2025 жылғы 01 қаңтардан бастап 1С:АТС Қазақстан БЮДЖЕТ ПРОФ құнының өзгеруі туралы
1С:АТС Қазақстан Бюджет ПРОФ бағасы 2017 жылғы сәуірден бері өзгерген жоқ және Қазақстандағы инфляция деңгейіне қарамастан тұрақты болып қалған.
Статистика комитетінің деректерін негізге ала отырып, Қазақстан Республикасы бойынша көрсетілетін қызметтер бағасының жинақталған инфляциясы 2017 жылдан 2023 жылға дейін 48,3%-ды құрады. Ақпаратты бағалау үшін Ақылы көрсетілетін қызметтердің бағалары мен тарифтерінің индексін өткен жылдың желтоқсанына желтоқсан етіп пайызбен келтіреміз.
2017 ж. |
2018 ж. |
2019 ж. |
2020 ж. |
2021 ж. |
2022 ж. |
2023 ж. |
105,9 % |
104,5 % |
100,7 % |
104,2 % |
106,5 % |
114,1 % |
112,4 % |
Коммерциялық ұйымдар үшін 1С:АТС Қазақстан шарттарының құны 16.05.2023 жылғы № 30544 ақпараттық шығарылымға сәйкес 2023 жылғы 01 шілдеден бастап өзгертілді. 1С:АТС Қазақстан Бюджет ПРОФ бағасының өсуі инфляцияның жалпы деңгейіне негізделген және қазіргі қолданыстағы бағалардың шамамен 18%-ын құрайды.
2025 жылғы қаңтардан бастап бюджеттік ұйымдарға арналған тарифтерге ұсынылған бөлшек сауда бағалары
1-кесте
Шарттың түрі:1С:АТС Қазақстан Бюджет ПРОФ
|
Шарт бойынша айлардың саны |
Ұсынылатын бөлшек сауда бағасы теңгемен, оның ішінде 12 % ҚҚС |
12 ай |
130 000 |
|
6 ай |
69 000 |
|
3 ай |
36 000 |
|
жеке шығарылым (1 ай) |
18 000 |
|
8+4 схемасы бойынша 12 ай жеңілдікті сүйемелдеу* |
71 000 |
*8+4 схемасы бойынша жеңілдікті сүйемелдеу бағдарламалық өнімді (негізгі жеткізілімді) жылдық сүйемелдеумен бірге сатып алған жағдайда қолданылады. Бұл жағдайда пайдаланушы 4 айлық жеңілдікті (тегін) сүйемелдеуді алады.
Ұсынылған бағалар "1С:Предприятие" ("1С:Кәсіпорын") бағдарламаларын пайдаланудың үлгілік шарттары кезінде қолданылады.
"1С:Предприятие" ("1С:Кәсіпорын") бағдарламаларын пайдаланудың үлгілік шарттары
- "1С:Предприятие" ("1С:Кәсіпорын") үлгілік конфигурациясын пайдалану;
- серіктестің кеңсесінен қоғамдық көлікпен пайдаланушының кеңсесіне дейінгі жол жүру уақыты бір сағаттан аспайды;
- "1С:Предприятие" ("1С:Кәсіпорынды") жаңарту және сүйемелдеу бойынша жұмыстар бір бағдарламалық өнім үшін, бір ақпараттық база үшін, пайдаланушының бір жұмыс орнында жүргізіледі;
- жұмыстарды жүргізуге арналған уақыт шығындары 1 (бір) сағаттан аспайды;
- пайдаланушының компьютерлік қамтылымы "1С:Совместимо" ("1С:Үйлесімді") жүйелік талаптарына сәйкес келеді.
Егер шарт бойынша серіктес қосымша қызметтерді көрсетсе немесе бағдарламаны пайдалану шарттары үлгілік шарттардан ерекшеленсе, шарттың құны ұсынылғаннан ерекшеленуі мүмкін. 1С:АТС Қазақстан Бюджет ПРОФ шарты бойынша сүйемелдеудің нақты құнын "1С" фирмасының қызмет көрсетуші серіктесі ғана көрсете алады.
Мемлекеттік билік органдарына, министрліктерге, әкімдіктерге, комитеттерге, мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелерге сапалы сүйемелдеуді және бағдарламалық өнімдерді енгізу, тұрақты сүйемелдеу және білікті жедел қолдау бойынша қызметтердің толық кешенін алу үшін Бюджеттік есепке алу жөніндегі құзырет орталықтары желісінің (Қазақстанға арналған БҚО) әріптестеріне хабарласуды ұсынамыз.
Жосықсыз өнім берушілердің сатып алуға қатысу тәуекелдерін азайту үшін "1С" фирмасы мемлекеттік ұйымдарға техникалық ерекшелік пен лотқа құжаттамада әлеуетті өнім берушіге қойылатын мынадай біліктілік талаптарын көрсетуді ұсынады: қолданыстағы "1С:Франчайзи" мәртебесі және "Қазақстанға арналған БҚО" мәртебесі. Әлеуетті өнім берушіге қойылатын осы біліктілік талаптары мемлекеттік ұйымдарға лицензиялық бағдарламалық қамтылымды, сапалы сүйемелдеуді және тұрақты қолдауды алуға мүмкіндік береді және біліксіз қызметтерді алу мен жосықсыз өнім берушілермен шарттарды бұзу тәуекелдерін азайтады. Бухгалтерлік, бюджеттік және кадрлық есепке алуды автоматтандыруға байланысты ауқымды жобалар мен орталықтандыруды "Қазақстанға арналған БҚО" мәртебесі бар серіктестер жүзеге асырады.
"Қазақстанға арналған БҚО" серіктестерімен жұмыс істеу артықшылықтары – бұл мынадай:
- бюджеттік сала ұйымдарының бухгалтерлік, кадрлық, басқарушылық есепке алуын автоматтандыру кезінде;
- мемлекеттік ақпараттық жүйелерді құру, сүйемелдеу жөніндегі ірі орталықтандырылған жобаларды іске асыру кезінде тәжірибелі серіктестер қызметтерінің толық және сапалы жинағын пайдалану мүмкіндігі.
"Қазақстанға арналған БҚО" штатында мемлекеттік секторға арналған конфигурациялар бойынша "1С" фирмасы сертификаттаған мамандары бар, бұл мемлекеттік ұйымдарға шарттық қатынастар кезеңінде білікті қолдауды қамтамасыз етеді, ал енгізудің үлкен тәжірибесі мәселелерді жедел шешуге мүмкіндік береді.
"Қазақстанға арналған БҚО" мәртебесі бар серіктесті Бюджеттік есепке алу жөніндегі құзырет орталықтары (БҚО) (1c.kz) сайтында таңдауға болады.
"1С:Предприятие" ("1С:Кәсіпорын") пайдаланушыларын тұрақты және үздіксіз сүйемелдеу үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету мақсатында, сондай-ақ 1С:АТС Қазақстан Бюджет ПРОФ шарттарын тұрақты әрі үзіліссіз жасасатын пайдаланушыларды көтермелеу үшін бейілділік бағдарламасы қолданылады. Осы бағдарлама бойынша пайдаланушылар 1С:АТС Қазақстан Бюджет ПРОФ кезекті шартын жасасқан кезде алдыңғы шарттың аяқталу күні мен ұзақтығына байланысты жеңілдік алады.
Түпкілікті пайдаланушылар үшін бейілділік бағдарламасы бойынша бағалар алдыңғы шарттың ұзақтығына байланысты 2-кестеде келтірілген. Кестедегі бағалар 12% ҚҚС-ты қоса алғанда, теңгемен көрсетілген.
2-кесте
|
1С:АТС Қазақстан Бюджет ПРОФ алдыңғы шартының ұзақтығы |
|||
12 ай немесе жеңілдікті 8+4 |
6 ай |
3 ай (оның ішінде жеңілдікті) |
1 ай |
|
1С:АТС Қазақстан Бюджет ПРОФ 1 айға |
15 000 |
15 600 |
16 000 |
16 600 |
1С:АТС Қазақстан Бюджет ПРОФ 3 айға |
29 600 |
31 000 |
32 000 |
33 200 |
1С:АТС Қазақстан Бюджет ПРОФ 6 айға |
56 600 |
59 400 |
61 400 |
63 600 |
1С:АТС Қазақстан Бюджет ПРОФ 12 айға |
106 600 |
111 800 |
115 800 |
119 600 |
Пайдаланушылар үшін бейілділік бағдарламасы бойынша бағаларды қолдану автоматты түрде жүзеге асырылады. Ағымдағы 1С:АТС Қазақстан Бюджет ПРОФ шарты ресімделетін тіркеу нөмірі үшін және онымен байланысты тіркеу нөмірлері үшін алдыңғы 1С:АТС шартының ұзақтығы мен аяқталу күні талданады. Егер шарттар арасында 1 ай немесе одан көп үзіліс болса, онда бейілділік бағдарламасы бойынша бағалар қолданылмайды.
1С:АТС Қазақстан Бюджет ПРОФ сүйемелдеу шартын алғаш рет ресімдейтін пайдаланушылар үшін осы хаттың 1-кестесінде көрсетілген бағалар пайдаланылады. Мұндай пайдаланушылар бейілділік бағдарламасына 1С:АТС Қазақстан Бюджет ПРОФ шартын кезекті ұзарту кезінде қатыса алады.
Пайдаланушылардан бағдарламалық қамтылымды сүйемелдеу жөніндегі қызметтерге 2025 жылға арналған бюджетті алдын ала жоспарлауды және келісуді сұраймыз.