес кәсіпорындарында басқарушылық есепке қою және оны автоматтандыру бойынша қызметтер көрсетуге бағдарланған франчайзи-фирмалардың мамандарына;
  • шағын бизнес– сервистік, өндірістік және сауда компанияларының, сондай-ақ жобалық және мердігерлік жұмыстарды орындауға маманданған компаниялардың иелері мен директорларына;
  • өндірістік, өткізу және жабдықтау қызметін жедел басқаруға жауапты менеджерлерге арналған.

Курсты аяқтаған кезде сіз:

  • «1С:Управление нашей фирмой 8» («1С:Біздің фирманы басқару 8») жаңа үлгілік шешімінің функционалдық мүмкіндіктері мен қолдану салалары туралы толық түсінікке ие боласыз;
  • бағдарламалаусыз пайдаланушы режимінде «1С:Управление нашей фирмой 8» (1С:Біздің фирманы басқару 8) өз бетінше баптап орнату дағдыларына ие боласыз;
  • шағын бизнес кәсіпорындарының қаржылық, өндірістік, жабдықтау және өткізу қызметін есепке алу, жоспарлау, бақылау және талдау үшін бағдарламаның мүмкіндіктерін тиімді пайдалануды үйренесіз;
  • клиенттік базамен тұрақты жұмысты қалай ұйымдастыруға және әзірленген регламентті бағдарлама құралдарымен қалай бекітуге болатындығын білесіз;
  • шағын бизнес міндеттерін шешу үшін қажетті көлемде жоспарлау және бюджеттеу технологияларын меңгересіз;
  • бағдарлама мүмкіндіктері арқылы қызметкерлердің жұмысын бақылай білесіз және қызметкерлерді ынталандырудың әртүрлі мотивациялық схемаларын қалыптастырасыз.

Ұзақтығы: 24 академиялық сағат, 3 күндік онлайн оқыту түрінде сағат 09:30-дан 13:30-ға дейін өткізіледі, өз бетінше жұмыс істеу уақыты – сағат 14:00-ден 18:00-ге дейін.

Қысқаша мазмұны:

Кәсіпорынды басқарудың классикалық циклі және оны «1С:Управление нашей фирмой 8» (1С:Біздің фирманы басқару 8) бағдарламасында іске асыру.

Негізгі бизнес-процестерді автоматтандыру

  • тапсырыстарды және клиенттік базаны басқару;
  • клиенттердің өтініштері мен қажеттіліктерін тіркеу;
  • сатып алушылардың жолданымдары бойынша іс-қимылдардың орындалуын жоспарлау және бақылау;
  • сатып алушылардың қажеттіліктерін талдау (тапсырыстар бойынша);
  • сатып алушылардың тапсырыстарын орындау: есепке алу және жоспарлау;
    • өнімді өндіру және іске асыру;
    • тауарларды өткізу;
    • жұмыстар орындау;
    • қызметтер көрсету;
  • тапсырыстардың орындалуын бақылау, клиенттің тапсырыстың орындалу сапасын бағалауы;
  • сатылымдарды талдау;
  • клиенттермен өзара қарым-қатынастарды басқару (CRM);
    • клиенттік базаны сегменттерге бөлу, компания үшін барынша тиімді сатып алушылар топтарын айқындау;
    • сатып алушымен өзара қарым-қатынас тарихын жүргізу, байланыс ақпаратын сақтау.

Негізгі бизнес-процестерді қамтамасыз ету

  • өнімдер, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер, тауарлар туралы деректерді есепке алу;
  • баға белгілеу, бағалар тізімін автоматты түрде жасау;
  • өнім шығаруды есепке алу және бұйымдарды жинақтау;
  • шикізат пен материалдарға өндіріс қажеттіліктерін талдау, кәсіпорын қажеттіліктері негізінде сатып алуды жоспарлау;
  • өнім жеткізушілермен жұмыс, сатып алу жоспарының орындалуын бақылау;
  • қойма қорларын жедел есепке алу.

Қаржыны басқару

  • дебиторлық және кредиторлық берешекті талдау, контрагенттермен өзара есеп айырысу;
  • қолма-қол ақшаны жедел басқару, төлем күнтізбесі;
  • шығындарды басқару, нақты өзіндік құнды есептеу: тікелей шығындар, жанама шығындар;
  • кірістер мен шығыстарды талдау;
  • басқарушылық есеп деректері бойынша алынған қаржылық есептілікті талдау – теңгерім, пайда мен залал, ақшалай қаражат қозғалысы;
  • қаржылық жоспарлау, негізгі бюджеттерді құру және олардың орындалуын бақылау.

Дербес құрамды басқару

  • кәсіпорын қызметкерлері туралы мәліметтерді есепке алу;
  • дербес құрамның жұмысын жоспарлау, жұмыс тапсырмалары, сыртқы және ішкі міндеттер;
  • міндеттер мен тапсырмалардың орындалуын талдау;
  • дерпбес құрамның жүктелуін бақылау, жұмыс күнтізбелері;
  • қызметкерлердің жұмыс уақытын есепке алу;
  • еңбекақы төлеудің мерзімді және келісімді жүйесі;
  • дербес құрамның қаржылық уәждемесін басқару, нәтиже бойынша төлем, KPI.

Оқудан кейін тыңдаушыға «1С» фирмасының осы оқу курсынан өткені туралы куәлігі беріледі.

Құны:

  • серіктестер үшін 52 000 теңге;
  • пайдаланушылар үшін 57 000 теңге.

Құнына осы курс бойынша электрондық әдістемелік материалдар қосылған.

Назар аударыңыздар! Курс бейнежазбалары 3 аптаға беріледі!

Іс-шараны ұйымдастырушы: 1С Қазақстан оқу орталығы.

Оқуға арналған өтінімдерді 1С Қазақстан сайтында «1С Қазақстан оқу орталығының курстары мен емтихандары» бөлімінде толтыруды сұраймыз: https://1c.kz/training/165217/

1С Қазақстан оқу орталығының байланыстары: Сайт: http://1c.kz/ Пошта: training@1c.kz

Whatsapp: 8 708 921 8772

Барлық сұрақтар бойынша +7-7172-95-42-40 (ішкі 5) хабарласуға болады.


Тізімге оралу