Онлайн-курс «Использование прикладного решения «1С:Розница 8 для Казахстана», ред. 2.3» («Қазақстан үшін 1С:бөлшек сауда 8» қолданбалы шешімді пайдалану», 2.3 ред.») 2024 жылғы 09-12 қыркүйек аралығында
1С Қазақстан Оқу орталығы серіктестер мен пайдаланушыларды «Использование прикладного решения «1С:Розница 8 для Казахстана», ред. 2.3» («Қазақстан үшін 1С:бөлшек сауда 8» қолданбалы шешімді пайдалану», 2.3 ред.») атты сертификатталған онлайн-курсына шақырады.
Оқыту мақсаты:
- «1С: Розница 8 для Казахстана» («Қазақстан үшін 1С:Бөлшек сауда 8») - ақпараттық базаны құрудан бастап сауда қызметінің қаржылық нәтижелерін талдауға дейін жұмыс істеу бойынша практикалық дағдыларды игеру.
Курс:
- дүкенді автоматтандыру процесін өз бетінше басқаратын және бақылайтын дүкендер директорларына;
- бағдарламаны қажетті көлемде игергісі келетін және басқа қызметкерлерді (әкімшілер, кассирлер, қоймашылар) оқытуға әзірленіп жүрген дүкендер менеджерлеріне;
- автоматтандыру құралдарын пайдалана отырып, өз идеяларын барынша іске асыруға ұмтылатын маркетологтарға;
- сауда ұйымдарында жұмыс істеуді жоспарлап отырған экономикалық мамандықтар студенттеріне арналған.
Ұзақтығы: 20 академиялық сағат, 4 күндік онлайн-оқыту түрінде сағат 09:30-ден 12:30-ге дейін өткізіледі.
Курстың мазмұны:
- КОНФИГУРАЦИЯ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТТЕР.
- АҚПАРАТТЫҚ БАЗАНЫ БАСТАПҚЫ ТОЛТЫРУ.
- Ақпараттық базаны бастапқы орнату;
- Анықтамалық ақпаратты толтыру;
- Ұйым туралы деректерді енгізу;
- Бөлшек желі туралы деректерді енгізу;
- Номенклатура туралы ақпаратты енгізу;
- Бастапқы қалдықтарды енгізу.
- БАҒА САЯСАТЫН АЙҚЫНДАУ.
- Баға белгілеу қағидалары;
- Баға түрлері;
- Дүкенде қолданылатын жеңілдіктерді (үстемелерді) белгілеу;
- Баға белгілеу туралы есептер.
- САТЫП АЛУДЫ БАСҚАРУ.
- Өнім жеткізушілер туралы ақпаратты жүргізу;
- Өнім жеткізушілерге тапсырыстарды қалыптастыру және өңдеу, өнім жеткізушілерге тапсырыстарды төлеу;
- Тауардың қоймаға түсуі. Тауарды жеткізушіге қайтару;
- Тауарды дүкен қоймаларына бөлу;
- Сатып алу туралы есептер.
- КЖО (Кассирдің жұмыс орны) ИНТЕРФЕЙСІНДЕ БӨЛШЕК САТЫЛЫМДАРДЫ РЕСІМДЕУ.
- МЕНЕДЖЕР РЕЖИМІНДЕ БӨЛШЕК САТЫЛЫМДАРДЫ РЕСІМДЕУ.
- ЖИЫНТЫҚТАРМЕН ЖӘНЕ ЖИНАҚТАУЫШТАРМЕН ЖҰМЫС.
- ДҮКЕНДЕ ТҮГЕНДЕУ ЖҮРГІЗУ.
- ТАУАРДЫ КӨТЕРМЕ САТУ.
- СЫЙЛЫҚ СЕРТИФИКАТТАРЫН, ЖЕҢІЛДІК КАРТАЛАРЫН ПАЙДАЛАНУ.
- ӨЗІНДІК ҚҰНЫН ЕСЕПТЕУ ЖӘНЕ БЕЛГІЛЕУ, ЖАЛПЫ ПАЙДАНЫ БАҒАЛАУ.
Оқудан кейін тыңдаушыға «1С» фирмасының осы оқу курсынан өткені туралы куәлігі беріледі.
Құны:
- серіктестер үшін 50 000 теңге;
- пайдаланушылар үшін 55 000 теңге.
Құнына осы курс бойынша әдістемелік материалдар қосылған.
Іс-шараны ұйымдастырушы: 1С Қазақстан оқу орталығы.
Оқуға арналған өтінімдерді 1С Қазақстан сайтында «1С Қазақстан оқу орталығының курстары мен емтихандары» бөлімінде толтыруды сұраймыз: https://1c.kz/training/165221/
Назар аударыңыз! Курстың бейнежазбасы 3 аптаға беріледі.
1С Қазақстан оқу орталығының байланыстары:
Сайт: http://1c.kz/
Пошта: training@1c.kz
Whatsapp: + 7 708 921 87 72
Барлық сұрақтар бойынша +7-7172-95-42-40 (ішкі. 5) телефонына хабарласуға болады.