«1С технологияларының көмегімен Қазақстан экономикасын цифрландыруға жәрдемдесу үшін экономикалық және IT-білім беруді дамыту» атты XIV ғылыми-практикалық конференция 2024 жылғы 11 қазан
Қазақстан. «1С технологияларының көмегімен Қазақстан экономикасын цифрландыруға жәрдемдесу үшін экономикалық және IT-білім беруді дамыту» атты XIV ғылыми-практикалық конференция 2024 жылғы 11 қазан
Қазақстандағы «1С» өкілдігі барлық деңгейдегі білім беру жүйесінің жұмыскерлерін және өз серіктестерін «1С технологияларының көмегімен Қазақстан экономикасын цифрландыруға жәрдемдесу үшін экономикалық және IT-білім беруді дамыту» атты XIV ғылыми-практикалық конференцияға қатысуға шақырады.
Толық ақпарат және XIV ғылыми-практикалық конференцияға тіркелу https://npk.1c.kz/ сайтында.
Конференцияның өтетін уақыты мен орны
Іс-шараның күні: 2024 жылғы 11 қазан.
Конференция күні қатысушыларды тіркеу: сағ. 08:30-да, басталуы – сағ. 09:30-да
Өтетін орны: Алматы қаласы, Сәтбаев көшесі, 29/6, «Rahat Palace» қонақүйі.
Өткізу форматы: бетпе-бет іс-шара.
Конференцияға қатысу ТЕГІН.
Конференцияға қатысу кімдерге:
- Жоғары және
орта кәсіптік, жалпы және қосымша білім беру ұйымдарының
өкілдеріне:
- оқу ұйымдарының басшылары мен әкімшілігіне;
- оқу ұйымдарының педагог қызметкерлеріне, профессор-оқытушылар құрамына;
- білім беру ұйымының немесе оның бөлімшелерінің қызметін автоматтандыру мәселелерімен айналысатын қызметкерлерге;
- өңірлік министрліктер мен білім беруді басқару органдарының өкілдеріне.
- Педагог кадрлардың біліктілігін арттыруды жүзеге асыратын институттар мен оқу-әдістемелік орталықтардың өкілдері мен қызметкерлеріне.
- Жастарға кәсіптік бағдар беру орталықтарының өкілдеріне.
- Сертификатталған оқыту орталықтарының (СОО) өкілдеріне.
- Білім беру жөніндегі құзырет орталықтарының (БҚО) өкілдеріне.
- Білім беру ұйымдарымен ынтымақтастық жасау тәжірибесі бар немесе ынтымақтастық жасауды жоспарлап отырған «1С» фирмасы серіктестерінің қызметкерлеріне пайдалы болады.
Конференцияға қатысушылар:
- тыңдау ғана емес, сонымен қатар, сұрақтар қою мүмкіндігін;
- конференцияға қатысушының куәлігін;
- «1С:Профессионал» («1С:Кәсіпқой») тестілеуінен өту мүмкіндігін алады.
Конференцияның жоспары.
Пленарлық отырыс. Пленарлық сөз сөйлеуге конференцияның барлық қатысушылары шақырылады. Кіріспе бөлік цифрлық технологияларға арналады. Білім беруді дамыту және мансапты құру үшін «1С»-тің білім беру ұйымдарымен ынтымақтастығының перспективалары айтылатын болады.
Пленарлық сөз сөйлеуден кейін 3 секция қатар жүреді.
Экономикалық пәндердің оқытушыларына арналған секция, онда 1С технологияларын пайдалана отырып, педагогикалық қызметті қолдаудың әдістемелік, ұйымдастырушылық және технологиялық құралдары талқыланады.
IT-пәндердің оқытушыларына арналған секция, онда «1С:Предприятие 8.3» («1С:Кәсіпорын 8.3») платформасы негізінде цифрлық экономика жағдайында жұмыс істеу үшін қажетті құзыреттерге ие мамандарды даярлауды технологиялық және әдістемелік қамтамасыз ету талқыланады.
Мектеп оқушыларына IT-білім беруді ұйымдастыруға арналған секция, онда бағдарламалау курстарында оқыту кезінде қосымша білім беру саласында мектеп оқушыларымен жұмыс істеудің клубтық форматтарын дамыту туралы тақырыптар трансляцияланады.
Секциялар аяқталғаннан кейін конференцияға қатысушылар арасында жүлделер ұтыс ойыны өтеді. Сауалнаманы толтырған қатысушыларға куәлік беру көзделген.
«1С:Профессионал» («1С:Кәсіпқой») тестілеуі
Іс-шара аясында білім беру ұйымдарының оқытушылары «1С:Профессионал» («1С:Кәсіпқой») емтиханын тегін тапсыра алады. Емтиханды сәтті тапсырған кезде «1С» фирмасының сертификаты беріледі. Емтиханды тапсыру үшін 2024 жылғы 04 қазанға дейін (қоса алғанда) https://1c.ru/demand/prof/demand/428751 сілтемесі арқылы өтінім беру қажет.
Конференцияны ұйымдастырушы – 1С Қазақстан
«1С» фирмасы және оның серіктестері 30 жылдан астам уақыт бойы экономикада сұранысқа ие білікті кадрларды даярлау бойынша бірлескен күш-жігерді жұмсай отырып, әртүрлі бағыттар бойынша білім беру жүйесімен ынтымақтастық жасап келеді. Ғылыми-практикалық конференциялар «1С» фирмасы өткізетін дәстүрлі, тұрақты, жыл сайынғы іс-шараларға айналды.
Жұмыстың бағыттары бойынша сөз сөйлеу тақырыбы:
1. Білім беруді дамыту және мансап құру үшін 1С технологияларын дамыту перспективалары
1.1. «1С:Предприятие 8» («1С:Кәсіпорын 8») технологиялық платформасының қазіргі заманғы IT-маман құзыреттерінің кең тобын қалыптастырудағы рөлі.
1.2. «1С:Предприятие» («1С:Кәсіпорын») платформасы және оның қолданбалы шешімдері негізінде білім алушыларды цифрлық экономиканың жағдайларына дайындауды технологиялық және әдістемелік қамтамасыз ету.
1.3. Экономиканың әртүрлі салаларындағы мамандардың цифрлық құзыреттерін қалыптастыру үшін «1С» қолданбалы шешімдерін пайдалану.
1.4. «1С» сертификатталған оқу курстарын жоғары оқу орындары мен колледждердің білім беру бағдарламаларымен интеграциялау.
1.5. Студенттің жеке жұмысын ұйымдастыру үшін «1С» технологияларын қолдану.
2. «1С» шешімдері негізінде әзірленген педагогикалық қызметті қолдаудың әдістемелік, ұйымдастырушылық және технологиялық құралдары
2.1 Оқытуда жеке білім беру траекторияларын құру кезінде «1С» цифрлық ресурстарын, шығармашылық және конструкторлық орталарын қолдану.
2.2 Мектеп оқушыларымен жұмыс істеудің клубтық форматтарын дамыту.
3 «1С» индустриясының кәсіптік білім беру жүйесіне қатысуын кеңейту үшін жағдай жасау. Білім беру ұйымдары мен жұмыс берушілердің ынтымақтастық жасау нысандарын дамыту
3.1. Кәсіптік білім беру жүйесінде оқытуға IT-саланың жұмыс істеп жүрген жұмыскерлерін тартудағы кедергілер және оларды жою тәсілдері.
3.2. «1С:Предприятие» («1С:Кәсіпорын») ортасында зерттеу құзыреттері мен технологиялық негіздерін қалыптастыру.
3.3. «1С» серіктес ұйымдарының базалық кафедралары.
3.4. Студенттік 1С:Жарыстар, «Бизнеске арналған IT-шешімдер» құзыреті бойынша WorldSkills чемпионаттары.
3.5. Білім беру процесінің заманауи модельдерін іске асыру үшін «1С» технологияларын пайдалана отырып, педагогтер мен оқытушылардың біліктілігін арттыру, оларды қайта даярлау және үздіксіз кәсіби дамыту.
3.6. «1С» фирмасының серіктестік желісі базасында оқушылардың тағылымдамалары, өндірістік және диплом алдындағы практикалары.
3.7. Жұмыс берушілер өкілдерінің қатысуымен «1С» технологияларын қолдана отырып, бітіру біліктілік жұмыстарын, магистрлік және кандидаттық диссертацияларды дайындау.
3.8. «1С» технологияларын аудиториядан тыс жұмыста және оқушылар мен студенттердің сабақтан тыс қызмет түрлерінде пайдалану.
3.9. «1С:Предприятие» («1С:Кәсіпорын») саласында құзыреті бар студенттердің іскерлік белсенділігін іске асыруға арналған инфрақұрылымды жетілдіру.
Конференция шеңберіндегі қосымша іс-шаралар
- «1С:Обновление программ» («1С:Бағдарламаларды жаңарту») сервисін баптау және қосу бойынша шеберлік сыныптары.
- «Сұрақ-жауап» айдары.
- Жүлделер ұтысы.
- Оқу орындарының оқытушылары үшін «1С:Профессионал» («1С:Кәсіпқой») тегін тестілеуі.
- Конференцияға қатысушылар үшін сәлемдемелік кофе-брейк пен түскі ас көзделген.
Конференция туралы ақпаратты жариялау
Конференцияның бағдарламасы және басқа да жедел ақпарат Қазақстандағы «1С» фирмасының сайтында https://npk.1c.kz/ мекенжайы бойынша жарияланады.
Анықтама үші байланыстар:
Ғалия Керейбаева
Бағдарлама және баяндамашылар бойынша сұрақтарды training2@1c.kz электрондық мекенжайы бойынша немесе +7 (7172) 95-42-40 (ішкі 5) телефоны арқылы қоюға болады.
Маркетинг бөлімі
Қатысушыларды тіркеу бойынша сұрақтарды marketing2@1c.kz электрондық мекенжайы бойынша қоюға болады.